І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №3 / 2018



Pdf көрінісі
бет126/198
Дата07.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#16935
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   198
  
72 
ISSN 2616-8901.
  Математика және жаратылыстану-техникалық сериясы
 № 4/ 2018  
 
Жаңа  технологиялар  -  педагогтың  мүмкіндігін  күшейтетін  құрал,  бірақ  ол  мұғалімді 
алмастыра  алмайды.  Компьютер  мүмкіндіктері  психология  мен  дидактика  тұрғысынан 
талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолданылуы керек. 
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа 
сай мүдделі жаңа білім беру өте-мөте қажет»,  - деп Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа 
білім  беру    жолында  жаңа  ақпараттық  технологияны  оқу  үрдісінде    оңтайландыру  мен 
тиімділігін арттырудың маңызы зор. 
Білімді  ақпараттандыру  –  білім  жүйесіне    жаңа  ақпараттық  технология  құралдарын 
енгізу. Бұл арқылы келесі мүмкіндіктерге қол жеткізуге болады: 

ғылыми-педагогикалық ақпарат деректерін, ақпараттық-әдістемелік материалдарды, 
сонымен  бірге,  коммуникациялық  желілерді    пайдалану  негізінде  білім  жүйесін  басқару 
механизімін жетілдіру; 

білім  алушының  интеллектуалдық  потенциалын  дамытуға,  өз  бетімен  білім  алу, 
ақпараттық-оқу,  тәжірибелік  зерттеу  іс-әрекетін,  ақпаратты  өздігінен  өңдей  алу  іскерлігін 
қалыптастыруға бағытталған оқытудың әдістемелік жүйесін құру; 

компьютерлік тестілеу, бақылау және бағалау  жүйесін құру, пайдалану.  
Білім  саласында  жаңа  технологияны  нәтижелі  пайдалану  үшін  әрбір  оқытушы 
әдістемелік  жүйеде  жаңа  технологияның  маңызын  анық  білуі  және  бағдарламалық 
құралдармен  жұмыс  жасай  алуы  қажет.  Сондықтан,  қазіргі кездегі  білім  жүйесіндегі басты 
мәселе  мұғалімнің  педагогикалық  қызметін  жаңа  технологияның  көмегімен  ұйымдастыра 
алу қабілетін қалыптастыру болып табылады. Ол үшін: 
1.  компьютермен жұмыс жасай білу; 
2.  компьютер арқылы алынған ақпаратты пайдалана алу; 
3.  ақпараттық технология құралдарын оқу процесінде қолдана алу қажет. 
Сонымен, жаңа технологияларды пайдалану келесі  жағдайларға әсер етеді, олар: 

білім алушының талабына сай саралап оқыту; 

өздігінен білім алу және жаңа технологияны пайдалана алу іскерлігін қалыптастыру;  

жаңа жағдайда тәжірибелік іс-әрекетті белсендендіру, яғни оқытудың тиімді әдістерін 
пайдалану. 
Компьютерді  мұғалім  қосымша  материалдар,  әртүрлі  анықтамалық  мәліметтерден 
ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады. Мұндай мәліметтерге физикалық 
формулалар, физикалық шамалардың өлшем бірліктері, графиктер, схемалар, иллюстрациялар, 
физикалық құбылыстардың динамикалық бейнесі, тәжірибеге арналған құрылғылардың тізімі, 
аспаптардың  сипаттамалары  және  т.б.  жатқызуға  болады.  Мұғалім  араласпай-ақ,  оқушылар 
өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі.  
Жаңа  ақпараттық  технология  құралдарын  информатика  пәнінің  кіріктірілген 
сабақтарында  пайдалану,  оқушының  шығармашылық,  интеллектуалдық  қабілетінің  дамуына, 
өз  білімін  өмірде  пайдалана  білу  дағдыларының  қалыптасуына  әкеледі.  Компьютерлік 
техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын 
анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. 
Информатика    сабағында  жаңа  технологияларды    қолдану  информатика  мұғалімдері 
үшін  келесі деңгейлер бойынша беріледі:  
1.  Информатика    сабағында  жаңа  технологияларды    технологияның  мүмкiндiктерiн 
мамандық  деңгейлерiне  сәйкес  шешуге  мүмкiндiк  беретiн  бiлiм  мен  бiлiктiлiктердi  және 
дағдыны қалыптастыру.  
2. 
Оның 
мазмұны 
мұғалiмнiң 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияның 
мүмкiндiктерiн өз қызметтерiне жан-жақты пайдалана бiлуімен анықталады.  
3.  Информатика    сабағында  жаңа  технологияларды    қолдану  бұл  “Информатика  және 
ақпараттық технология” пәнiн берудiң әдiстемелiк мәселелерiн шешумен  анықталады.  
Педагог мамандардың қызметіне ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану 
бағытындағы      элементарлы  -  бейімделген  деңгейі.  Бұл  деңгейде  келесі  мазмұндар 
қарастырылады:  компьютермен  және  оның  құрылғыларымен    жұмыс  жасау  техникасы; 


 
73 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет