Білім
алушыларды
мемлекеттік
қорытынды
аттестаттау (Qualification Examination) – білім алушылардың
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру деңгейіне сәйкес
стандартты қандай деңгейде меңгергенін анықтау мақсатында
өткізілетін рәсім, оның қорытындысы бойынша білім алғаны
жайлы құжат беріледі (диплом).
Білім алушылардың оқу жетістіктері – оқу үдерісі кезінде
алған білім алушылардың білімі, іскерліктері, жаңалықтары және
жеке тұлғаның даму деңгейінің жетістіктері.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау – әр түрлі
бақылау жұмыстарының (жазба жұмыстары, тестер, практикалық
жұмыстар, портфолио, ауызша сұрау және т.б.) негізінде белгілі
бір пән бойынша білім алушылардың жетістіктерін тексеру; ол
ағымдық бақылауға, аралық бақылауға, қорытынды бақылауға
бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |