І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №3 / 2018



Pdf көрінісі
бет106/198
Дата07.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#16935
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   198
  
62 
ISSN 2616-8901.
  Математика және жаратылыстану-техникалық сериясы
 № 4/ 2018  
 
Кілт  сөздер:  демонстрация,  физикалық  эксперимент,  виртуалды  зертхана,  өзіндік 
жұмыс, танымдық қызмет. 
 
Қазіргі  білім  беру  мекемелерінің  моделін  құрудың  біртұтас  жолын  іске  асыруға 
бағдарланған  білім  беруді  жаңарту  мен  жаңғырту  стратегиясы  ең  басты  нәтиже  ретінде  білім 
алушының  өзіндік  дамуы  мен  өзін-өзі  басқару  қабілетін  дамытуды,  таным  әрекетінде  өзара 
ықпалдастыққа  дайындығын  көрсетеді.  Білім  берудің  жаңа  сапаға  жетудегі  басты  мақсаты 
әлеуметтік  белсенді  шығармашыл  тұлғаны  қалыптастыру  болып  отыр.  Ұлы  ұстаз 
А.Байтұрсыновтың  пікірі  бойынша,  бала  білімді  өзі  тәжірибе  арқылы  өздігінен  алуы  керек. 
Мұғалімнің  қызметі  -  балаға  жұмысты  әліне  қарай  шағындап  беру  мен  білімді  белгілеген 
мақсатқа қарай түзеп отыру.  
Өзіндік  жұмыс  дегеніміз –  білім  алушының  сабақ  үстінде  алған  білімді  оқытушының 
көмегімен және бақылауымен, бірақ оның қатысынсыз орындайтын жоспарлы жұмысы. 
Өзіндік  жұмыстың  негізгі  мақсаты  білім  алушылардың  танымдық  міндеттерін 
қалыптастыру,  шығармашылық  қабілеттері   мен  қызығушылығын  жетілдіру,  білімге 
құштарлығын ояту. 
Білім  алушылардың  өзіндік  танымдық  қызметін  ұйымдастыру  туралы  айтқанда,  өзара 
тығыз байланысты екі дидактикалық ұстанымды ескеруіміз қажет [1]:  
1) білім алушыларда танымдық іс-әрекеттегі дербестікті дамыту, яғни оларды өз бетінше 
білім алуға үйрету. 
2)  білім  алушыларды  оқу  мен  практикалық  қызметте  өз  бетінше  білімдерін  қолдануға, 
өзінің  практикалық  іс-әрекетін  бағалауға,  өзіндік  қорытынды  шығаруға,  шешім  қабылдауға 
үйрету. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет