Ылым тарихы мен философиясы



Pdf көрінісі
бет8/103
Дата07.01.2022
өлшемі1,74 Mb.
#17045
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   103
1.5 Вена үйірмесінің ғылыми-  
     философиялық мәселелері 
 
формалары мен әдістерін зерттеу ғылым философиясының пәні болуы 
керек. 
Сонымен,  ғылым  философиясы  пән  ретінде  өзі  туралы  тек  ХХ 
ғасырдың  екінші  жартысында  жария  етті,  бірақ  оның  бастауында 
ғылымның  методологиясына  және  логикасына  үлкен  үлес  қосқан 
бірінші позитивистердің аттары тұр.   
 
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1.  Ғылым тарихы: дамуы, негізгі проблемалары және сұрақтары. 
2.  Алғы ғылым және оның негізгі ерекшеліктері. 
3.  Миф, технология, ғылым. 
4.  Мәдениет тарихындағы ғылым генезисы. 
5.  Классикалық ғылымның бастаулары. 
6.  Қазіргі ғылымның ерекшеліктері: негізгі критерийлері. 
 
1922  жылы    Австрияда 
Вена 
университетінің 
индуктивті 
ғылым 
философиясы кафедрасында М. Шлик (1882-1936) басқарған  Вена 
үйірмесі  атанған  логикалық  позитивизм  құрылған.  Баспатқыда  ол 
ғалымдардың  еуропалық  қозғалысы,  ғылыми  әдіскерлері, 
логиктары  ретінде  пайда  болды,  кейіннен    бұл  үйірмеге  Вена 
университетінің  оқытушылары  мен  студенттері  кірген,  басқа 
мемлекеттердің  өкілдері  арқасында  ол  кеңейді.  Әртүрлі  уақытта 
Вена үйірмесіне Р.Карнап, Г.Бергман, Г.Фейгель, К.Гедель, Г.Хан, 
О.Нейрат,  Ф.Вайсман  және  т.б.  кірген.  Вена  үйірмесінің  танымал 
көшбасшысы  болған  Мориц  Шлик  және  үйірмеге  1926  жылы 
шақырылған  оның  ісін  жалғастырушы  Рудольф  Карнап  (1891-
1970).  1929  жылы  Карнап,  Хан  және  Нейрат  «Ғылыми 
дүниетүсінік.  Вена  үйірмесі»  манифесін  басып  шығарды.  Осыдан 
кейін  Еуропа  және  АҚШ  университеттерінен,  Берлиндік 
эмпирикалық  философия қоғамынан, Львов – Варшава мектебінен  
бір  ой  ұстанатын  топтармен  және  де  бөлек  философтармен 
қатынастар  пайда  болды.  Вена  үйірмесімен  Ф.Франк,  Э.Кайла, 
Э.Найгель,  А.  Айер  және  т.б.  қатынас  орнатты.  1930  жылдан 
«Erkenntnis»  (Познание)  позитивті  журналының  шығарылымы 
басталды,  ол  1939  жылға  дейін  шықты,  ал  1938  жылы 
«Унифицирленген ғылымның халықаралық энциклопедиясы» және 
«Унифицирленген  ғылыми  сериясының  кітапханасы»  кезеңдік 
басылымдар  шықты.  1929-1930  ж.ж.  неопозитивистер  бірқатар 
конгресс  шақырды:  Прагада  (1929,1934),  Кенигсбергте  (1930), 
Парижде (1935,1937), Копенгагенде (1936), Кембриджде (1938). 


 
 
26 
Вена үйірмесінің өкілдері ғылым философиясының дамуы және 
қалыптасуына  үлкен  үлес  қосты.  Негізінен  ХХ  ғасырдағы  басты 
ғылым  философиясының  мәселелері  бірінші  рет  Вена  үйірмесінің 
теориялық  қызметінде  қарастырылды  және  талқыланды.  Оның 
қатысушылары ғылым философиясының екі басты мәселесін қойды: 
 
ғылымдық  білімнің  құрылуы,  ғылымның  құрылымы, 
эмпирикалық және теориялық деңгейдегі ғылыми ойлар жайлы; 
 
ғылым спецификасы, ғылыми ойлар және олардың ғылыми 
критерийлері:  ғылым  тілінің  ұғымдары  және  тұжырамдамаларының 
ғылымилылығын нағыз анықтау мүмкіндіктері мен әдістері жайлы. 
  Философия  үшін  ғылыми  білімнің  құрылуы,  оның  эмпирикалық 
және теориялық деңгейлерінің сәйкестігі туралы сұрақ жаңа емес.Бұл 
мәселе  Жаңа  заман    ғылымының  пайда  болуынан  бері  талқыланып 
келеді  және  алғашында  сезімдік  немесе  рационалдық  түсінімге  өз 
қалауларын  беретін  эмпиризм  және  рационализмнің  қақтығысуы 
формасында  болған.  ХХ  ғасырда  ғылым  сондай  тез  дамыды,  оның 
құрылымының  логикалық  анализінің  мәселесі  ең  маңызды  мәселе 
ретінде күн тәртібіне қойылды.  
   Ғылымилықтың 
критерийлерін 
іздеу 
мәселесі, 
ғылыми 
сөйлемдердің  ғылыми  емес  сөйлемдерден  айырмашылығы  туралы 
сұрақтың  қойылуы  да  маңызды  болды.  Бұл  былай  түсіндіріледі, 
ғылымның үлкен нәтижелері және оның әсер етуінің өсуі заманында  
жай ғана тұжырымдар мен көзқарастар ғылымиларға жатқызылды.  
Вена  үйірмесінің  өкілдерінің  «ғылымды  метафизикадан 
босатуға»,  ғылым  тілін  ғылыми  емес  ойлардан  тазартуға  ұмтылысы 
философия  және  ғылымның  қатынасы  жайлы  сұрақты  анықтауды 
ұсынған. Үйірменің барлық қызметкерлері ғылымның метафизикадан 
босатылуын  қолдады.  Вена  үйірмесінің  позитивистері  айтуынша 
адамзатқа  тиісті  сыртқы  әлем  туралы  білімнің  барлығы  тек  жеке 
эмпирикалық  ғылымдардан  алынады.  Философия  әлем  туралы  осы 
ғылымдар  айтқаннан басқа жаңа ештеңе айтпайды, ғылыми көзқарас 
білдіре  алмайды.  Философия  –  ғылым  емес  және  ғылыми  бола 
алмайды.  
Егер де философия әлем туралы білімдер жүйесінің құрылуына 
таласпаса,  онда  философияның  рөлі  адамзаттың  білім  жүйесінде  зор 
орын  алады.  Философия  әлеммен  жұмыс  істемейді,  ал  оның  тілдегі 
бейнесімен  жұмыс  істейді.  Адамзат  білімі  тілде  көрініс  табады,  ал 
философия  болса  осы  тілмен  айналысады  –  сөздерімен, 
сөйлемдерімен, сөз тіркестерімен. Оның міндеті ғылым сөйлемдерінің 
түсінігін және анализін жасау, анализде ұғымдарды қолдану, сөздерді 
қолдану  ережесін  құрастыру.  Вена  үйірмесінің  барлық  өкілдері 


 
 
27 
философияның  нағыз  пәні  болып  тіл  табылатынын  толық  қолдады. 
Көбісі философияны ғылымның логикасы деп таныды.  
Сонымен  Вена  үйірмесінің  өкілдерінің  айтуынша  философ 
тілмен  айналысады,  Карнап  оны  сөздерді  қолданудың  формалды 
ережелерімен жұмыс деп түсінген, ал Шлик бойынша философиялық 
таным сөздердің мағынасын анықтаудың үрдісі болып табылады.     
        Адамзат  біліміндегі  философияның  рөлін  осылай  түсінгендері 
үшін  Вена  үйірмесінің  идеялары  басқа  философия  бағыттарының 
өкілдерімен  сынға  алынған.  Соның  салдарынан  алға  шыққан  жаңа 
философия пәні пайда болды – ғылым логикасы мен методологиясы, 
ғылым философиясы.  
Вена  үйірмесінің  өкілдері  үшін  философия  тек  қана  ғылым 
тілінің  анализі  ретінде  ғана  өмір  сүре  алады.  Осы  анализ  кезінде 
пайда  болатын  бірінші  сұрақ:  қандай  тұжырымдар  ғылыми  сипатқа 
сәйкес  келеді,  ал  қайсыларын  ғылыми  тілден    алып  тастау  керек? 
Басқаша  айтқанда,  ғылыми  тұжырымдамалардың  мамандануы 
қандай?  Вена  үйірмесінің  концепциясына  сай  адамзатты  қоршаған 
дүниедегі  заттардың  қалпының    қосындысы  шынайлылық  болып 
табылады.  Мұндай  заттардың  қалпы  эмпирикалық  түрде  анықталуы 
мүмкін және жай хаттама сөйлемдерінде анықталуы мүмкін. Хаттама 
сөйлемдерінің  қосындысы  ғылыми  білімнің  шынайы  базасын 
құрайды.  Оны  тәжірибе  мен  сипаттаулар  арқылы  анықтауға  болады. 
Сезім  мүшелері  мен  осы  мүшелердің  жалғасы  болып  табылатын 
құралдар  барлық  адамдар  үшін  бірдей  құралғандықтан,  біз  оларға 
сенбеуіміз мүмкін емес.  
Логикалық  аппаратты  қолдану  заттардың  қалпы  арасындағы 
байланысты  және  қарым-қатынасты  сипаттауға  болатын  одан  да 
құрылымы  қиын  молекулалық  сөйлемдердің  құрылуына  мүмкіндік 
береді.  Егер  де  логиканың  жай  тілін  қолдансақ,  жай  эмпирикалық 
берілгендерді сипаттауға болады, ал егер де логиканың  қиын әрі бай 
құралдарын  қолдансақ  үлкен    мағынасы  бар  тұжырымдамаларды 
алуға  болады.  Осылай  эмпирикалық  білім  құралады.  Басқаша 
айтқанда эмпирикалық сөйлемдер екі типті болады: 
 
фактілер  туралы  тікелей  тұжырымдар  –  атомдық,  жай, 
хаттамалық сөйлемдер; 
 
жай 
сөйлемдер, 
немесе 
шынайы 
жай 
сөйлемдердің 
функциялары. 
Теориялық  деңгей  индуктивті  ортақтастыру  және  жаңа  білімді 
енгізудің  гипотетикалық  әдістері  көмегімен  қалыптасады.  Ғылыми 
теорияның  құрылуының  басқа  жолдары  жоқ.  Вена  үйірмесінің 
қызметкерлерінің түсінігі бойынша логикалық қорытынды жаңа білім 


 
 
28 
бермегендіктен,  теория  сөйлемдерінің  мазмұны  жай  сөйлемдердің 
мазмұнымен тең.  
Сонымен,  ғылыми  білімнің  теориялық  және  эмпирикалық 
деңгейлері  теорияның  екі  құрылымдық  деңгейлері  болып  табылады. 
Теориялық  деңгейде  ғылым  заңдары  және  ғылыми  гипотезалар 
сияқты  маңызды  ғылыми  ұғымдар  пайда  болады,  сондай-ақ  осы 
ғылыми гипотезалар мен заңдарды дәлелдеу мәселесі тұрады. Мұндай 
дәлелдеу  тек  қана  ғылыми  білімнің  теориялық  және  эмпирикалық 
деңгейлерінің  арасындағы  байланысты  анықтағанда  мүмкін  болады. 
Теориядан  алынған  фактілер  тәжірибе  жүзінде  тексеріледі.  Егер  де 
фактілер  шынайы  болса,  онда  теориялық  тұжырымдама  дәлелденген 
болатын, неғұрлым дәлелдер көп болған сайын ол соғұрлым ғылыми 
дәлелденген болып саналған. Мұндай теориялық  білімді дәлелдеудің 
принципі  верификация  принципі  деп  аталған  (латынша  «verus» 
шынайы, «facio»  жасаймын).  
Верификация  принципі  бойынша  сөйлемдер  әрқашан  да 
фактілермен  салыстырылуы  керек.  Шынайы  фактілерді  іздей  келе, 
Вена үйірмесінің өкілдері жай сөйлемді сезім мүшелерінің көмегімен 
алынған  ақпарат  сияқты  шынайы  болып  табылатын  құбылысқа 
жатқызды. ««Мынау стол» деп айтсам мен қателесуім мүмкін, өйткені 
менің  көріп  тұрғаным  стол  емес,  басқа  зат  болып  шығуы  мүмкін. 
Бірақ  егер  мен  «мен  ұзынша  келген  қоңыр  сызықты  көріп  тұрмын» 
деп  айтсам  менің  қателесуім  мүмкін  емес,  өйткені  бұл  нағыз  менің 
көріп тұрған затым». Егер біз сөйлемдерді шындықпен сәйкестендіре 
алатын болсақ, онда мұндай сөйлемдер мағыналы болады, ал егер де 
біз мұны жасай алмасақ, онда мағынасыз сөздерді айтатын боламыз.  
Сондықтан, «Бұл ұнтақ тұз болып табылады» деген тұжырымды 
тексере аламыз, оның дәмін татып көрсек болғаны, немесе, «Столдың 
астында  мысық  отыр»  деген  тұжырымды  столдың  астына  қарап-ақ 
тексере  аламыз.  Бірақ  метафизиканың  сөйлемдері  осы  әдіспен 
тексеріле  алмайды.  Вена  үйірмесінің  өкілдерінің  көзқарастары 
бойынша  «Уақыт  шынайы  емес»,  «Әлемнің  субстанциясы  ол 
абсолют» деген сөйлемдер мағынасынан айырылған. Бұл сөйлемдерді 
тексере  алмағандықтан  немесе  олардың  шынайы  екені  көрінетін 
шарттарды көрсете алмағандықтан, бұлар өтірік сөйлемдер болады.  
Верификация  принципін  енгізгеннен  бері  тұжырымдамалардың 
ғылыми  екенін  анықтау  оңай  болған  сияқты  болды,  бірақ 
верификация  үрдісін  жүзеге  асыру  қиындықтары  бар  болып  шықты. 
Біріншіден,  верификация  принципінің  табиғаты  түсініксіз  болды:  ол 
тавтология  емес,  фактілер  туралы  тұжырымдаулар  да  емес. 
Екіншіден,  егер  де  біз  верификация  принципін  қолдансақ,  онда 
метафизикалық сөйлемдердің ғана емес, басқа да ғылым сөйлемдерін 


 
 
29 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет