Академиялық дәреже (Degree) – қорытынды аттестаттау
нәтижесі бойынша білім беру ұйымы ұсынатын білім
алушылардың тиісті оқу бағдарламаларын меңгеру дәрежесі.
Академиялық кезең (Term) – білім беру ұйымы таңдаған
семестр, триместр, квартал сияқты үш оқу түрінің біріндегі
теориялық оқу кезеңі.
Академиялық еркіндік – білім беру үдерісі субъектілерінің
білім алушылар мен оқытушылардың шығармашылығын дамыту
және оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістерін
қолдануға негізделген білім беру мазмұнын құрайтын таңдау
компоненті пәндерін, оқытудың қосымша түрлері мен білім беру
қызметін ұйымдастыруды өз еркімен анықтау үшін берілетін
құзырлық жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |