Дәріс сабақтарының мазмұны І дәріс. Қазақ тілі орфографиясының даму тарихы. (1 сағат)



Pdf көрінісі
бет1/27
Дата06.01.2022
өлшемі185,64 Kb.
#16033
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
Дәріс.Орф.-пункт.



Дәріс сабақтарының мазмұны

І дәріс. Қазақ тілі орфографиясының даму тарихы. (1 сағат) 

1.Қазақ орфографиясының даму тарихы мен зерттелуіне шолу.

2.Орфография туралы жалпы түсінік.

3.Орфографияның зерттеу нысаны, ереже негіздері.

4.Орфографиялық ережелердегі өзгерістер.

Тірек   сөздер:  Орфография,   ереже,   қаулы,   орфоэпия,   принцип,   дыбыстық 

заңдар, т.б. 

                   Грек тілінде орфос- дұрыс, графос – жазамын дегенді білдіреді. 

Орфография белгілі бір тілдегі сөздердің дұрыс жазылуы туралы ережелер 

жиынтығы болып есептелінеді. Тіл жүйелі, қоғамдық құбылыс болғандықтан

жұрттың бәріне ортақ оның жазу ережелері болады. Жазу ережелерін емле 

деп атайды. Демек, қазақ тілінің орфографиясы да тілдегі сөздердің, олардың 

әр   түрлі   формаларының   біркелкі   жазылу   нормасын   белгілейді.   Бұл   бір 

жағынан,   тілдің   графикамен   де   тығыз   байланысты.   Қазақ   жазуының     ең 

бірінші   орфографиялық   ережелер   жинағы   1914   жылы   жарық   көрген.   Бұл 

орфографиялық   ережелер   1924   жылы     толықтырылды   да,   1929   жылдан 

бастап   пайдаланылды.     1929   жылдан   1940   жылға   дейін   латын   алфавитіне 

байланысты   орфографиялық   қағидалар   қолданылды.   1940   жылы   орыс 

графикасына көшумен байланысты Қаз. ССР Жоғарғы Кеңесінің Y сессиясы 

қазіргі   қазақ   орфографиясын   бекітті.   Бұған   1957   жылы   бір   рет   өзгерістер 

енгізілді. Сөйтіп,  орыс графикасы  негізіндегі қазақтың  жаңа алфавиті мен 

орфографиясының   жобасы   СССР   Ғылым   академиясының   Қазақстандағы 

филиалының қазақ тілі секторы С.А.Аманжоловтың басшылығымен жасалды 

да,   ғалым   авторлығымен   1940   жылы   латын   графикасымен   емле   ережелері 

жарық көрді. Емле ережесінің талқылауға ұсынылған ресми нұсқасы 1953 

жылы газет бетіне жарияланды. 1957 жылы үкіметтің арнайы қаулысымен 

қабылданғанға дейін аталған жоба қалың жұртшылықтың талқысына түсті. 

Пікірталастар әсіресе “Қазақстан мұғалімі”, “Социалистік құрылыс” мерзімді 

баспасөздерінде үзбей басылып отырды. Мақалалар  мен пікірталастардағы 

көзқарастарды саралай отырып, бірінші, кірме сөздер емлесіне қатысты мына 

пікірлер орыс жазуының ықпалынан шығып отырған дейміз: 

- орыс сөздерін жазуда цитаталық принципті түбегейлі қолдану, оның ішінде 

әсіресе сол тілдің қосымшасын түсіріп жазбау: секунда (секунд емес), цитата 

(цитат емес), т.б.;  - орыс тілі сөздеріне қазақ тілі қосымшаларын жалғауда ы, 

і  әріптерінің   дәнекерлігін   орынсыз   пайдаланбау;   Мыс.   фондқа,   шрифтке, 

банкке;   -   бұрыннан   дыбыстық   жағынан   игеріліп   жазылған   сөздерді, 

түпнұсқасына көшіріп жазу: ящик (жәшік емес), батист (бәтес емес), ботинки 

(бәтеңке   емес),   русь   (орыс   емес);   -   жіңішкелік   белгісіне   аяқталған   сөзге 

тәуелдік   жалғауының   ІІІ   жағын   қосқанда,   ь-белгісін   түсірмей   жазу:   Мыс. 

роль-рольі,   контроль-контрольі;   -қосар   дауыссызбен   аяқталған   орыс 

сөздеріне   қосымша   жалғағанда   бір   әріпті   түсірмей   жазу:   класс-классқа, 

конгресс-конгресске;   - орыс тілінен енген сөздің соңғы буыны жуан болса, 

жуан, жіңішке болса, жіңішке қосымша жалғау; Һ әрпі қолданылған кірме 

сөздерді   белгілеу   үшін   х   әрпін   х   арқылы   жазу   (Газет   оқушыларының 




пікірлері   //   Қаз.   мұғ.   28.03.1953);   миуа,   қиуа   сөздерін   миюа,   қиюа   деп 

орфограммалау; орыс тілінен енген сөздерді бірыңғай түпнұсқа принципімен 

жазу ( А. Ысқақов. Алфавит пен орфография ережелерінің жобасы туралы. 

Қаз. мұғ. 28.02.1953 ) сияқты пікірлер газет-журналдарда жарияланып тұрды.

          Жеке дыбыс таңбаларынан пікірдің көбі   и әрпінің емлесіне қатысты 

айтылған.   Себебі   1956   жылы   Тіл   және   әдебиет   институты   әзірлеген 

орфографияның   жаңа   жобасын   талқылауға   шақырылған   жиналыста   проф. 

М.Балақаевтың   қосарлы  ый,   ій  таңбаларының   орнына  и  әрпін   жазуды 

ұсынған   пікіріне   белгілі   ғалым   С.Аманжолов   қарсы   шығып,   “Балақаевтың 

қазақ   тіліне   шабуыл   жасауы”   деп   санауы,   бұл   орфограмманың   негізді 

қалыптасуына   кесірін   тигізді   деп   жазады   Е.Қуанов   “Қазақ   алфавиті   мен 

орфографиясын жетілдіре түсейік” атты мақаласында (Қаз. мұғ. 12.01.1956). 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет