Тілдік- әлеуметтік біліктілігі тілді қолданушылардың басқа адамдармен,
топтармен кәсіби түсінікті және қарым-қатынас жасау деңгейі арқылы
аңғарылады.
-
Дискурстық біліктілігі мәтіндерді, тілдік материалдарды, сөйлемдер мен
тілдік бірліктерді өзара байланыстыра дұрыс, жүйелі қолдана білуінен көрінеді.
-
Стратегиялық біліктілігі бағалаушының тілді білудегі, қолданудағы
кемшіліктері мен қателіктерін, білмейтін тұстарын айқындай отырып, оларды
жетілдіруге бағытталған өзіндік ізденісімен, әрекетімен өлшенеді.
-
Мәдени- әлеуметтік біліктілігі мәдени ұлттық ерекшеліктерді сол тіл
арқылы бейнелей білуінен көрінеді.
-
Қазақ тілін меңгертудегі деңгейлердің нәтижесі мына мәселелерді
қамтиды:
-
Қарапайым және бастапқы деңгейде күтілетін нәтиже: күнделікті
жағдаяттарда қарапайым тілдік дағдыларды өз мүмкінінше пайдаланып, қазақ
тілінде қатысымға түседі.
-
Негізгі деңгейде күтілетін нәтиже: ауызша және жазбаша ақпараттар
алмасуда тілдік бірліктердідұрыс, орынды, сауатты жазады және пайдаланады.
-
Орта деңгейде күтілетін нәтиже: өз ойын әдеби тілде түсінікті әрі еркін
жеткізеді, сауатты және дұрыс жазады.
-
Ортадан жоғары деңгейде күтілетін нәтиже: қоғамдық ортада, әр түрлі
әлеуметтік жағдайларда өз көзқарасын білдіріп, оны қысқаша дәлелдеп,
қазақша тілдік қатынасты жан-жақты игереді» [7, 105-108].
Тілді меңгерудің халықаралық стандарты негізіндегі мемлекеттік тілді
«балабақша – мектеп – колледж – жоғары оқу орны» үздіксіз оқыту жүйесі
орыс тілді мектептерге 2010-2011 оқу жылынан енгізіле бастады.
Еуропалық жүйеге сәйкестендірілген тілдік деңгейлер жалпы білім беретін
орта мектептің 1-11-сыныптары бойынша сараланды. Негізгі және орта
деңгейлердің тіл игеру игерімдері айқындалды. Негізгі және орта деңгейлердегі
базалық білім мазмұны тілдік деңгейлер бойынша түзілді. Оқушының білім,
білік, дағдыларына қойылатын талаптар негізгі және орта деңгейлердің
ерекшеліктерін ескере отырып, сөйлесім әрекетінің бес түрі бойынша
сараланды. Әр сыныптағы бағдарлама материалдары тілдік бөлім, қатысымдық-
сөйлесімдік бөлім және мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі бойынша
нақтыланып ұсынылды.
Негізігі мектепте бала бастауыштан алған білімін жалғастырып, білім
мазмұнын «қоршаған орта» тақырыптары арқылы толықтырып, грамматикадан
алған білімдерін тәжірибеде дұрыс қолдануға дағдыланады. Жоғары
сыныптарда тілдік конструкцияларды сөйлеу әрекетінде еркін қолдану, тілдің
25
фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік құрылымын,
стилистикалық ерекшеліктерін танып, оны теориялық жүйелеу мен өз бетінше
сөздік қорын байыту әрекетін қамтамасыз етуі қарастырылады.
Халықаралық стандарты негізінде қазақ тілін оқытудың мақсаты – негізгі
және орта деңгейлер бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту;
оқушыны өз ойын айқын, түсінікті жеткізуге үйрету, коммуникативтік қабілеті
дамыған дара тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау.
Қазақ
тілін
оқытуда
оқушының
қатысымдық
құзыреттілігін
(компетенттілігін)
қалыптастыру
мәселесін
шешудің
алғышарты- қатысымдық құзырет минимумын ( ауқымын) анықтау.
Осы мақсатты жүзеге асырудағы оқу пәнінің міндеттері:
− оқушыларды сөйлесім әрекетінің түрлерін әлеуметтік ортада қолдана
білуге үйрету;
− оқушылардың тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;
− қарым-қатынас әдебі нормаларын меңгерту:
− күнделікті өмір жағдаяттарында қазақ тілін орынды қолдана білуге
дағдыландыру;
− оқушыны қазақ халқының мәдениетімен, әдебиетімен, ұлттық салт-
дәстүрімен таныстырып, мәдени ортада пайдалануға баулу;
− оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, іскерлік дағдыларын
жетілдіру;
− оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын дамыту, қазақ еліне,
мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.
− қазақ тілінде еркін қарым- қатынас жасауға дағдыландыру;
− өз бетінше ізденуге, қазақша тыңдаған ақпарат бойынша ой қорытып,
мәдени, ресми қатынасқа бейімдеу;
− сөздіктің көмегімен көркем шығармалардан үзінділер оқу;
− публицистикалық және ғылыми лексиканың дұрыс қолданылуын тануға
үйрету.
Мектептің негізгі орта деңгейінде меңгерілетін тілдік және қатысымдық
бірліктер 2 деңгейге жіктеліп берілген. Білім деңгейлерін ішкі кезеңдерге бөлу
білім беруді дара тұлғаға бағдарлау ұстанымына сай іске асады. Бір деңгейдің
алғашқы сатысында білім мазмұнын игере алмаған оқушы бейімдеу, дамыту,
психологиялық үйлесімділік ұстанымдары негізінде келесі сатыда тиісті
мазмұнды меңгеруге мүмкіндік алады.
Қазақ тілді емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәнінің білім мазмұны
қатысымдық-әрекеттік,
қатысымдық-функционалдық,
функционалдық
сауаттылықты қалыптастыру, ұлттық ерекшеліктерді ескеру, оқу материалдары
мазмұнының аутенттілігі, шындық өмірге сәйкестігі; оқушының тілді білу
деңгейіне сай келуі; білім мазмұнының жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның
өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен
дағдыларын қалыптастыруға бағытталған оқыту ұстанымдарын басшылыққа
ала іріктелген. Яғни:
26
-
үздіксіздік ұстанымы оқытудың барлық сатыларының арасындағы
жалғастықты әдіснама, мазмұн, әдістеме және технология сабақтастығы
тұрғысынан оқытуды қамтамасыз етеді;
-
оқытудың әрекетшілдік негіздегі ұстанымы оқушыларды оқу-
танымдық әрекетке белсенді қатыстыру арқылы жаңа білімдерді ашуын, өзін
өзі бағалау мен өз әрекетін өзі бақылай алу дағдыларының қалыптасуын
қамтамасыз етеді;
-
пәнаралық байланыс ұстанымы мәтіннен ақпаратты тауып алу тәсілі,
мәтінді мағыналық бөліктерге бөлу, негізгі және қосалқы ойды ажырата алу
және т.б. (әдебиетпен байланыс); өзектілік тәсілі, салыстыру, жүйелілік, қарсы
қою, себеп-салдарлық байланысты анықтау және т.б. (ана тілімен байланыс)
жұмыстар арқылы жүзеге асырылады;
-
түсіністік ұстанымы қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың
психологиялық-физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, психологиялық
үйлесімді жағдай тудыруға мүмкіндік жасайды. Оқушылардың қарым-қатынас
жасауына және олардың өз жетістігін сезінуіне мүмкіндік беретін тілектестік
ниетті ұстану оқу үдерісі тиімділігінің маңызды шарты болып табылады;
-
оқушылардың тұлғалық жетістіктерін ескеру ұстанымы түрлі
деңгейдегі күрделі тапсырмаларды шешуге, өздік жұмыстарды орындауға,
оқыту мотивінің тұлғалық-мәнділігін қалыптастыруға, оқытудың ұтымды
технологиясы мен оқу материалдарын таңдауға және бейімдеуге, білім
деңгейлері әртүрлі оқушылардың жоспарланған нәтижелерге жетуіне мүмкіндік
береді;
-
шығармашылық ұстанымы оқушылардың түрлі шынайы жағдаяттарда
жаңа типтегі міндеттерді өздігінен шешу қабілетін, құзыреттілікке бағытталған
тапсырмаларды орындау білігін қалыптастыруға мүмкіндік тудырады[18].
Бастауыш білім беру деңгейінде мемлекеттік тілді оқытудың
Достарыңызбен бөлісу: |