40
ISSN 2616-8901. Математика және жаратылыстану-техникалық сериясы № 4/ 2018 жасалады. Қазіргі таңда бірнеше дербес студиялар мультипликация саламен айналысып, көптеген қысқаметражды мультипликациялық фильмдер түсіріп жатыр. Десек те, бұл мамандардың аяқтарына тұсау болып тұрған көптеген факторлар бар, олардың ең негізгісі мемлекет тарапынан қаржының бөлінбеуі. Сонымен қатар, программалық, аппараттық құралдардың жетіспеушілігі мен оларды қолданып сапалы нәтиже шығаратын мамандардың да аз болуы өз септігін тигізуде. Мультипликация саласында кейіпкерлердің қаңқалық анимациясын жасауда таптырмас программалық құралдардың бірі – 3ds max программасы. Бұл программа 3d модельдеу және анимациялауда ең танымал пакеттердің бірі болып табылады. 3ds max программасының көмегімен кез келген объекттің үшөлшемді моделін жасауға, объекттің модификациялау әдісін талдауға, тікелей және кері кинематика әдісі мен анимациялаудың принциптерін тереңірек түсінуге, сонымен қатар, көріністі визуалдай отырып, видиомонтаждарға оптикалық эффекттерді қосып, табиғи нышанға енгізуге болады.