І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №3 / 2018



Pdf көрінісі
бет25/198
Дата07.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#16935
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   198
  
16 
ISSN 2616-8901.
  Математика және жаратылыстану-техникалық сериясы
 № 4/ 2018  
 
белгілі  бір  жағдайда  пайда  болатын)  мәселесі.  «Виртуалды  шындықтың»  мағынасы  – 
компьютер мен компьютерлік жүйе арқылы адамның көруі, естуі, әрі басынан кеше алуы. 
Көптеген авторлардың пікірінше, физикалық виртуалды бөлшектермен салыстырғанда, 
компьютерлік  виртуалды  шындық  парадоксты  болып  табылады.  Виртуалды  шындық  қолмен 
ұстауға келеді, бірақ заттық болмысы жоқ, оның тіршілігі өзін тудырушы негізбен қамтамасыз 
етіледі.  А.Ю.  Севальниковтың  ойынша,  «мұндай  болмыстың  парадокстылығы:  шын  мәнінде 
жоқ  нәрсенің  болуында».  Біздің  пайымдауымызша,    виртуалды  шындықтың  болмысын 
полионтологиялық  көзқарас  анық  айқындайды:  «Виртуалистика  –  полионтологиялық 
шындыққа  негізделген  көзқарас».  Виртуалистика  –  homovirtualis  (виртуалдыадам)  мәселесі  – 
ақпараттық  революцияның  салдары  ретінде  өзінің  тұжырымдалуын  күтуде.  Көптеген 
зерттеушілердің пікірінше, виртуалды адам XIX ғасырда негізгі мәселеге айналады. 
Адам еңбегі сипатының өзгеруі – қоғамды ақпараттандырудың ең маңызды әлеуметтік 
салдарының  бірі.  Ақпараттандыру  үрдістерін  жаһандандыру  салдарынан  біздің  әлем  туралы 
біліміміздің  мазмұнымен  бірге,  ол  ақпаратты  алу,  жеткізу  және  тарату  тәсілдері  өзгеріп, 
қорытынды есепте тұлғаның ішкі құрылымына айтарлықтай зор ықпалын тигізді. 
Жаңа  ақпараттық  технологиялар  әсерінен  ойлау  стилі,  қарым-  қатынас  тәсілдері, 
айналадағы адамдарды бағалау және өзін-өзі бағалау қабілеттері өзгеруде. 
Қоғамның  ақпараттық  деңгейге  өтуінің  бірнеше  талабы  бар.  Егер  қоғамда  50%  халық 
ақпарат  қызметінде  жұмыс  істесе,  онда  ол  қоғам  ақпараттық  болады.  Мысалы,  А.И.  Ракитов 
ақпараттық  қоғамның  келесідей  қасиеттерін  келтіреді:    а)  ақпараттың  қолжетімділігі;  б) 
техникалық  жағынан  ақпараттың  қолжетімді  болуы;  в)  қоғамда  қажетті  көлемде  ақпараттың 
өндірілуі;  г)  барлық  өндіріс  және  басқару  салаларын  тездетіп  автоматтандыру  мен 
роботтандыру;  д) 50% жұмысшы халықтың ақпараттық салада жұмыс жасауы [1,2]. 
Информатика  секцияларының  шағын  сандарын  да  қарастыра  отырып,  дамудың  тарихи 
аспектісінде,  терминологияда,  зерттеу  объектілерінің  деңгейінде  (ақпарат,  ойлау  және  т.б.) 
информатика  мен  философияның  тығыз  байланысы  бар.  XIX  ғасырдың  аяғында  ғылым 
философиясы ғылыми зерттеу, ашу алгоритмдері, ғылыми білімдердің даму динамикасы, зерттеу 
әдістерінің динамикасы аясында  жеке  бөлік  ретінде қарастырылады.Информатика ғылым ретінде 
қазіргі  заманғы  әлемде  көшбасшы  орынға  ие  болғандықтан,  ақпараттық  философия  саласындағы 
зерттеулер  бүгінгі  күні  өзекті  болып  табылады  және  тұтастай  алғанда  қазіргі  заманғы  ғылыми 
дүниетанымның қалыптасуына үлес қосатын информатика философиясы. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет