Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет21/57
Дата06.01.2022
өлшемі1,33 Mb.
#16691
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57
Байланысты:
халықаралық стандарт

Тұлғалық-бағдарлы  оқыту  ұстанымы.  Бұл  ұстанымының  мәні  – 

оқушылардың  өмірлік  іс-әрекет  тәжірибесіне  жүгіну,  әр  оқушының  өзіндік 

ерекшелігі  мен  қабілетін  және  даралығын  мойындау  (И.С.Якиманская).  Бұл 

ұстаным бойынша барлық оқыту жүйесі оқу әрекетінің субъектісі – оқушының 

даралық  сипатына,  мотивіне,  шынайы  өмірлік  қажеттілігіне,  мүмкіндігіне, 

бейімділігіне, әлеуметтік-мәдени дамуына орай құрылуы тиіс.  



Қатысымдық  (коммуникативтік)  тұрғыдан  оқыту  ұстанымы.  Бұл 

ұстанымның  негізіне  И.И.Бим,  Ф.Ш.Оразбаева,  Е.И.Пассов,  В.Л.Ляховицкий 

т.с.с.  ғалымдардың  еңбектері  басшылыққа  алынды.  Қатысымдық  тұрғыдан 

оқыту  ұстанымының  мәні  –  қоғамда,  күнделікті  өмірде  түрлі  әлеуметтік 

рөлдерді атқару, кез келген өмірлік жағдаяттар мен проблемалық мәселелерді 

38 


 


  

шешу үшін  коммуникацияның түрлі нысандарын, әдістерін қолдануға үйрету, 

қарым-қатынас жасауда мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, ұлтаралық қатынас 

тілін  және  шетел  тілін  меңгерту  болып  табылады.  Бұл  ұстаным  білім  беру 

үдерісінде  басшылыққа  алынатын  барлық  ұстанымдардың  негізіне  алынады. 

Себебі,  тілді  меңгертуде  грамматизациядан  арылуға  бірден-бір  мүмкіндік 

беретін жүйе  тілді сөйлеу  мәдениетімен,  тіл  мәдениетімен  бірлікте  қарастыру 

болып табылады.  



Тұтастық  ұстанымы.  Тұтастық  ұстанымының  оқушылардың  оқу  және 

жазудағы сауаттылығын қалыптастыруда атқаратын рөлі зор. Оқушыны оқуға 

және жазуға үйрету сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін біртұтастықта, өзара 

бірлікте  қарастырғанда  ғана  күтілгендей  нәтиже  береді.  Сол  себепті  бұл 

ұстаным «сөйлесім әрекетіне қатысты бірнеше жұмысты қатар қамтиды. Олар: 

оқу,  жазу,  ауызша  сөйлеу,  тыңдау,  қайталау,  жауап  беру.  Бұл  ұстанымның 

ерекшелігі:  бір  сабақтың  үстінде  осы  жұмыстардың  барлығын  жүйелі  түрде 

қолдана отырып, олардың арасынан  ең  басты біреуін  таңдап  алу  және  қалған 

жұмыстың  түрлерін  осыған  бағындыра  білуден  көрінеді.  Сонда  бір  сабақтың 

өзінде  ортақ  (өзек)  пайда  болады  да,  қалған  бағыттар  сол  басты  орталыққа 

жұмыс  істеу  мақсатында  жүргізіледі,  сөйтіп,  оқушының  алған  білім,  білік, 

дағдыларында тұтастық, бүтіндік пайда болады».  



Шығармашылық ұстанымы. Шығармашылық ұстанымы пәндік білім, білік, 

дағдыларды меңгертуде сабақты шығармашылық үдеріс ретінде құруды мақсат 

етеді.  Оқыту  үдерісінде  жұптық,  топтық  жұмыс  түрлеріне,  біріккен 

шығармашылық  тапсырмалар  мен  жобаларды  орындауға  үлкен  мән  беріледі. 

Белгілі бір қатысымдық міндеттерді шешу барысында оқушылардың өз тілек-

емеуріндерін  іске  асыруға  мүмкіндігі  болады.  Оқу  үдерісінде  оқушылардың 

алдыңғы  сабақтарда  алған  білім,  дағды,  біліктерін  жаңа  жағдаятта  қолдана 

алуына  қажетті  дағдылары  дамытылады.  Пәнді  интеллектуалдық  және 

шығармашылық тұрғыда меңгертуге ден қойылады.  

Әрекеттік  ұстанымы.  Сөйлесімдік  қарым-қатынас,  өз  кезегінде,  қарым-

қатынас  жасаушы  адамдардың  «әлеуметтік  әрекеттесуі»  жағдайында 

адамдардың  өз  міндеттерін  шығармашылық  әрекетпен  шешуіне  қызмет  етіп, 

«сөйлесім  әрекеті»  арқылы  іске  асатындықтан,  тілді  қатысымдық  тұрғыдан 

меңгерту  әрекетшілдік  сипатқа  ие  болады.  Жұмыс  барысында  қазақ  тілін 

қатысымға  бағыттап  оқытудың  әрекеттік  мәні  «әрекетке  негізделген 

тапсырмалар»  арқылы  іске  асырылады.  «Әрекетке  негізделген  тапсырмалар» 

жүйесі  ойын,  имитациялық  (еліктеу)  және  еркін  қарым-қатынасқа  негізделіп 

құрастырылады  және  «осы  жерде  және  дәл  қазір»  жағдайында  жүзеге 

асырылады.  Олар  тілдік  сауаттылықты  қалыптастыруға,  тілді  меңгеруге 

мүмкіндік береді.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет