Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет135/143
Дата07.01.2022
өлшемі0,71 Mb.
#17643
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

Жолдастары:
— Ақбала қалай боп жүр?— дегенде:
—   Ақбала   жүр.   Ол   өзі   қиялшыл   жігіт   қой:   болмайтын   істі
болдырам деп, кейде ұрынға шабатыны бар. Сөзді тәуір көреді, —
деп жымиып қойған.
— Жорғабек қандай адам боп шықты? — дегенде:
— Уай, оны қойшы. Ол өзі жұрттың бәрін алдап қу боп жүрмін
деп   ойлайды.   Осы  күні   кісі  алдауға   көне   ме?   Қу   боп   кетті  ғой.
Біздің   Қапай   екеш   Қапай   да   пәле   боп   кетіпті.   Қызмет,   не
дегенмен, адамды үйретеді ғой... Жорғабекте тұтынған жол жоқ.
Одан да мен Төрегелдіні құрмет етем: бізге  қарсы болса  да, өз
жолында қалды. Ешкімге жағынбайды. Қызметін жақсы істейді.
Ол өзі ісшіл жігіт қой; азырақ мақтаншақтығы болмаса, — деген.
Міне, Балташтың әркімдер туралы осымдай көзқарасы бар жігіт
еді.   Саясат   дүниесінде   Балташ   басшы   болмағанмен,   басшыға
таяныш болатын, табанды жігіт еді. Жолдасқа опашыл, уәдешіл
болғандықтан кейде шен құмарлардың соңына да еріп кететін еді.
Бірақ  олардың қатесіне  өз көзі жеткен соң,  мына   жерің  дұрыс
емес деп, айтар еді де, айырылып кетер еді.
«Нұр Зайсан» үш өкірді.
Балташтар манағы шарбаққа сүйеніп тұрған Ақбілектің қасына
келді.


—   Қош,   енді,   жолдастар!..   Солай   қылыңдар!—   деп   Балташ   екі
жолдасымен қоштасып, қолдарын нығыздай қысты.
—   Қош,   қош,   қош   —  деп   олар   Ақбілектің   қолын   ұстап,   асығып
жерге түсті.
Барақоттың дауысы да «қош, қош, қош!» — деп дарылдап, қимай
тұрған   бауырлардың   жүрегін   лүп-лүп   еткізді.   Жердегілер
барақоттағыларды   көздерімен   ішіп-жеп,   күлкісі   мен   жылауы
араласып,   ауыздары   ашылып,   танаулары   делдиіп,   кейбіреудің
көзіне мөлт-мөлт етіп жас та келіп тұр еді.
Барақот   сорпа   жалаған   кәрі   төбетше,   суды   сылп-сылп   ұрып
қозғала   бастады.   Бастар   шыбындап,   қалпақтар   қарға   болып,
орамалдар   көбелекше   жалпылдады.   «Біз   де   сендерді   қимаймыз»
дегендей,   жұрт   барақоттың   артына   қарай   толқыды.   Көптің
жүзінде күлкі, жылау, қуаныш, аяныш аралас.
Барақот   үстіндегі   күйші   салдаттардың   сыбызғысы   сыңғырлап,
дабылдары   дүмпілдеп,   түтіктері   күрсілдеп   екпінді   маршқа
екілендіре   басқаны   Ақбілектің   көңілін   де   босатқандай,
тамырларын желпіндіре: солқылдатқандай болады. Ақбілек те ақ
орамалын желпілдетіп қоштасады; әлде бір қымбат нәрсесі қалып
бара жатқандай, әлдекімді аяп, жүрегі жылағандай болады. Ол
қимасы — Камила еді.
Тым болмаса Камила байғұс бізді шығарып салуға да келе алмады-
ау!   «Күйеуінен,   қайын   аға,   абысындарынан   айбынады   ғой,
қорынады ғой. Оқымаған әйел қор ғой! Қапастағы құстай ғой!»
деген ойлар келді.
—   Бұ   байғұстардың   көзі   қашан   ашылар   екен?   Қалай   жәрдем
етсем екен? — деп тұрғанда, Балташ иығынан тартып:
— Өй, сен неге жылап тұрсың?— дейді.
— Жәй... әншейін... Камила байғұсты аяп... оқымаған әйелдің күні
қараң ғой! — деп Ақбілек күрсінді
— Бір түрлі көңілшексің-ау! Бір күнде бола қоя ма? Бірте-бірте
оқиды,   көзі   ашылады,   теңеледі.   Осы   күнде-ақ   теңеле   бастаған


жоқ па?.. Әуелде өзің қандай едің?..— деп Балташ үмітті сөздер
айтады.
— Сонда да қиын ғой...— деп Ақбілек бауырының қамын жегендей,
жалғыз өзінің жетілгенін азсынғандай болады. Бірақ Балташтың


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет