Білім алушыны қорытынды аттестаттау (Qualification
Examination) – білім алушылардың оқу пәндерін қандай деңгейде
меңгергенін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім.
Білім алушының академиялық рейтингісі (Rating) – аралық
аттестаттау
(қорытынды
бақылау)
нәтижелері
бойынша
құрастырылатын білім алушының бағдарламалық материалды
меңгеру деңгейінің сандық көрсеткіші.
Білім алушының өзіндік жұмысы (БӨЖ) – белгілі бір
тақырыптар бойынша оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз
етілген және тестілеу, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар,
рефераттар, шығармалар және есеп беру түрінде бақыланатын
өздік жұмыстары.
Білімнің электронды банкісі – оқу үдерісін және құжат
айналымын автоматтандырылған басқару жүйесімен байланысты
оқу және ғылыми негіздегі бағдарламалар мен дидактикалық
құралдардың жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |