бағдарламаларда білім мазмұнының құрамы мен құрылымы анықталып, әр
игерім бойынша білім мазмұны үлкен 3 аяға бөлінген:
1) әлеуметтік-тұрмыстық ая;
2) әлеуметтік-мәдени ая;
3) оқу-еңбек аясы.
Әр ая лексикалық тақырыптардан тұрады. Бұл тақырыптар оқушылардың
күнделікті өміріне жақын, олардың әр күн сайын орындайтын әрекеттеріне
байланысты таңдалады. Егер әрбір тақырып шынайы өмірмен байланысты
болып, табиғи қарым-қатынас тудыра алса, оқушылар қазақ тілін өз
әрекеттеріне сай үйренеді. Мысалы, 3-сыныпта «Әлеуметтік-мәдени аяға»
кіретін «Туған күн» атты тақырыпты өткен кезде оқушылар өздерінің туған
күні туралы айтып, қандай сыйлықтар алғанын, оларды кімдер сыйлағанын, сол
сыйлықтардың аттарын және түр-түсін сипаттайды. Сондай-ақ оқушылар бір-
біріне тілектерін, өз сезімдерін, ойларын жеткізеді. Бұл олардың тілді үйренуге
деген қызығушылығын арттырып, біліктерін дамытады.
Енді оқу бағдарламаларында [17] белгіленген аяларға кіретін тақырыптарға
көз жүгіртейік.
1-
сыныпқа арналған оқу бағдарламасында әр ая бойынша төмендегідей
тақырыптар алынған:
І. Әлеуметік-тұрмыстық ая:
1) Сәлем, менің атым – Әлібек!
2) Менің досым.
3) Аңдар.
4) Мен алтыдамын/жетідемін.
5) Робот – менің досым (бас, қол, аяқ).
ІІ. Әлеуметтік-мәдени ая:
1) Менің аулам.
2) Үзіліс. Жүр, асханаға кеттік.
3) Мынау не?
ІІІ. Оқу-еңбек аясы:
1) Сөмкеңде не бар?
2) Мектептің жүзу бассейні.
3) Кел, санайық!
2-
сыныпқа арналған оқу бағдарламасында әр ая төмендегідей
тақырыптарды қамтиды.
І. Әлеуметік-тұрмыстық ая:
1) Мен және менің отбасым.
Менің әкем мен шешем, атам мен әжем. Менің ағам/әпкем,
інім/сіңілім/қарындасым.
2) Менің қазақ достарым.
29
3) Менің киімім. Сырт киімдер. Дене мүшелері.
4) Үй жануарлары: қой/қозы, сиыр/бұзау, жылқы/құлын. Менің
күшігім/мысығым.
5) Менің сүйікті ісім.
6) Менің сүйікті ойыншығым.
ІІ. Әлеуметтік- мәдени ая:
1) Менің демалыс күнім. Жүр, «Думанға», барамыз.
2) Менің көшем.
3) Тазалықты сақтайық.
ІІІ. Оқу-еңбек аясы:
1) Апта аттары.
2) Менің оқу-құрал жабдықтарым.
3) Дүкенге барамыз.
3-
сыныпқа арналған оқу бағдарламасында әр ая бойынша төмендегідей
тақырыптар қамтылған:
Достарыңызбен бөлісу: