І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №3 / 2018



Pdf көрінісі
бет128/198
Дата07.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#16935
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   198
  
74 
ISSN 2616-8901.
  Математика және жаратылыстану-техникалық сериясы
 № 4/ 2018  
 
немесе  жаңаны  енгізу  арқылы  білім  мазмұнын  жетілдіруге  қол  жеткізіледі,  мұның  нәтижесі 
оқушылардың оқу жүктемесінің көбеюі мен оқушылардың білімінің төмендеуіне әкелді. Бұл оқу іс-
әрекетінің  объектісі  оқушы  болатын,  мұғалім  басты  роль  атқаратын  оқыту  процесіне  бағытталған 
білім беру жүйесінің нәтижесі. 
Қазіргі  уақытта  әлемнің  барлық  дамыған  елдері  өздерінің  білім  беру  жүйесін  жаңарту 
қажеттілігін түсінеді, бұл жүйеде оқушы оқу процесінің негізгі тұлғасы, ал оның танымдық іс-әрекеті 
жаңа білім беру моделінің орталығында болуы тиіс. 
Оқытуды технологияландыру жөніндегі басылымдарды талдау оқытуды технологияландыру 
негіздерінің  іргелі  зерттеулі  бар  екенін  көрсетті;    нақты  оқыту  технологияларының  бірқатар 
мысалдары  бар;  оқыту  технологияларының  негізгі  принциптері  анықталған  және  оқыту 
технологиясының құрлымы ашылған. 
Дегенмен, оқытуды технологияландыру бойынша жеке пәндерден практикалық жұмыстардың 
бар болуы білім беруді нақты технологияландыруға жақындатпайды, өйткені бұл жұмыстар мұғалім 
практиктерге пайдалануға жетпейді [5]. 
Сөйтіп,  оқыту  технологиясы  -  оңтайланған  жүйелерді  жасау  мен  оның  принциптерін  ашу 
жөніндегі  ғылыми  зерттеу  саласы,  алдын-ала  сипаттамасы  берілген  дидактикалық  шығарылатын 
(нәтижесі болатын) процестерді құру жөніндегі дидактиканың бағыты ретінде түсінілді. 
Әдебиеттерде  оқыту  технологиясы  термині  (педагогикалық  технология)  өте  кеңінен 
қолданылады.  “Технология”  сөзі:  ақпараттық,  педагогикалық,  оқыту  программалық  құралдарды 
қолдану тәрізді сөздерді жалғай отырып, әртүрлі аспектіде қолданылады. Ол дидактиканың бағытын, 
технологиялық жасалған оқыту жүйесін, әдістеме мен жеке тәрбиелеу әдістерін көрсетеді (мысалы, 
топтық іс-әрекетті ұйымдастыру технологиясы) [6]. 
Технологияның  көмегімен  шешуге  жататын  басты  мәселе  -  оқыту  процесінің 
басқарылатындығы.  Дәстүрлі,  технологияландырылмаған  оқыту  әдістемесінің  кемшілігі  мақсатты 
көздейтін  бағыттылығының  айтарлықтай  анықталмағандығы  және  оқу  процедурасының  шамалы 
басқарылатындығы, меңгерілген білімінің субъективті және эпизодты түрде тексерілетіндігінде. 
“Оқыту  технологиясы”  терминінің  алғашқы  түсіндірілуі  бұл  ұғымды  техникалық  оқыту 
құралдарын  қолданумен  және  программалап  оқыту  әдісімен  байланыстырады.  Қоғамды 
компьютерлендіру, сондай-ақ, коммуникация құралдарының дамуы бұл терминнің түсінігін жүйелік 
талдау мен оқыту процесін жобалау жағына қарай өзгертіп, айтарлықтай оны кеңейтті. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет