Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет143/143
Дата07.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#17643
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

— деп шақырып алып бетінен сүйді.
— Жеңеше-ау! Осының атын Іскендір деп қайдан қойып жүрсің?
Орыстар Александр дейді ғой, — деп сұрады.
Ұрқия баяғыда түсінде Іскендір дуана балапан ұстап бергенін есіне
салып:
— Сонда Іскендір дуананы ырым қып, атын Іскендір қойып едім, —
деді.
Соны айтқанда Ақбілек көзі дөңгеленіп, аз ойлана қалды да:
—   Жеңеше-ау!  Осы   Іскендір   мен  сияқты   емес   пе?—  деді.   Ұрқия
күліп жіберді.
— Сен сияқты болса, сенен туған шығар!— деді.
— Рас айтасың ба, жеңеше? — деген соң, Ұрқия шынын айтты.
Ішіне   үрген   қарын   тығып,   өтірік   буаз   болғанын,   Ақбілектің
баласын бауырына салғанын, бәрін сыр қылды.
Ақбілек қуанып кетті:
— Іскендір, бер келші!— деп шақырып алып: — Құлыным-ау!— деп,
бауырына қысып, құшырланып тағы сүйді. — Өлтіретін бала емес
екен   ғой!   Жақсы   қыпсың   ғой,   жеңеше!—   деп,   Ұрқияны   сүйді.
Аналық сезім Ақбілектің жүрегін қорғасындай балқытты.
— Мен кісі қанын жүктедім деп жүруші ем. Жеңешетай-ай! Мен
шын бақытты екем ғой! Оқуға жараған соң, өзіме бересің ғой!—
деді.
— Берейін,— деді Ұрқия.


Марқакөлдің суы балдай. Марқакөлдің суын ішіп, отын жеген сары
қарын,   тұтам   емшек   жануардың   бауырынан   сүт   сорғалап   сүт
емес-ау құт сорғалап көнек-көнек лақылдайды.
Марқакөлдің   жиегінде   Мамырбайдың   Ақбілегі,   жас   Балташтың
сүйген жары Іскендірін құшып, сүйіп, бала болып, ана болып, көп
әйелден   дана   болып   кеудесіне   бағы   сыймай,   кемерінен   аса
шыпылдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет