Ассистент, доцент, профессор (Assistant Professor,
Associate Professor, Professor) – ЖОО-ғы профессорлық-
оқытушылар құрамының қызметкерлері.
Аудиоконференция – телекоммуникациялық құралдардың
көмегімен жүзеге асырылатын бір-бірінен алшақ орналасқан
студенттер мен оқытушылардың (тьюторлар) тілдік өзара қарым-
қатынасын болжайтын ақпараттық технологияның бірі.
Аудиоқосымша – аудиожазба, онда көбінесе оқытушының
кейбір сызбаларға, кестелерге, иллюстрацияларға арнап айтылған
көзқарастары жазылады.
Аудиолекция – интерактивті аудиоқатар ретінде көрсетілетін
оқу материалдарының бір түрі.
Достарыңызбен бөлісу: |