І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №3 / 2018



Pdf көрінісі
бет23/198
Дата07.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#16935
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   198
Кілт  сөздер:  жасанды  интелект,  автоматтандыру,  ақпараттандыру,  кодтау, 
компьютерлік моделдеу.  
 
XX ғасырда адамзат дамуындағы құбылыстардың ішінен компьютерлер мен ақпараттық 
қоғамдардың пайда болуы ең маңызды жайт болып саналады. 
Компьютерлендіру  оқу  үрдісінде,  ғылыми  мақсаттарды  жүзеге  асыруда,  таным  үрдісі 
мен  ойлау  салаларына  айтарлықтай    ықпал  етеді.  Ақпараттық  технологиялар  экономикалық, 


  
14 
ISSN 2616-8901.
  Математика және жаратылыстану-техникалық сериясы
 № 4/ 2018  
 
әлеуметтік және басқа да салалардағы қуатты  қайта құрушыға айналды. Компьютерлендіру және 
ақпараттандыру үдерістері әр түрлі елдер мен аймақтарда бір қалыпты  өтпегенмен, бұрын-соңды 
болмаған  биік  деңгейге  жеткені  соншалық,  тіпті  бұл  тұрғыда  қорытындылар  жасап,  болашаққа 
бағдар  жасауға  мүмкіндік  туып  отыр.  Адамзат  әрекетінің  барлық  салаларын  компьютерлендіру  - 
қоғамның  негізгі  мақсаты,  әрі  әлеуметтік  дамудың  императиві  болып  табылады.  Бұл  мақсатты 
жүзеге  асырмайынша  азаматтарға  жайлы  өмір  қамтамасыз  ететін  қоғамдағы  гуманистік  қайта 
құрулар, экономикалық ілгерілеу мүмкін емес. Информатиканың философиялық мәселелерін осы 
тұрғыда қарастыруымыз қажет. 
Информатика  -  ақпараттың  алуын,  жіберу,  өңдеу,  талқылау,  сақтау,  ұсыну  үрдістерін 
зерттеумен, қоғамдық өмірдің барлық салаларында ақпараттық техника мен технологияларды құру, 
қалыптастыру және қолдану мәселелерін шешумен айналысатын ғылыми-техникалық бағыттың бір 
саласы.  «Информатика»  терминін  1960  жылы  Францияда  электронды  есептеуіш  машиналар 
көмегімен  ақпаратты  өңдеуші  саланың  атауы  ретінде  қалыптасты.  Француздық  «informatique» 
термині  екі  сөздің  бірігуінен  information  (ақпарат)  automatique  (автоматика)  жасалған,  яғни 
«ақпараттық автоматика» немесе «ақпататты автоматты түрде өңдеу»[1]. 
Ағылшынтілдік елдерде бұл терминнің түсінігі: «computer science» -компьютерлік техника 
туралы  ғылым.  Компьютерлер  бұрын  жеке  құрылым  болған  ғылыми-зерттеу,  инженерлік 
ізденістер,  электронды  есептеуіш  қызметтерімен  кешенді  пәнге-информатикаға  біріккен.  1960 
жылдардың соңында «информатика» түсінігі тек ақпаратты автоматты өңдеумен ғана айналыспай, 
информатиканың ғылыми теориясымен де байланыстырылады. Информатика түсінігі информатика 
теориясындағы  жалпы,  құрылым  түзуші  түсінік  болып  табылады.  Осы  ұғымның  ғылыми-
философиялық  түсіндірілуі  –  қазіргі  заманғы  білімнің  ең  негізгі  мақсаттарының  бірі.  Ақпарат 
көптеген ғылымдардың бастыны саны ретінде көрінеді. Солай бола тұра, заманауи білімнің дамуы 
бұл түсінікке дәл, аяқталған қорытынды анықтама бере алмайды, оның пәндік ауқымы біздің әлем 
туралы түсінігіміз тереңдеп, кеңейген сайын дамуда[2]. 
Информатика  ғылымының  дамуы  адамзат  үшін  көптеген  мүмкіндіктер  ашты.  
ХХІ ғасырдың басы  адамзат өмірінде, қоғамда ақпараттық технологияның  даму кезеңі болды.  
Информатика жеке ғылыми  бағыт  ретінде ХХ ғасырдың ортасында  ЭЕМ пайда болуына 
байланысты  қалыптасты.  
Бұл  жас  ғылым  ақпараттық  теория  және  кодтау,  алгоритмдер  теориясы,  математикалық 
логика, жүйелерді талдау, кибернетика, жасанды интеллект, шешімдер теориясы сияқты көптеген 
бөлімдерді  біріктірді. Осы бөлімдердің  көпшілігінің  ұзақ ғасырлық тарихы бар. Олардың кейбірін 
қарастырайық. 
Математикалық логика. Бұл ғылыми бағыттың негізі - философияның негізгі бөлімдерінің 
бірі – логика болып табылады. Аристотельдің жазбаларында  логика  тәуелсіз білім саласы ретінде, 
қалыптасып, формальді немесе  аристотельдік логика деп аталды. 
Ақпараттық  теория  және  кодтау.  Информатика      негізгі  ұғым  ретінде  -  ақпарат  алу, 
сақтау,  түрлендіру,  беру  және  пайдаланудың  барлық  аспектілерін  зерттейтін  ғылым. Осы 
анықтамадан  Информатика  ғылымын  зерттеудің  негізгі  нысаны  «ақпарат»  болып  табылатынын 
анық білуге болады. «Ақпарат» термині философиялық түсініктерге және түрлі көзқарастарға және 
түсіну жолдарына қатысты ежелгі философтармен қаралды.      К. Колин атап өткендей, «ақпарат 
қоршаған  айналамыздағы  ең  маңызды  және  бір  мезгілде  жұмбақ  құбылыстардың  бірі». Бұл 
феноменнің  мәнін  түсінуге  тырысқан  көптеген  ғалымдар  өткен  ғасырдың  ортасынан  бастап 
бірнеше  онжылдықтар  бойы  қолға  алды.  Дегенмен,  ғылыми  қоғамдағы  ақпараттың 
тұжырымдамалық  сипаты  туралы  жалпы  қабылданған  ойлар  әлі  әзірленбеген.  Сондықтан  бұл 
әрекеттер бүгінгі күні де жалғасуда. 
Алгоритмдер  теориясы.Алгоритмдер  теориясы  математикалық  логикамен  тығыз 
байланысты  және  математика  негіздерінің  құралдарын  (дәлелдемелер  әдісі,  аксиоматикалық 
теорияларды  құрастыру  әдістері,  математикалық  процедуралардың  қасиеттері)  математикалық 
әдістермен  зерттейтін  жаңа  методикалық  математиканы  құрайды.  Алгоритмдер  теориясында 
алгоритмдік  модельдерді  құру  идеясы  пайдаланылады,  ол  үш  бағытта  жүреді,  алгоритмнің 
күрделілігі зерттеледі.  


 
15 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет