Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет327/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   542
145-сурет. Сиыр желінінің көлденең қиын ды-

сының бейнесі: 1 - ішперде; 2 - құрсақтың ті ке еті; 

3 - құрсақтың сары шандыры; 4 - май ұлпасы; 

5 - көтерме байлам; 6 - тері; 7а - вена тамыры; 

7б - артерия тамыры; 8 - паренхима; 9 - сүт 

өзектері; 10 - цистерна (қуыс);  11-қу ыс тың емдік 

бөлігі; 12 - үрпі

28–888



434

Ем бойында да көлденең, сəулелі жəне аралас бағытта орна-

ласқан бірыңғай салалы ет қабаттары болады. Көлденең бағытта 

орналасқан ет талшықтары ем арнасы тұсында жақсы дамиды да, 

сфинктер құрады.

Жалқы немесе егіз төлдейтін жануарларда (сиыр, қой-ешкі, 

түйе, бие) шапта орналасқан 1-2 жұп без ғана дамиды. Ал көп 

төлді жануарларда (шошқа, ит, мысық, кемірушілер) 10-16 без 

дамиды да, олар жұп құрап үйектің екі жағын ала тізбектеле ор-

наласады.

Ем саны без санымен сəйкес болады. Мысалы, сиырда 4 без 

жəне соған сəйкес 4 ем болады, қой мен ешкіде – 2 без, 2 ем, 

мегежінде – 12-16 без дəл сонша ем. Дегенмен, бұл ережеден 

ауытқулар да кездеседі. Мəселен, биеде 4 без дамығанымен 2 ем 

болады, бірақ əр без өзектері сол емдерге жеке-жеке ашылады да, 

əр емде екіден үрпі болады.

Сиыр желіні үш жұп бездің бірігуі нəтижесінде пайда болады. 

Ол бездердің тек алдыңғы екеуі ғана өсіп-жетіледі де, артқы жұбы 

дамымай қалады. Желіннің артқы екі бөлігінің сыйымдылығы 

алдыңғы бөліктерінің сыйымдылығынан көбірек болады. Же-

лінде сүт ем түбінде орналасқан мықты қысқыш ет көмегімен 

сақталады. Сүттің желінде сақталуына сүт өзектерінің құрылым 

ерекшеліктері, олардың желін бөліктері мен бөлімшелерін бөліп 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет