Материалдар және жұмыс әдістемесі Соңғы жылдары оқу үдерісінде өзіндік жұмыс үлесі артты, оны тиімді ұйымдастырудың
әдістемесі мен дидактикалық құралдары жасалды, осыған байланысты білім алушылардың
физика пәнін оқуға деген қызығушылықтары жоғарылауда. Психологтар мен педагогтардың
өзіндік жұмыс қызметі туралы зерттеулерінен оқу үдерісінде білім алушылардың жасайтын
оқу-жаттығулары мен өзіндік жұмыс үлесінің жоғары сатыға көтерілгенін көреміз [2].
Ақпараттық технологияларды меңгеру - заманауи білім беру сапасының құрамдас бөлігі.
АКТ-ны қолдана отырып сабақта өзіндік жұмысты ұйымдастыру оқу мотивациясына, аралық
бақылауға білім алушыларды дайындауға байланысты мәселелерді шешуге көмектеседі, жалпы
және пәндік құзыреттілікті қалыптастыруға мүмкіндік береді – өз қызметін мақсатқа және оған
қол жеткізу тәсілдеріне сүйене отырып ұйымдастыру, жұмыс жағдайын талдау, ағымдағы және
қорытынды бақылауды, өз қызметін бағалау мен түзетуді жүзеге асыру, өз жұмысының
нәтижелеріне жауапты болу, кәсіби міндеттерді тиімді орындау үшін қажетті ақпаратты
іздестіруді жүзеге асыру, кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
пайдалануға үйретеді. Осылайша, білім беруді жаңғырту шеңберінде оқытушы қызметінің
негізгі міндеті жаңа білім беру технологияларын қолдана білу, ең алдымен білім алушылардың
қабілеттерін дамытуға бағытталған. Компьютерлік технологиялар қосымша ақпарат көздерін
табуға, физикалық эксперименттерді көрсетуге, оқу материалын динамикалық нобайлармен,
кинематикалық сұлбалармен сүйемелдеуге мүмкіндік береді [3].