Қазақ тілінің пунктуациялық


Горькийдің  данышпандығы  сонда  –



Pdf көрінісі
бет37/44
Дата07.01.2022
өлшемі0,88 Mb.
#17625
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   44
Байланысты:
Тыныс-белгі-ереже

Горькийдің  данышпандығы  сонда  –  ол  өз  заманының  негізгі  мақсатын, 

міндетін терең және толық түсіне білді. Мақал-мәтелдердің ықшам болатын 

себебі – олар келелі ой, кең мазмұнды бір-ақ ауыз сөзбен айтып, «тоқсан ауыз 

сөзді  тобықтай  түюі»  керек.  Қойнына  салған  хаттың  оған  ыстықтығы 

сонша  –  төс  қалтасында  қағаз  емес,  тірі  Дәулеттің  соғып  тұрған  жүрегі 

сияқты (С.Мұқанов). 

 

Дефистің қойылатын жерлері: 



 

§122.  Қайталама  қос  сөз  бен  қосарлама  қос  сөздерде  сөз  аралығына 

қойылады: ауыл-аймақ, туған-туыс, қайта-қайта, шоқ-шоқ т.с.с.  



§123.  Күшейтпелі  шырай    түзетін  күшейткіш  буыннан  кейін  қойылады: 

қып-қызыл, әп-әсем, жап-жақсы т.с.с. Алайда ақ, көк сөздеріне күшейткіш буын 

үстелгенде, дефис қойылмайды: аппақ, көкпеңбек (ап-ақ, көп-көк емес). 

§124. Реттік сан есім араб цифрымен берілсе, одан кейін келетін зат есімнің 

алдынан дефис қойылады: 5-сынып, 6-қабат, 1-орын т.с.с. Сондай-ақ сан есімнен 

кейін -ыншы/-інші қосымшасы жалғанса да, арасына дефис қойылады: 6-ыншы, 

7-інші т.с.с. Алайда сан есім рим цифрларымен берілсе, дефис қойылмайды: ХХІ 

ғасыр, ІІІ сессия т.с.с.  

§125. Сан есім затсымақтанып (А.Байтұрсынұлының термині), одан кейін 

септік жалғаулары жалғанса, арасына дефис қойылады: 5-ке 4-ті қосса, 20-ны 2-

ге бөлсе т.с.с.  

§126.  Топтау  үстеулері  немесе  топтық  сан  есімдерден  кейін  дефис 

қойылады: алты-алтыдан, екі-екіден, бір-бірлеп т.с.с.  

§127.  Екі  сан  есімнің  тіркесуінен  жасалған  болжалды  сан  есімдердің 

арасына дефис қойылады: екі-үштерде, отыз-қырықтарда, үш-төрт т.с.с.  

§128. Басқы әріп түрінде қысқарған сөзден кейін жалғанатын қосымшаның 

алдынан  қойылады:  ҚазҰУ-ға,  БҰҰ-дан  т.с.с.  Алайда  буын  түрінде  қысқарған 

сөздерден  кейін  келген  қосымшаның  алдынан  дефис  қойылмайды:  ауаткомға, 



ұжымшарда т.б.  

§129. Шетелдік компания немесе шетелдік тауар (өзге тілдің әріптерімен 

жазылған) атауларынан кейін қосымша жалғанғанда дефис қойылады:  Toshіba-

ға, «Henkel»-ден т.с.с.  

§130.  Техника  маркаларын  көрсететін  шартты  белгілерден  кейін 

жалғанатын қосымшаның алдынан дефис қойылады: ТУ-104-ті, ДТ-54-пен т.с.с.  

§131. Ұзындық, салмақ т.б. өлшемдер қысқартылып берілген кезде  шартты 

белгілерден кейін жалғанатын қосымшаның алдынан дефис қойылады:  см-дей, 

кг-нан, 10°-қа т.с.с.  

§132.  Нысан  ретінде  қолданылған  жеке  әріп  немесе  қосымшадан  кейін 

дефис қойылады: ә-нің сөз соңында келмейтіні, а-дан басталатын сөздер, - да-

ға жалғанады-ық/-ік-пен салыстырғанда т.с.с.  

§133. Араб тілінен енген әл артиклінен кейін дефис қойылады: Әбу Насыр 



әл-Фараби, Әбу Райхан әл-Бируни т.б. Алайда хан, би, бек, шешен т.б. сөздерінің 

алдынан дефис қойылмайды: Абылай хан, Әйтеке би, Жиренше шешен т.с.с.  

§134. -мыс, -ақ, -ау, -ай демеулік шылауларынан бұрын дефис қойылады: 

келіпті-мыс, айтады-ақ, сен-ақ, сәулем-ау, қалқам-ай т.с.с.    

§135. Есімше тұлғаларынан кейін келетін өткен шақ қосымшаларының (-





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет