Нәтижелер және оларды талқылау Физика сабақтарында білім алушыларда өзіндік танымдық іс-әрекетті қалыптастырудағы
маңызды орын демонстрациялық экспериментке және зертханалық жұмысқа беріледі. Физика
сабақтарында оқу эксперименті білім алушыларда физикалық құбылыстар мен процестер
туралы бұрын жинақталған түсініктерін ғылыми тұрғыдан жүйелейді, олардың ой-өрісін
толықтырады және кеңейтеді. Зертханалық жұмыстар кезінде білім алушылардың өз бетінше
өткізген эксперимент барысында олар физикалық құбылыстардың заңдылықтарын біледі,
оларды зерттеу әдістерімен танысады, физикалық құралдармен және қондырғылармен жұмыс
істеуге үйренеді, яғни өз бетінше білім алуды үйренеді.