І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №3 / 2018


Нәтижелер және оларды талқылау



Pdf көрінісі
бет19/198
Дата07.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#16935
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   198
Нәтижелер және оларды талқылау 
Графикалық  мәдениетті  қалыптастыру  саласында  информатиканың  маңызды  әлеуеті  бар. 


 
11 
                          ISSN 2616-8901.  
Математика және жаратылыстану-техникалық сериясы
 № 4 / 2018  
техникалық ғылымдар» сериясы 
 
Графикалық  мәдениет  түрлі  пәндерді  интеграциялайтын  және  әртүрлі  білім  беру  салаларында 
ұсынылған  базалық  компоненттің  рөлін  атқарады.  Болашақ  мұғалімнің  графикалық  мәдениетін 
қалыптастыру  барысында  заманауи  ғылыми  жетістіктерді  және  информатика  мен  компьютерлік 
графиканың мәдени қалыптастырушы әлеуетін пайдалану қажет.  
Қазіргі заманғы ақпараттық қоғам жоғары оқу орындарынан мамандарды дайындауды талап 
етеді, олар:  
- өзгермелі өмірлік жағдайларда бейімделуге, қажетті білімді өз бетінше алуға және оларды 
практикада қолдануға;  
-  қазіргі  заманғы  технологияларды  пайдалана  отырып,  туындаған  мәселелерді  сыни 
тұрғыдан ойлауға, көре білуге және оларды тиімді шешу жолдарын іздеуге;  
- ақпаратпен сауатты жұмыс істеуге;  
- білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға;  
- білім беру;  
- әртүрлі әлеуметтік топтарда қарым-қатынаста болу, ұжымда жұмыс істей білу;  
- өзіндік интеллект, мәдени деңгейді дамыту бойынша өз бетінше жұмыс істеу;  
- графикалық мәдениетке ие болу [2]. 
Бұл  міндеттерді  педагогикалық  жоғары  оқу  орындарында  шешуге  ЖОО-ның  ақпараттық 
білім  беру  ортасы  -  мәліметтерді,  ақпараттық  ресурстарды  беру  құралдарының,  ақпараттық-
бағдарламалық  және  ұйымдастыру-әдістемелік  қамтамасыз  етудің,  қолданушылардың  білім  алу 
қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған жүйелі ұйымдастырылған жиынтығы бағытталған. 
Информатика  пәнінің  графикалық  мәдениеті  білім  алушыларда  бірінші  курстан  бастап 
біртіндеп  қалыптасады.  «Графикалық  ақпаратты  өңдеу  негіздері»  пәні  білім  алушыларда 
анықталған  тірек  білімді  қалыптастырғаннан  кейін  информатика  мұғалімін  даярлаудың  жалпы 
жүйесіне екінші курсқа енгізілген. 
Информатика  мамандығының  білім  алушыларын  дайындау  жүйесінде  компьютерлік 
графиканы  оқу  спиральді  тәсілмен  жүзеге  асырылады.  Бұл  тәсілдің  негізгі  ерекшелігі  –  білім 
алушылардың көру өрісінен бастапқы мәселені жоғалтпай-ақ ақпаратты графикалық ұсыну, бірте-
бірте онымен байланысты білім шеңберін кеңейтеді және тереңдетеді. Алынған білім үздіксіз және 
біртіндеп күрделенеді. 
«Графикалық  ақпаратты  өңдеу  негіздері»  пәнінде  қарастырылатын  тақырыптар  төменде 
келтірілген.  
Компьютерлік графика ұғымы, оның негізгі бағыттары. Компьютерлік графиканың түрлері. 
Графикалық  бейнелерді  сақтау  форматтары.  Графиктік  ақпаратпен  жұмыстың  аппараттық  және 
программалық  құралдары.  Adobe  Рhotoshop  бағдарламасының  қолданушы  интерфейсі,  құрал 
жабдықтары,  палитралары.  Adobe  Рhotoshop  бағдарламасының  мәзір  командалары  және  олардың 
қызметі.  Рhotoshop-тағы  түстердің  сипаттамасы  және  қолданылуы.  Түстік  модельдер.  Түстік 
палитра.  Өңдік  тузетулер.  Қабаттар.  Қабаттарды  түрлендіру.    Маскалар  және  олармен  жұмыс. 
Мәтінмен  жұмыс.  Әсерлер  фильтрлері.  CorelDraw  бағдарламасының  қолданушы  интерфейсі,  бас 
мәзір  командалары,  құрал-саймандары  және  олардың  қызметі.  Құжатпен  жұмыс.  CorelDRAW 
файлын  жасау,  ашу,  сақтау.  Үлгілермен  жұмыс.  Құжаттың  қасиеттері.  Автосақтау.  Терезелермен 
жұмыс.  Бірнеше  беттермен  жұмыс.  Бет  пішімін  жасау.  Масштабтау.  CorelDRAW  сызықтарын 
пайдалану. Тор орнату. Бағыттауыштарын баптау. Күрделі фигураларды салу құралдары. Күрделі 
фигуралар  арқылы  суреттерді  жасау.  Объектілердің  пішінін  өңдеуге  арналған  құралдар  мен 
әрекеттер.  Аймақтар  өлшемін  өңдеуге  арналған  құралдар.  Бірнеше  нысандарды  біріктіру 
операциялары. Сурет салу кезіндегі объектілермен операциялар. Объектіні көшіру, қайталау және 
клондау. Топтастыру. Түс. Біртекті құюды орындау. Градиентті құюды орындау. Текстурамен және 
оюмен  құюды  орындау.  Тор  бойынша  интерактивті  құюды  орындау.  Мәтінмен  жұмыс.  Көркем 
мәтін.  Қарапайым  мәтін.  Мәтіндерді  безендіру  және  пішімдеу.  Қабаттармен  жұмыс.  Қабат 
қасиеттері.  Қабаттар  бойынша  операциялар.  CorelDraw-да  арнайы  графикалық  эффектілермен 
жұмыс.  Интерактивті  контур.  Интерактивті  бұрмалау.  Интерактивті  қабық.  Интерактивті  сығу. 
Интерактивті көлеңке. Интерактивті ашықтық. Интерактивті ауысу. Перспектива әсері. Линза әсері. 
Растрлық графика. Растрлық сурет өлшемін өзгерту. Растрлық бейнені векторға түрлендіру. Түстер 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет