І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №3 / 2018



Pdf көрінісі
бет125/198
Дата07.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#16935
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   198
Кілт 
сөздер: 
ақпараттандыру, 
механизім, 
элементарлы, 
мультимедиялық, 
коммуникация. 
 
Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан қорғанған адам - ол технология ауысуына және нарық 
талабына  сай  терең  білімді,  әрі  жан  -  жақты  адам.  Қазіргі  білім  жүйесінің  ерекшелігі  -  тек 
біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше 
өрлеуіне  қажеттілік  тудыру.  Қорытындысында  білім  беру  -  адамға  үздіксіз  оқуға,  білім  алуға 
жан - жақты білім қызметін ұсынатын әлуметтік институт болуы керек. 
Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның 
дүниежүзілік  білім  кеңестігіне  енуі  бүкіл  оқу-  әдістемелік  жүйеге,  мұғалімдер  алдына  жаңа 
талаптар мен міндеттер қойып отыр. 
Қоғамда  ақпараттандыру,  есептеу  техникасы  құралдары  кеңінен  таралуымен 
байланысты,  оқу  процесін  ұйымдастыруға,  сол  сияқты  білім  берудің  мазмұнын  өзгертуге  де 
елеулі ықпал етеді.Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі - мұғалім. Қазіргі 
мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете 
меңгерген,  мамандық  шеберлігі  қалыптасқан  мұғалімдер  қажет.  Ол  бір  уақытта  педагог-
психолог  және  оқу  процесін  ұйымдастырушы  технолог  бола  білуі  керек.  Компьютердің 
мүмкіндіктерін  ескере  отырып,  оқыту  мәселелеріне  талдау  жасасақ,  психологияның, 
педагогиканың іргелі оқыту теориясынан психологиялық-педагогикалық, әдістемелік мәселелер 
туындайды.  
Орта  мектепте  информатиканың  жеке  пән  болып  оқытылуы,  көптеген  педагогикалық 
ізденістер мен ғылыми-әдістемелік еңбектердің туындауының жандана түсуіне алып келді. 
Қазіргі  заманғы  оқыту  интелектуалдық  ерекшеліктеріне  сүйене  отырып  білім  беруді 
қажет етеді. 
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет