Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың



Pdf көрінісі
бет48/66
Дата07.01.2022
өлшемі2,36 Mb.
#17339
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   66
Байланысты:
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»

6. Жұмбақ ойын: Ұйқасын тап  
Кезіп жүріп өзекті 
Ұстап алдым (көжекті) 
 
Қарды қояр күреп 
Керек жалпақ (күрек) 
 
Жазу үшін саған 
Қажет  қою (қалам) 
 
Қора баққан шапқылап 
Бір итім (саққұлақ) 
 
Қонып алып жарға 
Қарқылдайды (қарға) 
 
Даусына құлақ түр 
Жер жыртып жүр (трактор) 
 
Моп-момақан өзі 
Сүп-сүйкімді (қозы) 
 
Үсті-басы түрпі 
Тышқан аулар (кірпі) 
 
Дуадақ құс шөлде 
Аққу-қаздар (көлде) 
7. Ойын: «Көршіңді тап!» 
Шарты: екі топқа бөлініп, 1-20 дейінгі қызыл және көк сандар жазылған 
шырша бүрлерін жинап, түсіне қарай сан ретін тауып тұру.  
 
Б қосымша. Жағдаяттарды талқылау және талдау
 
1-жағдаят.  
 
Ержан аулада ойнап жүр. Жоғарыдан тура оның алдына үлкен жұмсақ 
аю  ойыншығы  келіп  құлады.  Бала  жоғарыда  ашық  тұрған  терезені  көрді, 
бірақ  ешкім  көрінбейді.  Ол  ойыншықты  қолына  алды.  Ержанның  бұрыннан 
бері  мұндай  ойыншық  арманы  еді.  Ол  ойыншыққа  қарап  тұрып,  ойланды. 


157 
 
Қалай  ойлайсың,  Ержан  не  туралы  ойланды?  Соңында  ол  дұрыс  шешім 
қабылдады. Ержан қандай шешім қабылдады деп ойлайсың? 
 
2-жағдаят.  
 
Аулада  балалар  ойнап  жүрген.  Олардың  қастарынан  кәрі,  жүндері 
түскен мысық өтіп бара жатты.  
 
- Ой, қандай сүйкімсіз мысық,- деді Айжан. 
 
- Таспен соғып қуалайық па?- деді Самал. 
 
Сөйтіп олар таспен атқылай бастады. Балалар әрекетін қалай бағалайсың? 
Зұлымдық деген не? 
3-жағдаят.  
Арман  мен  Ерасыл  дос.  Олар  бір  үйде  тұрады,  бір  аулада  ойнайды. 
Арман сабаққа зерек. Ерасыл жалқаулау бала. Арман досына достық ретінде 
үй тапсырмасын көшіруге береді. Қалай ойлайсыңдар бұл достыққа жата ма? 
Нағыз достар қалай әрекет етеді? 
4-жағдаят.  
Сауле  мен  Гүлназ  дос  қыздар.  Олар  асхана  тамақтануға  бірге  барады. 
Кейде  Сауленің  тоқашқа  ақшасы  жетпей  қалады.  Мұны  көріп  досы  Гүлназ 
былай деді: «Менің артық ақшам бар, бірақ анам ешкімге ақша берме дейді»,- 
деп жауап берді. 
-  Қалай  ойлайсыңдар  мұндай  жағдайда  қалай  әрекет  етуге  болады? 
Нағыз достар қалай әрекет етеді? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет