парафин – парафин қалпында (қалады), мыс – мыс қалпында қалады
(«Химия оқулығы»). Жамбыл – Жамбыл болғалы, Есіткен талай батырды
(Жамбыл).
§114. Өз ішінде үтірлері бар жайылма оңашаланған айқындауыш мүшелер
екі жағынан сызықша алынып жазылады. Оңашаланған мүше үтірмен
бөлінгенде, бірыңғай мүшеге ұқсап кететін жерде де сызықша қоюға болады:
Біз – Мұстафаның екі кіші баласы Ғаббас пен Шәкен, мен үшеуміз – үйден
шықтық (С.Мұқанов). Біраз жүрген соң Асан – күндіз көп жүріп, шаршаған
бала – ұйықтап қалды (Ы.Алтынсарин). Ұлы орыс халқының бай мәдени
мұрасының бір саласы – оның тамаша мақалдары, мәтелдері – қазақ халқына
аудармалар арқылы таныс болып, халық игілігіне айналып келеді («Қазақ
әдебиеті»).
Оңашаланған айқындауыш мүше болатындар:
а) Өзінен бұрынғы сөздің мәнін айқындап, дәлдеп беретін және сонымен
септік жалғаулары жағынан тұлғалас келетін бір сөз не сөз тіркесі:
Осы үйдің ер жетіп қалған екі баласын, Нұржан мен Нұрланды, жұрт көп
мақтайды. Тобықты ішіне ең алғаш келген арба осы Зеренің, Құнанбайдың кәрі
шешесінің, көк арбасы десе де болады (М.Әуезов).
ә) Яғни, әсіресе, мысалы, яки, немесе, болмаса, басқаша айтқанда, «әсіресе»
деген мағынадағы көбінесе, оның ішінде, тіпті деген сөздермен басталатын
тіркестер өзінің алдындағы сөздің мағынасын дәлдеп тұрса оңашаланған мүше
болады. Жоғарыдағы сөздердің өздері жеке үтірмен бөлінбейді. Үтір тұтас
тіркестің екі жағынан қойылады: Ылғалды жерлерде, көбінесе өзен
бойларында, шөп қалың өседі. Реакцияға түскен заттардың салмағы реакция
нәтижесінде шығатын заттардың салмағына әрдайым тең болады; бұл заңды
заттар сақталу заңы, немесе Ломоносов заңы, деп атайды. Әңгімемізді
шығармашылықтың бір түрі, мысалы музыка, туралы бастайық.
б) Есімдіктен кейін келген айқындауыштар оңашаланады: Олар, жас
Достарыңызбен бөлісу: |