61
Оң резус фактор əркез теріс резус фактордан басым келеді,
сондықтан соңғы фактор байқалмайды. Демек, теріс резус - фак-
торлы қанда тек бір ғана теріс факторлы генотип болады. Ал
оң резус-факторлы адамдарда геннің екі түрлі үйлесімі болуы
мүмкін: тек оң фактор, не оң жəне басылып, байқалмайтын теріс
фактор.
Егер некеде теріс резус факторлы жұбайлар тұрса, онда ба-
лада теріс резус фактор ғана болады. Ал жұбайлар қаны оң ре-
зус факторлы болса, онда бала оң немесе теріс фактормен тууы
мүмкін. Соңғы жағдайда ол ата-анасынан байқалмай келген теріс
резус факторын қабылдайды.
Қанның тобы да тұқым қуалайды. Оның генетикалық заң-
дылықтарын 10-кестеден байқауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: