159
2.3 Мекпеп жасына дейінгі балалармен психодиагностикалық
жұмыстардың негізгі принциптері
Баланы диагностикалық тексеруге арналған иүмкіндігінше қысқа
әдістемелік тәсілдер- экспресс әдістеме түрінде, бала тұлғасының белгілі бір
сферасын тез зерттеуге ыңғайлы болғаны дұрыс.
Баланы диагностикалық тексеру алдында онымен алғашқы байланысты
орнату үшін, кез келген тақырыпқа диагностикалық интервью жүргізу
ұсынылады. Психолог оны жүргізу әдісін жақсы білуі қажет.
Әдетте, мұндай интервьюлер төмендегідей құрылыммен ерекшеленеді:
кіріспе: баланы ынтымақтастыққа тарту, "көңілін келтіру";
баланың еркін сөйлеуі;
жалпы сұрақтар беру: " Сен өзің туралы маған бірдеңе айта аласың ба?
Біз екеуіміз аздап таныс болдық. Енді мен мынаны білгім келеді. Сен балалар
мен қалай ойнайсың?" т.б
толық зерттеу;
бала өзін еркін сезінетіндей жағдай жасау және балаға құрмет білдіре
отырып, қорытынды жасау;
Балаға берілетін сұрақтар үш түрлі болады:
Зерттелетін пәндерге байланысты тікелей сұрақтар, мысалы: "Сен сурет
салуды жақсы көресің бе?"
Мазасыздану, үрейлену қауіпін бәсеңдететін жанама сұрақтар, мысалы:
"Егер үстел үстінде фломастерлер жатса сен неістер едің?"
Баланы топпен немесе басқа адаммен теңестірумен сәйкестендірілген
негізсіз прожективті сұрақтар, мысалы: " Балалар сурет салуды жақсы көре
ме?"
Диагностикалық интервью ұзаққа созылмауы және жалықтырмауы керек.
Баланың жасына және диагностика міндеттеріне сай әртүрлі модификациялар
қолдану қажет. Осы мақсатпен ойыншықтар, қағаздар, қарындаштар,
фломастерлер қолданған дұрыс, өйткені балалар өз сезімін сөзбен сипаттай
алмайды,оларға оны суретте көрсету оңай.
Баламен алғашқы танысуды өткізген соң, психодиагностикалық
тексеруді бастауға болады.
Қандай да бір шеберге жұмыс істеу үшін құралдар қажет.
Психологиялық зерттеулер әдісін де, епті шебердің қолында бала жанын
түсінуге көмектесетін құрал ретінде қарастыруға болады.
Психологиялық зерттеулер әдісін практикада қолданғанда негізгі
принциптерді, идеяларды басшылыққа алу қажет.
Алдымен бұл-
бала жанын, психикасын зерттеудің генетикалық
тұрғыдан қарастыру принципі. Бала психологиясы үшін бұл принциптің
маңыздылығы сондай, өйткені осы ғылым басқаша генетикалық психология
деп аталады. Бұл принцип бойынша бала психикасының құбылыстарын
зерттеуде,баланың үлкендермен өзара қарым-қатынас,өз іс-әрекеті және
құрбы-құрдастарымен
қатынас
барысында
қалай
дамитындығын,
өзгеретіндігін анықтауға тырысамыз. Бұл принцип баланың психикасының
160
дамуына,
оның
тұлғасының
қалыптасуына
нақты
мәдени-тарихи
жағдайлардың әсерін талдауға бағытталған.
Бала психикасының дамуын диалектикалық тұрғыдан зерттеу
детерминизм принципін, ішкі және сыртқы факторлармен анықталған қандай
да бір өзгерістердің байланыстылық себептерін жүзеге асыруды қарастырады.
Зерттеу барысында алынған әрбір жеке фактіні сапалық жағынан
қарастыру , яғни баланың барлық ішкі әлемін, оның мінез-құлқының
қатыстылығын ескеру қажет. Осыдан
баланың тұлғасын айналасындағы
адамдармен барлық алуан түрлі байланыстарда зерттеу қажкттігі
туындайды.
Айналасындағы адамдармен қарым-қатынасын талдамай, баланың
тұлғасы және оның мінез-құлқы туралы мүлде ештеңе түсінуге болмайды
(
тұлғаны және қарым-қатынасты зерттеу бірлігі принципі).
Кейде, тестілер және басқа да психологиялық әдістер, дамудың белгілі
бір жағдайын және деңгейін тек қана белгілейді деп есептейді. Бірақ та, тіпті
медициналық диагностикада әртүрлі анализдер қандай да бір физиологиялық,
дене жағдайларын өлшеп қана қоймайды, аурудың психологиялық көңіл-
күйіне белгілі бір түрде ықпал да етеді. Бұл жағдайды психологиялық
зерттеуде жоғары дәрежеде ескеру қажет. Кез келген тест немесе сұрақнама
(опросник) тек қана белгілі бір психологиялық құбылысты өлшемейді,
баланың тұлғасына әсер етуді де қамтиды. Сондықтан да бұл жерде
Гиппократтың өзі айтқан: " Зиян келтірме!" деген ежелгі қағиданы ескеру
қажет.
Сыналушыға зиян келтірмеу принципі баланы (топты) зерттеуде, не
оны (зерттеуді) жүргізу процесі болсын, не оның нәтижелері болсын,
сыналушыға ешқандай да зиян келтірмеуін талап етеді (денсаулығына,
жағдайына, әлеуметтік статусына және т.б.).
Сонымен қатар,баланың дамуына көмектесетін әдістерді де қолдану
жағын қарастыру қажет. Сондықтан
психика дамуының диагностикасы және
коррекциясының бірлігі принципін жүзеге асыру өте маңызды. Негізгі мақсат
та осында.
Сондай-ақ,
баланы, бала қоғамын зерттеуде алалық жасамау
(бөлектемеу) принципі өте маңызды. Ол жеке балаға болмасын,не балалар
тобына болмасын алдын -ала келісілген пікірдің болдырмауын қамтамасыз
етеді.
Бала бақшасындағы диагностикалық психокоррекциялық жұмыс
психологтың, тәрбиешінің тек баламен және топпен ғана емес, ата-аналармен,
балалармен жұмыс істейтін мамандармен де тығыз ынтымақтастықта болуын
қарастырады.
Ынтымақтастық принципін және тағы басқа да аталған
принциптерді жүзеге асыруға педагог-зерттеушінің қарым-қатынасқа
бейімділігі,эмпатия,
психиканың
көріністерін
байқағыштығы,
айналасындағылардың сенімін және әуестігін қолдау қабілеті сияқты
қасиеттері мүмкіндік туғызады:
Достарыңызбен бөлісу: