Дәріс сабақтарының мазмұны І дәріс. Қазақ тілі орфографиясының даму тарихы. (1 сағат)


VІІІ дәріс. Бөлек жазылатын сөздер. (1 сағат)



Pdf көрінісі
бет14/27
Дата06.01.2022
өлшемі185,64 Kb.
#16033
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27
Байланысты:
Дәріс.Орф.-пункт.

VІІІ дәріс. Бөлек жазылатын сөздер. (1 сағат)

1. Күрделі сан есімдердің бөлек жазылуы.

2. Күрделі етістіктердің жазылуы.

3. Күрделі терминдердің жазылу ерекшеліктері.

4. Кісі, жер-су атауларының бөлек жазылуы.

Тірек   сөздер:  Күрделі   сөздер,   күрделі   сан   есім,   күрделі   етістік,  термин, 

компонент, идиомалық-фразалық тіркес.  

           Екі (кейде одан да көп) сөз қатар айтылып, бір ғана ұғымды білдіретін, 

яғни бір ғана затты, құбылысты, қимылды, түр-түсті, санды атайтын күрделі 

сөздердің әрбір компоненті бөлек жазылады. Олар мыналар:

         Екі зат есім қатар айтылып, бір ғана затты атап, алдыңғысы соңғысының 

тегін   (неден   жасалғанын),   неге   арналғанын,   немен   жұмыс   істейтінін   және 

өзгелерінен   ажыратылатын   белгілерін   білдірсе,   олар   бір-бірінен   бөлек 

жазылады.   Мысалы:   ағаш   шот   (ағаштан   жасалған   шот),   ат   қора   (атқа 

арналған   қора),   жел   диірмен   (желмен   жұмыс   істейтін   диірмен),   жол   азық 

(жолда жеуге арналған азық), май шам (маймен жанатын шам), шай қасық 

(шай ішкенде жұмсалатын қасық) т.б.

         Бұлардың қатарына екінші компоненті бау, айыл, жіп, сап, киім, қалта, 

май,   қағаз,   ағаш  ("өсімдік"   деген   мағынада   емес,   зат,   бұйым  жасайтын 

материал   -   "древесина"   мағынасындағы)   сияқты   зат   есімдер   мен   олардың 




түрлерін (яғни сол сөз атап тұрған заттың түрлерін) айырып атайтын сапалық 

не   қатыстық   сынды   білдіретін   есім   сөздер   жатады.   Мысалы,   бау   сөзімен 

келетін: аяқ бау, балақ бау, жел бау, қарғы бау, қармақ бау, тамақ бау деген 

күрделі   сөздердің   барлығында   да   алдыңғы   компонент   баудың   түрлерін 

атайды   (бұл   қатарға   шашбау,   белбеу   сөздері   кірмейді,   олар   кірігіп   барып, 

бірігіп кеткен сөздер, және осылайша жазылуы дәстүрге айналғандар). Сол 

сияқты: құр айыл, төс айыл, шап айыл; бас жіп, күзеу жіп, мойын жіп, өрмек 

жіп   дегендерде   алдыңғы   сөздер   айыл   мен   жіптердің   түрлерін   айырып 

атайтын анықтауыш сөздер, сондықтан бөлек жазылады.

           Екінші компоненті қағаз сөзі болып келген күрделі атаулардың

бірқатары   бір   ұғымның   (кейде   бір   құжаттың)   атын   білдіреді:   арыз,   қағаз, 

жолдама қағаз, куәлікқағаз, қатынас қағаз, мақтау қағаз, рұқсат  қағаз, талақ 

қағаз,   шақыру   қағаз.   Бұлардағы   алдыңғы   сөздер   "қағаздың"   (жазылған 

дүниенің)   неге   байланысты   не   үшін   берілетін   (жолданатын,   жазылатын) 

құжат екендігін білдіреді: рұқсат қағаз - бір нәрсеге (іс-әрекетке, затқа т.б.) 

рұқсат   ететін   құжат,   талақ   қағаз   -   көне   атау,   әйелін   талақ   еткенін 

куәландыратын қағаз т.т. Бұлардың көпшілігінің бірінші сөзі осы мағынада 

қағаз компонентінсіз-ақ қолданыла береді: жолдама, куәлік, шақыру, арыз т.т. 

Енді бірқатар тіркестерде алдыңғы компонент қағаздың сапалық не қатыстық 

сынын білдіретін анықтауыштар болып келеді: ватман қағаз, көшірме қағаз, 

қатырма   қағаз.   Бұл   көрсетілген   екі   жағдайдың   екеуінде   де   қағаз   сөзімен 

келген тіркестердің әрбір сөзі бөлек жазылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет