І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №3 / 2018



Pdf көрінісі
бет64/198
Дата07.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#16935
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   198
                          ISSN 2616-8901.  
Математика және жаратылыстану-техникалық сериясы
 № 4 / 2018  
техникалық ғылымдар» сериясы 
 
ол  приборлардың  жиынтығынан  ертеңгі  тапсырманы  шамалап  білуге  де  болады.  Ал  оларды  қалай 
орындау,  бұрын  баспа  беттерінде  жарияланған  әдебиеттерде    келтірілгендіктен,  студентті  де  белгілі 
жұмыстарға  ертерек  дайындауға  мүмкіндік  туады.  Сондықтан,  мұнда  да  дәстүрден  тыс  тапсырманы 
ойлап, тауып отыру қажет, кейде бұл үшін қолдан қосалқы жабдықтар жасауға да тура келеді. Дегенмен, 
бұл  жерде  академик  П.Л.  Капицаның  «Неғұрлым  қарапайым  жабдықтармен  эксперимент  қойылса, 
солғұрлым олар бағалырақ» деген сөздерін ескерте кеткен жөн [1]. 
Осы  айттылғандарға  орай,  эксперименттік  турдың  қарапайым  қолдан  жасалынған  құрылғы 
көмегімен  орындалатын  екі  тапсырмаcының  үлгісін  ұсынайық.  Бұл  тапсырмалар  Кирхгоф  ережесіне 
негізделген және белгісіз кедергіні немесе белгісіз сыйымдылықты анықтауға арналған [2; 3; 4; 5].    
Әдетте,  белгісіз  кедергіні  мектептің  физика  кабинеттері  үшін  шығарылған,  ұзындығы  1м-ден 
асатын «Реохорд» деп аталатын прибормен орындайды. Бұл прибор демонстрациялық болғандықтан әр 
кабинет  үшін  бір  данадан  ғана  шығарылатын.  Біздің  ұсынып  отырған  құрылғымызда,  ондағы  ұзын 
сымнан  бекітілген  кедергінің  орнына  қыздыру  сымдарына  арналған  никелин  немесе  нихромнан 
жасалған спираль сымдар пайдаланылды. Сым бөліктерінің ұзындықтарын спираль диаметрі арқылы да 
табуға  болады,  тек  спиралды  шағын  ұзындықта,  алдын  ала  созыңқырап,  кедергісін  тестор  көмегімен 
өлшеп қою қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет