Медициналық физиканы жетілдірудің негізгі бағыттары
Оқу курсының мазмұнын
анықтау
Кәсіби бағытта оқыту
Оқу материалының
әдіснамалық және
дүниетанымдық аспектілерін
жүзеге асыру
Физикалық материалдарды
топтау, түрлі деңгейдегі
(клетка-тін-орган-орган жүйесі-
организм) адам организміндегі
процестердің физикалық негізі;
диагностика мен емдеудің
физикалық негізі; медицинада
қолданылатын диагностикалық
аппараттардың физикалық
негізі.
Студенттерді:
- зерттелініп отырған ағзаға
түрлі физикалық факторлардың
әсері;
- нәтижені
жалпылау
мен
салыстыру;
- диагнозға
қатысты
болжамдық гипотезаны ұсыну,
диагностика
нәтижесімен
салыстыру;
- физикалық білімді болашақ
мамандығының
түрлі
салаларында қолдана алу.
- физикалық
зерттеудің
тәсілдері
туралы,
физика
ғылымының
динамикалық
құрылымы туралы тарихи
және әдіснамалық білімді
қолдану;
- студенттер
үшін
өз
пікірінің
дұрыстығын
дәлелдеуге жағдай жасау.
15
мәселенің шешімі – болашақ маманның бағытына, арнайы даярлығына
байланысты» - делінген жоғары мектеп дидакттары еңбектерінде [63, с.28].
Жалпы теориялық дайындық кәсіби даярлық базасы болып табылады,
сондықтан ол болашақ мамандардың қалыптасуына ықпал етеді.
Оқытудың
практикамен,
практикалық
тәжірибелердің
ғылыммен
байланысы, кәсіби бағытталумен ғылымилық принциптерінің тоғысуына себеп
болды.
Студенттерді кәсіби бағытта оқытудың мәселесі - мазмұны мен құрылымы
бойынша күрделі болады. Ол болашақ маманның өз кәсібіне деген әлеуметтік
және психологиялық бағытталуы мен жоғары оқу орнындағы оқытудың
пәнаралық байланысын ұйымдастыруды қамтиды.
Енді кәсіби білім мен кәсіби дайындау деген ұғымдарға тоқталайық.
Педагогикалық ғылыми зерттеулерде, әдебиеттерде бұл ұғымдар туралы
көптеген пікірлер мен көзқарастар кездеседі. Мысалы, Ю.К. Бабанский «...
кәсіби немесе арнаулы білім деп - оқушының белгілі бір мамандық саласына
қажетті білім, ептілік және дағдылар жиынтығының белгілі бір мөлшерін...»
атаса [17, с.107], А.М. Новиков «...оқу мен тәрбиелеу нәтижесінде жеке
тұлғаның маман болып қалыптасуына ықпал ететін...» фактор ретінде
қарастырған [18, с.23]. Осы мағынадағы пікірлерді Қ. Бөлеев, А.П. Верхела,
Ж.Ж. Наурызбай және т.б. ұсынған [64-66], бірақ олардың ішінде болашақ
дәрігерлер үшін кәсіби білім туралы пікірлер кездеспеді.
Мамандарды «кәсіби дайындау» ұғымы туралы да айтылған пікірлер көп,
бірақ ол пікірлер негізінен болашақ педагог мамандар туралы айтылған [67],
мысалы В.А. Сластениннің жоғары деңгейдегі дайындыққа жету жолдарын
кәсіби педагогикалық іскерлік пен шеберлікке байланысты деп санап, оның
білімге көп байланысты екендігіне көңіл бөлген [68], С.С. Маусымбаев болашақ
жаратылыстану пәні мұғалімдерін кәсіби даярлаудың теориялық негіздерін
анықтаған [69]. Болашақ мамандарды кәсіби дайындау мәселелерін Э.А.
Байдалинова, М.И. Дьяченко, Л.А. Кандыбович, Н.Б. Жаманқұлова және
басқалары зерттеген [70-73].
Жалпы, педагогикада, кәсіби бағытта оқытуды екі тұрғыдан қарастыруға
болады. Бірінші тұрғыдан, кәсіби бағытта оқыту дегеніміз – ынта,
қызығушылық пен қабілет жүйесінің бағыты, болашақ мамандығына деген оң
көзқарасы деп түсіндіріледі. И.Н. Алешина өз еңбегінде кәсіби бағыттылудың
келесі белгілерін ұсынады: кәсіби, қоғамдық және танымдық бағытталудың
өзара байланысы; іс-әрекет мәні мен кәсіби іс-әрекет арасындағы байланыс; өз
іс-әрекетін саналы түрде сезіну және психологиялық даярлық; икемділігі мен
қабілеті негізінде өз мамандығына ауқымды тұрақты қызығушылық [63, с. 53].
Ол өз зерттеулерінде, кәсіби бағытта білім беру процесі студенттердің өзіндік
дамуындағы танымдық іс-әрекетке итермелейтін қозғаушы күш деп есептейді.
Жеке пәндерді оқытуда, кәсіби бағыттау екі компонентке: студенттің
мамандыққа және пәнге деген қарым-қатынасына тәуелді болады.
Кәсіби бағытта оқытудың екінші көрінісі, жалпы кәсіби, жалпы ғылыми
және арнайы пәндердің пәнаралық байланысы негізінде білім беру мазмұнын
құру мен өңдеу мәселесі болып табылады. А.Я. Кудрявцев өз зерттеулерінде
16
кәсіби бағытта оқыту принципі деп: кәсіби оқыту мен теориялық оқытуды;
жалпы білім беретін және арнайы пәндердің пәнаралық байланысын
ұйымдастыруды; жаратылыстану ғылымдары пәндерін оқу процесінде кәсіби
аспектілерді қолдануды талап ететінін көрсетті [74].
М.И. Махмутов өз зерттеулерінде, кәсіби бағытта оқытудың принципі
«студенттердің бағдарламада қарастырылған білім мен дағдыларын меңгеруін
қамтамассыз ететін педагогикалық құралдарын қолдануға» негізделеді деп
жазған [75]. Кәсіби бағытта оқытуды жүзеге асыратын педагогикалық құралдар
оқытудың мазмұны, формасы мен кейбір тәсілдері болып табылады. Кәсіби
бағытта оқыту принципінің жүзеге асуы – тұлғаның қалыптасуы мен кәсібилігі
арасындағы, жоғары оқу орнында оқытылатын пәндердің теориялық сипаты
мен осы теориялық білімдерді кәсіби іс-әрекетінде қолдана алу қабілеті
арасындағы қарама-қайшылықты шешеді.
Г.С. Гуторова «кәсіби бағытта білім беру дегеніміз – кәсіби білім берумен
ұштасқан ғылымның негіздерін оқыту теориясы» деген анықтама берген. Яғни,
білім алушылардың кәсіби даярлығын ғылым негіздерімен байланыстыратын
теория ретінде санаған [76].
С.Я. Батышев жоғары оқу орнындағы кәсіби бағытта оқытудың мәнін:
«Мектептегі секілді, ғылым негіздерін өзгеріссіз, толық беру, бірақ басты назар
нақты мамандықты игеру барысында алған білімді қолдануға бағытталады» -
деп жазған [77-78]. Медициналық жоғары оқу орны оқытушыларға әдістемелік
нұсқаулық ретінде «кәсіби бағытталудың принципін жүзеге асыруы, бір
жағынан, физика пәнінде оқу материалын көрнекі және дидактикалық
құралдарды қолдану болса, екінші жағынан, физика білімінің негізгі, кәсіби
маңызды элементтерін нақты мамандығында қолдана алатын тұстарын бөліп
алу болып табылады» [79].
А.П. Сейтешев өз зерттеулерінде кәсіби бағытта оқытуды күрделі
интегралды білім берудің түсінігі ретінде анықтайды, яғни адамның таңдап
алған мамандығы мен кәсіби іс-әрекетіне даярлық пен табыстылығына ықпал
етуге қатынасын сипаттайды [21, с.185].
Ал Г.А. Журавлеваның зерттеулерінде мамандыққа кәсіби бағытта
тұлғалық қасиеттің әсерін бөліп көрсетеді, кәсіби бағытта оқытуды
мамандықты игеруге тұлғаны жігерлендіруді атап өткен [7, с. 69].
Академик Ю.К. Бабанскийдің орта мектепте оқытудың дидактикалық
принциптеріне арналған жұмыстарын [79-83] негізге ала отырып, А.И. Наумов
[84] оның принциптерін жоғары оқу орнындағы білім беруге бейімдеп,
оқытудың негізгі заңдылықтар жүйесін келесідей жасайды:
- оқу процесінің қоғамға жоғары білікті мамандардың қажет болу шарты,
яғни, кәсіби білім, білік, дағдыға ие, таным теориялық және практикалық
деңгейі технологиясын меңгерген, дамыған, әлеуметтік жағдай өзгерістеріне
бейімделе алу қабілетінің шарттылығы;
- оқыту, тәрбиелеу мен тұлғаны дамыту процестерінің бірлігі;
- оқу процесі жүріп өтетін, оқытудың сыртқы фактор мен шарттарға, білім
алушының шынайы мүмкіндігіне тәуелділігі;
17
- оқу мазмұнының, қоғам қажеттілігінде көрініс тапқан тапсырмаларына
тәуелділігі, пәндік білім мен байланыс пәндердің іргелі және қолданбалы
салада даму логикасы мен деңгейі;
- жоғары оқу орындарындағы оқу процесінің кезеңдері мен барлық
деңгейінің кәсіби бағытта болуы;
- оқу іс-әрекетін бақылау мен оқуды ұйымдастыру әдістері, құрылымның
оқыту мазмұны мен тапсырмасына тәуелділігі;
- теориялық оқытумен, оқу практикасының түрлі формасы және студенттің
өзіндік ғылыми-зерттеу жұмыстары арасындағы өзара байланысы;
- оқу процесі тиімділігінің және оқу процесінің барлық компоненттерінің
логикалық және құрылымдық өзара байланысының шарттылығы.
Аталған заңдылықтар негізінде жатқан жахандық сипаттағы талаптар мен
критерийлерді оқыту принциптері қатарына жатқызады. Оған қоса, А.И.
Наумовтың еңбектеріндегі [84, с.41] дидактикалық зерттеулер негізінде
қалыптасқан жоғары оқу орнындағы оқыту қағидаларының жүйесіне
тоқталайық:
- студенттің тұлғалық дамуы, тәрбиелеу мен оқыту тапсырмаларының
комплексті шешімін табуға бағыттап оқыту;
- оқытудың ғылымилық қағидасы;
- оқытудың жүйелілік қағидасы;
- практикалық және әлеуметтік әрекетпен оқытудың байланыс қағидасы;
- оқытудың қол жетімділігі, студенттің белсендігі мен саналылық
қағидасы;
- оқытудағы жүйелілік пен бірізділік қағидасы;
- оқытудағы нақты мен абстрактілі бірлік қағидасы;
- кәсіби бағытта оқыту қағидасы.
А.И. Наумовтың [84, с.19] пікірінше соңғы қағида жоғары оқу
орындарында өз бетінше жүзеге асырылуына болады және нақты пәндердің оқу
жоспары мен оқу-тәрбиелік процесінің жалпы құрылымына ықпал етеді деп
есептейді.
Кәсіби бағытта оқыту қағидасының мәселесі көптеген жұмыстарда
зерттелген. П.И. Самойленко [85] өзінің «Физиканы оқыту тиімділігін арттыру»
деген еңбегінде физиканы оқыту кезіндегі осы қағиданы жүзеге асыру
жолдарын көрсеткен:
- оқуға қызығушылығын туғызу мақсатында болашақ маманның физика
бойынша оқу материалын нақтылау;
- физикалық фундаментке негізделетін, жалпы білім беретін және арнайы
циклдегі пәндердің барлығының теориялық негізін саналы меңгеру үшін
қажетті, негізгі физикалық құбылыс, түсінік пен заңдарды терең оқу;
- лабораториялық тәжірибелер мен практикалық сабақтар құрамына кәсіби
іс-әрекетіне байланысты тәжірибелерді қосу.
У.Қ. Тоқбергенова өз еңбектерінде, кәсіби бағытта білім беруді оқытудың
басты мақсаты студенттердің, оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауға арналған
құзіреттілігін қалыптастыру мен болашақ кәсіби қызметінің бағытын саналы
түрде жетілдіруге қажетті ресурстармен қамтамасыз ету деп санайды [33, б.26].
18
Осылайша, кәсіби бағытта оқыту қағидасы, білім берудегі жалпы және
арнайы қатынасты түзейді, тұлғаның ерекше, кәсіби дамуының өзара әсерлесу
диалектикасын анықтайды. Дәл осы жағдай, білім беруге дидактикалық мән
береді.
Қарастырылған еңбектерді талдай келе, жалпы кәсіби бағыттау ұғымына
анықтама берсек: «Кәсіби бағытта оқыту – білім алушының меңгерген білімі,
біліктілігі мен дағдыларын өз кәсібінде, сонымен қатар, өмірдегі практикалық
және теориялық тапсырмаларды шешу үшін қолдана алу қабілеті». Кез – келген
дәрігердің кәсіби біліктілігі – өз ісінде кездесетін мәселелердің жаратылыстану
ғылымдары тұрғысынан мәнін анықтауға қабілетті әрі дайын болуы тиіс және
ол мәселені шешу үшін физика-химиялық аппаратты қолдана алу болып
табылады. Аталған қабілетті дамыту – медициналық жоғары оқу орны
студенттерінде жаратылыстану ғылымдары тұрғысынан ойлау қабілетінің
деңгейіне тәуелді болады.
Ойлау қабілеті – адамның шығармашылық бейнесінің белсенді формасы,
жаңа білімді тудыратын жоғары танымдық процесс болып табылады.
«Жаратылыстану ғылымдары тұрғысынан ойлау дегеніміз, физикалық,
химиялық және биологиялық білімдерінің құрылымдық компоненттерінің
диалектикалық байланысы негізінде қалыптасып, әрі дамитын ойлау қабілетінің
түрі» [85].
Студентті кәсіби бағыттау: моральдық-этикалық нормалар мен ережелер
негізінде қоршаған ортаға оң қарым-қатынасы; болашақ мамандығына
позитивті қарым-қатынасы, оған тұрақты қызығушылығы; маңызды іс-
әрекеттерді жүзеге асыруға икемділігін білдіреді. Медициналық жоғары оқу
орны студентін кәсіби бағыттау жоғары оқу орнында анықтала бастайтын,
болашақ дәрігер үшін арнайы, моральдық-еріктік қасиеттер, мінезі ескерілуі
тиіс [86]. Студентті кәсіби бағыттаудың негізгі сипаттамасы: дәрігердің еңбегі
өмірдің жоғары мәні ретінде, қоғам игілігі екенін түсінуі, өз абыройын
жоғарылату тәсілі, өзінің кәсіби қабілетін дамыту; дәрігерлік іс-әрекеттің
мақсаты мен қағидаларын мойындау, қоғамдық қажеттіліктердің бірінші
орында болуы; өмірлік және кәсіби шешімдер қабылдағанда жауапкершілікті
сезіну; кәсіби білімдер жиынына ие болу; өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу болып
табылады [87-89].
Заманауи дәрігердің кәсіби сипаттамасын анықтайтын құжаттарда
мамандардың кәсіби шеберлігін, тұлғалық дамуын, мәдени деңгейін және т.б.
дамытуға жаратылыстану ғылымдары тікелей әсер ететіндігі айтылған, соған
байланысты болашақ мамандардың жаратыстану ғылымын меңгеруіне көп
талап қойылады. Өйткені, болашақ дәрігерлердің дүниетанымы мен ойлауын
жаратылыстану ғылымдары қалыптастырады, сонымен қатар, студенттердің
фундаменталды даярлығының сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Оған қоса,
қоғам мен ғылымның заманауи даму деңгейіне бастапқы рөлге теориялық
білімдермен қоса, жаңа заманауи технологияларды қолдануға негізделген
қолданбалы тапсырмаларды шешу тәсілдеріде алдыңғы орында болып отыр.
Медициналық жоғары оқу орнында физиканы кәсіби бағытта оқыту
кезінде студенттерде өзін-өзі жетілдіру қабілеті дамиды [90]. Кәсіби бағыттау
19
тұлға деңгейін құрайтын фактор рөлін орындайды, ол тұлғаның әлеуметтік
және құқықтық құндылығына тәуелді, сонымен қатар, кәсіби сұранысқа ие
болады [91, 92]. Медицина мамандығын ескере отырып, студент-дәрігерді
кәсіби бағыттау тұлғаның интегративті сапасы ретінде анықталады. Яғни, оқу
және кәсіби ынтаның жүйесін, болашақ кәсіби мамандығына, кәсіби мақсатына
және қабілетіне қызығушылығын, сапасы мен құндылықтарын бейнелейді [93].
Ғылыми әдіснаманың классикалық қағидасы медициналық жоғары оқу
орны студенттеріне физика арқылы толық беріледі. Адам қоршаған ортаны
сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Ал медицинада құбылыс орнына
диагностика кезінде анықталған науқастың ауру сипмтомдары қолданылады.
Оған дәлел ретінде, алдымен физика мен медицинаның байланысы түзілуінің
тарихына шолу жасайық.
Ғылыми әдіс физикадан бастау алып, XVIII ғасырдан бастап медицинада
дамып, 1791 жылы Францияда «Медицина жаратылыстану ғылымдарымен
бірге» деген журнал басылымға шыға бастады. Журналдың негізін қалаушы
А.Ф.Франкуа: «Физиканы меңгермей, медицина маманы бола алмайсың» деген
ұранды ұстанған, яғни ол, әрбір дәрігер танымның ғылыми әдісін меңгеруі тиіс
деген пікірді алға тартты.
Ресейге ғылыми тәсіл кешірек келді де, XIХ ғасырдан бастап физика
медицина мамандықтары үшін базалық пән ретінде енгізілді. XХ ғасырдың 30-
жылдарынан бастап, медициналық университеттердің төменгі курстарында
жалпы физика курсы - жалпы білім беретін блок пәні құрамына кірді.
Медициналық жоғары оқу орнында физика пәнінің жоспарлы оқытылуы ХХ
ғасырдың 30-жылдарында бастау алды. Ол кезеңдегі физиканы оқыту тек
шектеулі әрі медицина саласына байланыссыз сұрақтар төңірегін қарастырумен
шектелді [42, б.55].
Болашақ медицина мамандығын даярлау үшін Мәскеу қаласының 1-
медициналық институтының профессоры С.А. Арцыбышев [94, с. 147] алғаш
жазған оқулығында тек негізгі физикалық заңдылықтарды математика ғылымы
тұрғысынан қарастырды. Ол өз еңбегінде: «Берілген оқулықта медицина
саласындағы сұрақтарды талқылауға аз назар бөлінді. Оның қажеттілігі де
төмен, себебі, студенттерді алғашқы курста кәсіби бағыттау деңгейінің
төмендігі және дәріс беретін оқытушының медицина саласындағы білімі
жеткіліксіз»- делінген [94, с.39]. Әйтсе де медицина мен физиканың байланысы
болды, тірі организмнің барлық деңгейлеріндегі физиологиялық процестердің
негізінде жатқан маңызды физикалық заңдылықтарға, сонымен қатар, ауруды
диагностикалау мен емдеу физикалық қағидаға негізделді.
Жалпы медициналық жоғары оқу орны студенттерін диагностикалауға,
яғни, медициналық аппараттармен жұмыс істеуді кәсіби үйрету - қоғамдық
мағынасы бар тапсырмалардың бірі болып табылады. Аталған мәселені шешу
физика ғылымымен тығыз байланыста болады, себебі, медицина мен физика
ғылымдары арасындағы байланыс ертеден бар екенін жоғарыда атап өттік [46,
с.78].
1950 жылдың ортасына дейін медициналық жоғары оқу орнындағы
физиканы оқыту жағдайы өзгермеді. Сонан соң, Мәскеу мемлекеттік
20
университетінің физика кафедрасының меңгерушісі, профессор Н.М. Ливенцев
пен биофизика кафедрасының меңгерушісі, профессор Б.Н. Тарусовтың
бірлескен басшылығымен физика курсын кәсіптендіру жұмыстары басталды.
Медициналық жоғары оқу орны үшін физика бойынша жаңа бағдарламалар
даярланды, курстың мақсаты – студенттерге болашақ практикалық іс-
әрекетімен, арнайы медициналық пәндерді оқу барысында қажет болатын
физика құбылыстары мен заңдары туралы білімді беру болды. Осы жолда
кедергілер мен қиыншылықтар туындады, себебі студенттердің пәнге деген
қызығушылығы төмен болды және оқытушылардың өзі, физиканың
медициналық қырларымен таныс емес еді.
Физиканың жаңа курсына ауысу, физикалық практикумды орындау
процесінде, әсіресе, медициналық приборлармен (рефрактометр, сахариметр,
аудиометр және т.б.) лабораториялық жұмыстарды орындауда өзгерістер
болды. Жалпы, физика курсының өзгерісі сындарлы сипатта болды да, бұл
жағдай медициналық жоғары оқу орнындағы физиканы кәсіби бағытта оқытуды
жүзеге асырудың алғашқы шарты болды [95, 97].
1976 жылдан бастап, кеңейтілген «физика – жоғары математикамен,
медициналық электроника және кибернетикамен бірге» атты курс
бағдарламасы даярланды. Жаңа бағдарламаға сай, физика курсы жалпы және
арнайы сұрақтарға жауап бере алды. Жалпы топ құрамына, медицинамен
байланысы бар физиканың негізгі заңдары, жоғары математиканың алғашқы
түсініктері мен электроника және кибернетика кірді. Арнайы блокқа:
диагностика мен емдеу тәсілдерінің физикалық принциптері, организм жүйесі
негізінде жатқан физикалық заңдылықтар, сонымен қатар, медициналық
приборлар мен аппараттардың жұмыс істеу принциптері жатты. Сонымен, 1978
жылы оқыту процесіне жаңаша сарындағы, физиканың басқа пәндермен
жоғары деңгейде интеграциялану салдарынан жаңа курс бағдарламасы
дайындалды. Бірақ, биофизика пәні курстан тыс қалып қойып отырды да,
студенттерге адам организміндегі құбылыстардың физикалық заңдылығын
түсіну қиынға соқты. Кейіннен Кеңес одағының жоғары медициналық
мекемелері кеңесінің шешімі бойынша медициналық физика кафедрасы
құрылды, ол кафедрада жоғары математика, биофизика, медициналық
аппаратураның негізі, медициналық электроника және кибернетика пәндері
оқытылды. Бұл кезең физика курсының мазмұны мен құрылымының жаңа
арнасы болды.
«Биофизика» пәнінің ерекшелігі мен мұғалімдердің әлсіз даярлығы,
биофизиканың біраз сұрақтарын қалыпты физилогия пәніне беру жұмыстары
жасалды. Бірақ практика көрсеткеніндей, ол табысты болмады.
Осылайша, физика пәнін кәсіби бағытта оқыту үшін төмендегілер
қосылды:
- диагностикада,
рентгенографияда және терапияда қолданылатын
оптикалық және электронды аппаратура құрылыс элементі мен принциптері;
- аппаратураның іс-әрекет приницпін саналы меңгеру үшін қажетті
заманауи физиканың кейбір фрагменттері – жартылай өткізгішті физика
элементтері, атомдық және ядролық физика негізі туралы элементар түсініктер;
21
- ағзаның жүйесі мен биофизикасы.
Сонда да, физиканың жалпы курсының бірізділігіне зиян келмеді:
механика – молекулалық физика және термодинамика – электр және магнетизм
теориясының негізі (электроника элементтерімен) – оптика элементі, атом және
ядролық физика болды.
1979 жылы қабылданған жаңа бағдарламаның ерекшелігі жоғары оқу
орнында өтілетін жалпы физика курсының құрылымын сақтай отырып, оған
медициналық және биологиялық физика сұрақтары енгізілді.
Оқулықты пайдалана отырып, физика мен медицинаның тығыз байланысы
айқындала бастады. Кейінгі шыққан басылымдарда келесі тараулар енгізілді:
- адам ағзасының тетіктер жүйесінің механикасы;
- жүрек пен қан тамыр жүйесінің гидродинамикасы;
- жүрек клапандарының жұмысы;
- ағзаның физикалық тұрғыдан термо реттелуі;
- жылу тепе-теңдігі немесе балансы;
- көздің оптикалық жүйесі;
- есту аппараттарының акустикалық жүйесі;
- электростатикалық өрістің, электр тогы мен күн сәулесінің әсерінен адам
ағзасында көрініс табатын физикалық заңдылықтары [98-99].
ХХ ғасырдың 40-60 жылдарында ғылыми-техниканың күрт артуы,
медицинада оң әсерін туғызды. Физика саласындағы радиоэлектроника мен
қатты
денелер
физикасының
жаңалықтары,
адам
денсаулығын
диагностикалауда
қолданылған
жаңа
аппараттар
мен
әдіс-тәсілдер
медицинаның дамуына да ықпал етті [100, б.66]. Бұл кезде даярланған
бағдарламалар оқытудың ғылымилық принципін жеткіліксіз дәрежеде көрсетті.
Яғни, клиникалық практикаға зерттеудің сандық тәсілдерін интенсивті енгізу,
денсаулық сақтау ұйымдарында математикалық статистика тәсілдерін кең
қолдану, медицинаға есептеу техникасын біртіндеп енгізу медициналық жоғары
оқу орындарында физика пәнінің бағдарламаларында көрініс таппады.
Медициналық жоғары оқу орны студенттерінің физика-техникалық сала
бойынша іргелі білімінің негізін қалайтын пән қатарына жататын «Физика»
пәні 70-80-ші жылдары «Медициналық физика мен медициналық техника
негіздері» деп аталған болса, ал қазіргі таңда «Медициналық биофизика»
(Физика) деп аталады [101].
Жоғары медициналық білім беру жүйесінің физикалық компоненті соңғы
50 жылда ұдайы ауысып отырды, және физика курсының мазмұны
медициналық және биологиялық физика курсына айналды да, физикалық
заңдар мен заңдылықтардың медициналық қосымшасы мен биофизика негізін
түсіндіретін жүйеге ие болды. Бұл процесте негізгі бағыттаушы «вектор»
жоғары оқу орнындағы кәсіби бағыт қағидасы болып табылды, яғни болашақ
дәрігердің кәсіби іс-әрекетінің түрлі тұстарына максимал жуық тапсырмаларды
шешуге итермелейтін оқу курсын жетілдіруге жағдай жасауы тиіс болатын.
Соған сай, медициналық факультетте оқытылатын физика тек мазмұндық
сипатта болады.
22
Білімді жандандыру мәселесінің өзектілігіне байланысты жоғары
мектептің алдында білімді өз бетінше меңгеру әдістемесін оқыту және
студенттердің өмір сүру барысында әрдайым толықтыру тапсырмасы тұр [102].
Білімді қалыптастырудың әдіснамалық аспектілерін меңгеру мен ғылыми
ақпаратты алу алдыңғы қатардағы мәселе болып отыр.
Соңғы жылдары шет елдерде студенттерді даярлаудың пәнаралық
принципіне өзгерістер енгізілуде. Себебі медициналық кадрларды даярлау,
кәсіби білім мен біліктілікке, топпен жұмыс істеуге, тез шешім қабылдауға,
шығармашылық тұрғыдан ойлай алатын маманды қалыптастырады [119]. Яғни
дамыған елдер ғылыми ізденіс негізінде, өзіндік білім алу мен пәнаралық
проблемалық зерттеуге негізделетін жекелей, шығарма және саралап оқытуға
бейімделген.
Сонымен, бұл айтылғандарды қорытындыласақ: білім беру мекемелері мен
бағдарламаларының мақсатының көп бағытты, оқытудың мазмұндық аспектісін
жаңа тұрғыдан қарастыруды талап етеді. Іргелі пәндерді, оның ішінде
физиканы оқытудың әдістемесі мен мазмұнындағы кәсіби бағыттау талаптарын
жүзеге асыру – жоғары оқу орнының алдындағы кең ауқымды тапсырмаларды
шешуге ықпал етеді.
Медициналық жоғары оқу орындарында физика пәнін медициналық бағыт
бойынша оқытуды алғаш рет қолға алған Қазақстандық ғалымдар А.А.
Өтепбергенов пен Н.И. Губанов болатын. Олар медициналық жоғары оқу
орнына арналған алғашқы оқу құралын «Медициналық биофизикa» деп атады
және онда биофизикалық құбылыстар медициналық бағыт бойынша
қарастырылды және талданды [103]. Бірақ аталған оқулықта әдіснамалық,
редакциялық қателіктер орын алды.
Cоңғы жылдары медициналық жоғары оқу орны студентерінің физикалық
білім деңгейін кәсіби бағыт бойынша дайындауға арналған ғылыми зерттеулер
жүргізіле бастады, солардың ішінде Н.Г. Арзуманянның медициналық жоғары
оқу орындарында физиканы оқыту барысында физикалық эксперимент арқылы
студенттерде кәсіби дағдыларды қалыптастыру, Е.Л. Рязанованың жоғары
медициналық оқу орны жағдайында физика пәнін медбикелер үшін адаптивті
бағытта оқыту, С.А. Суровикинаның болашақ дәрігерлердің физикалық
эксперимент барысында жалпы құзыреттілігін қалыптастыру, О.Е. Акуличтың
медициналық және биологиялық физиканы мәндік - бағалық бағытта оқытудың
әдісін қарастыруды, А.Н. Бирюкованың медициналық жоғары оқу орындары
студенттерін пән аралық интеграция негізінде кәсіби тапсырмаларды шешуге
дайындауға арналған зерттеулерді атауға болады [46, 48, 47, 105, 104]. Осы
бағыттағы ғылыми жұмыстарды шет ел ғалымдары да жүргізген, олар
медициналық жоғары оқу орындары студенттеріне физиканы белсенді
меңгертудің иновациялық жолдарын ұсынған [106].
Соңғы жылдары медициналық жоғары оқу орындары студенттерінің
физика пәнін меңгерудегі құзыретілік мәселесі кең түрде зерттелуде, бұл
зерттеулерде медициналық факультет студентінің болашақ мамандыққа
байланысты физика пәнінде меңгеретін дағдылары анықталған және оны
меңгертудің жолдары ұсынылған [107].
23
Осы зерттеулердің арасында медициналық жоғары оқу орындары
студенттеріне медициналық техника бойынша кәсіби білім беру және оларды
кәсіби дайындау туралы ҚР алғашқы ғылыми зерттеу жүргізіп, өз тұжырымын
айтқан Ү.А. Байзақ болатын, ол кәсіптік білім деп «болашақ дәрігерлерді
денсаулық сақтау саласында атқаратын қызметін толық және нәтижелі
орындауына мүмкіндік беретін арнаулы білімдер мен іс әрекеттер жиынтығын»,
ал оларды кәсіби дайындау деп «болашақ дәрігерлерді меңгерген кәсіби
білімдері мен іс әрекеттер жиынтығын белгілі бір мақсатта (диагностикалық,
терапиялық, клиникалық лабораториялық зерттеу) қолдануға үйретуді» атады
[108, с. 184]. Бірақ бұл тұжырымдар болашақ дәрігерлерді медициналық
техника бойынша кәсіби дайындау туралы айтылған болатын, яғни
медициналық жоғары оқу орындары студенттерін физика пәні бойынша
дайындауға арналмаған.
Біз, жоғарыда аталған және жүргізген зерттетулерді қорытындылай келе,
медициналық жоғары оқу орындары студенттеріне физика бойынша кәсіби
білім беру деп «ҚР жоғары медициналық білім стандарты және денсаулық
сақтау саласы талаптарын қанағаттандыратын физикалық білімдерді
меңгертуді» атаймыз, ал медициналық жоғары оқу орындары студенттерін
физика пәнінде кәсіби дайындау деп «физика бойынша меңгерген теориялық
білімдерін клиникалық зерттеулерде қолдана алуын қамтамасыз ететін іс
әрекеттер жиынтығын» атаймыз.
Физика медициналық жоғары оқу орындарында жалпы білім беретін пән
болып табылады, және де бірінші курста оқытылады. А.В. Тарасованың
еңбектерінде, болашақ дәрігерлердің кәсіби деңгейін дамыту физикалық
практикумда, физикалық лабораторияда кәсіби іс-әрекет элементтерін моделдеу
процесінде жүзеге асатыны көрсетілген, онда адам ағзасындағы механикалық,
жылулық, электрлік және оптикалық құбылыстар мен қасиеттері қарастырылады
және бұл физикалық құбылыстарды оқуда студент кәсіби білімдерін ұштайды
[53, с.57].
Қазіргі кезде, денсаулықты сақтау саласында заманауи медициналық
аппараттарды қолдану күннен күнге қарқынды бағыт алуда. Яғни, бүгінгі күнгі
дәрігер медициналық техникадан алған ақпаратын жоғары дәрежеде талдаса, ол
өз кезегінде, емделушіге дұрыс диагноз қояды. Денсаулықтағы түрлі
патологиялық өзгерістердің болу себебін де түсіндіріп бере алады. Болашақ
дәрігерді кәсіби даярлауда физиканың зор мүмкіндіктерін барынша қолданып,
оны студенттерге дарыта білу керек және физиканы оқу барысында студенттерде
диагнозды сауатты қою үшін қажетті клиникалық ойлау әрекеттері мен
операцияларын дамыту қажет, яғни: гипотеза жасап, оны негіздей алу,
медициналық аппаратта берілгендерді талдай алу, ақпаратты бір күйден екінші
түріне ауыстыра алу және т.б. Осы біліктерді меңгерген жағдайда студент-
болашақ дәрігер өз ойын негіздей алатын, теориялық жағынан терең білімді,
оны практикамен ұштастыра алатын, әріптестерімен кеңесіп, науқастың ауруы
туралы дәл түйіндеме жасайтын кәсіби дәрігер болып қалыптасады.
Жоғары оқу орнындағы физикалық білім беру дифференциациясының
процесі көптен бері орын алып, ережеге сай, әр нақты жағдай үшін физика
24
мазмұны практикалық тәжірибе мен оқу процесін эмпирикалық талдау
негізінде анықталып отырды. Ол үшін, алдымен, медициналық жоғары оқу
орны физика пәнін оқытудың қазіргі жағдайын анықтап алуымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |