Күинен келетін жылу энергиясы - жердегі бар экзогенді
геоморфологиялық процестерді дамытушы фактор. Оның мөлшері
жеР шаРы бойынша бірдей емес және жер беті, мұхиггық шаралар мен
кұрлықтарға бөлінуіне, кұрлық беті жыныстарының литогенді
құрамына, өсімдік жамыл^ісына, жер бедері пішініне қарай әр түрлі
мөлшердеп жылу балансы түзіледі. Дегенмен, ол экватордан
полюстерге қарай кеми береді. Осыған орай жер беті ландшафтысы
географиялық белдеу, географиялық зона және оның бөліктері жалпы
географиялық зоналық заңдылықпен түсіндірілетін процестердің
нәтижесінде пайда болган.
Биоценоздар
эволюциялық
процесс
нәтижесінде
ұдайы
кұрылымдық жаратылысын жетілдіріп, күрделене береді. Демек, ішкі
түр құрылымы қарапайым болып келетін суык белдеулер мен шөлді
жерлерге Караганда қоңыржай ендік пен тропиктік, экваторлық
оелдеулердегі ландшафтының кұрамдас бөліктерінің тепе-тендігі
табигаттын колайсыз құбылыстарына шыдамды болады.
13
|