1.2 Ф. Бэконның
философиясындағы
ғылым бейнесі
Қозғалыс тұтастығының мәселесі маңызды болып табылады, олар
«қозғалыс тасымалдаушысының жоқтығы» деген ұғымға ие болады.
Жалпысында, қозғалысты зерттейтін физика басқа да Аристотельдің
жалпы ғылыми трактаттарларының теориялық кіріспесі болып табылады.
Мысалы, «Аспан туралы» трактатын алсақ, мұнда аспан дегеніміз
қозғалыссыз жұлдыздар және жермен қоршалған сфераны қарастырады.
Осыдан, Ғарыштың тұтастығы қарастырылады, яғни «ай үстіндегі»
дүниенің ерекшелігі, біздің «ай астындағы» дүние заңдылықтары,
олардың дәстүрлі элементтері: жеңіл (от, ауа), ауыр (жер, су), олардың
байланысы, қасиеттері, іс-әрекеттері. «Элементтер арасындағы
айырмашылық конфигурациямен анықталмайды. Себебі, әрбір
элементтің өзіндік қасиеттері болғандықтан, оларды басқаларынан
ерекше қарастырғанымыз дұрыс болып табылады».
Сонымен, Аристотельдің ғылыми классификациясы метафизика
мен физиканың теориялы-логикалық өзара байланысын нақтылап
өзектейді, яғни ол ғылыми феноменнің философиялық талдауының негізі
болып табылады.
Фрэнсис Бэкон (1561-1626) – Жаңа
заман кезіне тек өзінің философия
жүйесінің
объективті
мағынасы
бойынша ғана қатысты емес, сонымен
бірге ол адам мен қоғам өміріндегі ғылым рөлінің прогрессивтілігін
саналы түрде жеткізуші ретінде де қалыптасқан.
Бэкон ғылымды суға ұқсататын. Ол не аспаннан жауады, не жер
астынан шығады. Су тәріздес ғылым көзі не жер, не су болып келеді.
Ол екі жақты білімді қамтиды: бірінші Құдаймен беріледі, ал екінші
сезімталдық мүшелерінен бастауын алады. Сонымен, Бэкон ғылымды
теология мен философияға бөледі. Бэконның пікірі бойынша шындық
екі жақты болып келеді. Бэкон осы екі ғылым бөлімдерінің нақты
шектелуін, бөлінуін талап еткен. Құдайды санамен түсіну өте қиын.
Бэкон, Құдайды барлық заттар мен жәндіктердің, адам мен дүниенің
жаратушысы ретінде ұсынады. Бірақ, суретшінің салған суреті
бойынша оның күштілігін бағалауға болса, Құдайдың да құдіретін
көруге болады. Осыдан, Бэкон келесідей қорытынды жасады, яғни
Құдай ғана сенім объектісі болады және болуы тиіс. «Сенімге
тиесіліні бер» деп Бэкон христиандардың сүресін қайталайды.
Ғылымның екі аймағы – теология мен философия бір-бірінің
аймағына араласпауы тиіс. Әрқайсысы өзінің қызметін өздеріне
қатысты шеңбермен шектеуі тиіс. Теология пәні Құдай, оған ашылу
арқылы жетуге болады, ал философия табиғатты зерттейді, ол
тәжірибе мен бақылауға негізделеді. Шындықтың екі жақтылық
13
теориясы Бэкон кезінде табиғатты меңгерудің жалғыз жолы ғана
болатын. Бэконның оқыту орталығында – адам емес, керісінше
табиғат, сыртқы ортаны тану, адам мен табиғат күшін меңгеру
сияқты.
Бэкон, өзінің жаңашылдықтары туралы құмарлана айтатын.
«Бірақ орын алған ғылымдар тәжірибелік әдістердің қалыптасуына еш
ықпалын тигізбейді» деп те наразылығын білдіретін. Бэкон адам
білімін кеңейтуді, білімді жетілдіруді алдына мақсат етіп қойған.
Бэконның ғылыми қызметінің негізі, мәні ол ғылымның қайта
туындауы болып табылады. Ғылым тәжірибеден алда жүріп,
жаңалықтарға жол сілтеушісі болуы тиіс. «Бізге жол сілтеуші жіп
қажет», өйткені осы уақытқа дейін адамдар кездейсоқтық пен, әс-
әрекетпен негізделіп келген болатын. Бірақ табиғат құбылысының
тереңдігін ашу үшін адамның ой–санасын тереңдету қажет.
Табиғатты тану үшін, адам миы дамып, бізге қатысты емес жағдайда
оны меңгеріп және қолданып көруі тиіс.
Бэкон «Органон» деген еңбегін логика ретінде ескереді. Тек
жаңа логиканың құрылуы, яғни әдісті ойлау шектеуін тәжірибеге
сәйкестендіріп, теорияны табиғатпен күресудің күшті әдісіне
айналдыруға болады деген. Ақиқатқа жүгінсек, бұл әдіс адамның
жаңа ашылулары мен жаңашылдықтың ең жақсы әдісі болып
табылады. Бэконның пікірі бойынша силлогизмнің ескі әдісі мұнда
әлсіз болып келеді. Адамның заттарға үстемдік етуінің орнына,
силлогизм пікірге үстемдік бола алады, ал оның негізгі мақсаты –
нағыз ғылыми әдістемеліктің осындайға ұмтылуы.
Сонымен, бұл әдіс Бэкон үшін терең тәжірибелік мағынаға ие. Ол
күшті өзгертуші күш болып табылады, себебі ол адамның теориялық
және тәжірибелік қызметінің дұрыс бағытқа салынуына көмегін
тигізеді. Ғылымның барлық ғимараттарын қайта салу үшін теорияның
өмірден қалу себептерін айқындап алу қажет. Бэкон пікірі бойынша
бұл себептер адамның ойы, миы қабылдайтын әр түрлі пікірлер.
Ф.Бэкон таным процесінің қандай жолмен жүретінін ғана көрсетпей,
сонымен бірге ақиқи білім алудағы адамға жолығатын кедергілерді де
анықтады. Осы кедергі, себептерді ол астарлы атау «елестер» деп
атап, оның төрт түрін қарастырды:
1. Тектік елестер, ол адамның тектік табиғатының негізіне
салынған. Адам осы рухтар ықпалымен табиғатты өзіне ұқсас етіп
көргісі келеді. Бэкон пікірі бойынша адам ойы тегіс емес айнаға ұқсас
келеді, ол өз табиғатын заттардың табиғатымен араластырып,
бұрмаланған түрінде көрсетеді. Тек рухтары дүниетанымды
атропоморфизмге және теологизмге алып келеді.
14
2. Үңгір елестері, ол адамның жеке дара қабілетінен туындайды,
ол тәрбиеге де байланысты келеді, өйткені кейбір адамдар табиғатты
үңгірден бақылап отырғандай қабылдайды. Бұл рухты Бэкон
бойынша ұжымдық тәжірибе мен бақылау көмегімен жеңуге болады.
3. Жәрмеңке елестері жатақхана мен адамдар арасындағы одақ
формасының негізінде туындайды. Мұнда маңызды рөлді сөйлеу,
ескірген түсінік, дұрыс емес сөйлеу, бұрмалау, ұғымдарды дұрыс
қолданбау. Бұл рухтардан бас тартудың жолы, ол орта ғасырлық бос
сөзбен, бекер уақыт кетірумен күрес болып табылады.
4. Театр елестері, мұнда беделге бағыну орын алады, әсіресе
дәстүрлі философиялық жүйе, олар өздерінің тізбектілігі бойынша
театрдағы ойынға ұқсас келеді. Мұндай ойлау күшін жеңу үшін,
Бэконның пікірі бойынша табиғатты тікелей зерттеу тәжірибесіне
жүгіну қажет.
«Тек» пен «үңгір» елестері ойдың қарапайым қасиеті, ал «жәрмеңке»
мен «театр» рухтары оймен қабылданатын қасиет. Олар ғылыми
таным жолында үлкен кедергі болады, табиғаттың шынайы келбетін
бұрмалайды. Сондықтан, Бэкон үшін елестерді жеңу процесі
ғылымның қалыптасу және қабылдаудың жаңа әдісінің шарты болып
табылады.
Бэкон, ғылымның қалыптасуына кедергі келтіріп отырған
себептерді анықтаумен айналысты. Мұндай себептердің біреуі, ол
адамдардың өткенге деген құрметі, бұрынғы философтар алдында бас
июлері, өткеннің қазіргіге қатысты төрешінің орнын алмауы тиіс. Біз
бұрынғы философтардың пікіріне қайшы келіп қалуға қорықпауымыз
керек. Өйткені біздің мақсат – ол жаңа ойлау жолын ашу болып
табылады.
Осыған байланысты Бэкон Аристотельдің рухына деген өзінің
қатынасын негіздеген. Оның пікірі бойынша ой, сана бос болуы тиіс,
ал дәлел – нақты және тізбекті болуы қажет деген пікірде. «Өйткені
шындық біз үшін даңқ емес, керісінше уақыт қызы ретінде келуі
тиіс».
Ғылымның
даму
тежеуішін
зерттей
отырып
Бэкон
философияның тағы бір тұрақты дұшпанын еске түсірді. «Бұл
дұшпан–бағынушылық». Сондықтан Бэкон шындықтың екіжақтылық
теориясын ұстануды жөн көрді. Бэкон бойынша танымның шынайы
объектісі – ол материя, оның құрамы мен құбылысы.
Өмір сүруге тиесілінің барлығы ғылымды да меңгеруге құқылы,
себебі ол тек шынайылықтың сипаты болып келеді. Осыдан Бэкон
философиясында
жаратылыстану
мағынасы
пайда
болады.
«Жаратылыстану шыншыл ғылым болып келеді, ал физика–
жаратылыстанудың маңызды бөлігі». Бэконның пікірі бойынша
15
жаратылыстану адамның өмірінде аз ғана үлеске тиесілі болған.
«Философия жаратылыстанумен бірге ғана пайда әкеле алады» дейді
ол. Бэконның білім мақсаты анық, яғни «ғылымның мақсаты ол адам
өмірінің шынайы жаңашылдықтармен байытылуы, яғни жаңа
құралдарды меңгеру». Сонымен, Бэкон айтуынша ғылым өздігінен
маңызды емес, оның маңыздылылығы адамға тигізетін пайдасында.
Бэкон үшін, таным объектісі – ол табиғат, ал таным міндеті –
табиғатты зерттеу, таным мақсаты – адамның табиғатты бағындыруы.
Силлогистердің пікірлері бойынша, ғылымның рөлі – ол бір
түсініктен екіншісін анықтау, жалпыны жекеден жіктеу. Оларды
нақты фактілері идеяны тудырады. Бірақ бұл әдіс келесіге алып
келеді: «дүние адам ойының алдында құлшылық етеді, ал адам ойы
сөздің алдында құлшылық етеді».
Бэкон бойынша ең негізгісі – ол тәжірибе және индукция.
Индуктивті әдісті дұрыс қолдану адамның ойын, табиғаттың ең
құпиялы қасиеттерін дұрыс түсінуге мүмкіндік береді. Табиғатты
бағындыру үшін, оның заңдарын толық білу қажет. Бірақ қандай білім
шынайы, қандай білімнің көмегімен адам табиғатты бағындыра
алады? Шынайы ғылым – ол себептерді анықтау. Себептердің төрт
түрі бар: материалды, іс-әрекет етуші, оны зерттеу физика құрамына
кіретін, формальды және аяқты, ол метафизикаға қатысты.
Материалды және әрекет себептерін ашу шынайы білімді бермейді.
Шынайы білім формальді себептердің негізіне салынған. Әрине
мұндай себептер теология пәні ретінде қолданылады. Индуктивті әдіс
– форманы тану жолы. Бэкон философиясы бойынша индукция, оны
қолдану әдісі, зерттеулерді меңгеру өзара байланысты келеді.
Бірақ
Бэконның
ғылымдылық
жіктемесі
субъектінің
ерекшелігіне байланысты келеді. Заттың образы сезу мүшелері
арқылы миға кіріп, ізсіз жоғалып кетпейді, ол есте сақталып қалуы
мүмкін.Адамның осы қабілеттері, Бэкон бойынша, ғылымды жіктейді.
Есте сақтау қабілеті – тарих негізі, ой –поэзия негізі, сана –
философия негізі. Тарих екіге бөлінеді: адамзаттық және
жаратылыстану. Жаратылыстану тарихы мазмұндаушы және
индуктивті болып бөлінеді. Философия келесідей жіктелінеді:
жаратылыстану философиясы, табиғатты зерттеу философиясы,
адамды зерттеу философиясы, Құдайды меңгеру философиясы.
Поэзия
келесідей
бөлінеді:
параболистикалық,
драмалық,
сипаттаушы.
Сонымен Бэконның тарихи орны ерекше, ол жаңа уақыттағы
тәжірибелі ғылымның шынайы басшысы болады.
|