оқытып жатқанын, елдің кедейлеріне кәсіп тауып беретінін, үй
тұрмысын, шаруасын мәдениетті елдің қалпына түсіріп, елге үлгі
боп тұрғанын, қазақ оқығандарына жәрдем беретінін, қашқан
ақтардың шашыранды атраттарын қырып, қазақты
жауынгерлікке үйреткенін, елін шабыншылықтан қорғап қалғанын,
игілік іске алдымен халыққа басшы болатындығын, бір дуан елге
беделі барлығын, онымен жауласса ел бүлініп, көтеріліс боп
кететінін, — бәрін де сыпайы, майда тілмен айтып келіп, сөзін
тоқтатты.
Тыпаңның сөзі недәуір әсерлі болғаны ғой, Балташ жүген көрген
бас асау жылқыша басын жұлқып тастап, қабағын түйіп, сөз
сұрап, оршып отыра алмады. Доға «Ақтан тигіздің, жарайсың
сабазым!» деген кісіше, масайрап, қыли көзін ашып жұма берді.
Балташ жұлқымса да, Ақбала үлкен жерден келгендігін, тәртібін
көрсеткелі, сөзді Жорғабекке берді.
Жорғабек жорғалап алды да кетті. Ол Балташтың сөзін де теріс
деген жоқ, Доғанікін де кеміткен жоқ; Тыпаңның кейбір сөзін де
дұрысқа шығарды. Бұл әңгімені пәлендей үлкейткен де жоқ, қазақ
арасының қашаннан келе жатқан шатағы, оған бола артық
айтысудың да қажеті жоқ; әңгіме онда емес, қазақтың
келешекте ел болуында, ел болуы үшін, алдымен оқу керек, дұрыс
сот керек, анау керек, мынау керек; оның бәрін істейтін қазақтың
ендігі жастары; жастарда өзара бірлік болу керек; ақылдасып іс
қылу керек; бар үміт жастарда... — деген мәнде жастарды
мадақтай, бірлікке шақыра, дәнекер бола сөйледі. Қалайда
Жорғабектің сөзінен белгілі бір қортынды шығару қиын болды.
Бұл айтысты естіп отырған Бекболат кімдікі дұрыс, кімдікі теріс
екеніне ақылы жете алмады. Әйтеуір Мұқашты жамандағанды
тәуір көре берді. Одан өзгесін артық керек қылмады.
Бұ қалай болды? Бір жағы Әбенді өлгенше жамандап, Мұқашты
мақтады. Енді бір жағы Әбенді көтермелеп, Мұқашты іске
алғысыз қып шығарды. Бұлардың бір ауыз бола алмағанының
себебі не? Ол себеп ашылмады ғой. Ашылмайтын жөні бар. Қайсы
десеңіз, ол — мынау:
Балташ уездің бастығы. Оның руы, атасы басқа; басқа уездің
жігіті. Бұл елдің жайына ол жетік емес. Бірақ Балташ кедейдің
баласы; қолынан келсе, өзі кедейшіл болғысы келеді. Ол мына
Доғаларды, Төлегендерді жаратпайды: ел жұмысына араласқан,
былғанған деп есептейді. Балташ жоқта Доға мен Тыпаң
Сарытаудың болысын түсіріп, әбеншіл біреуді қойған. Балташ
келген соң, оған ренжіп, үлкен кемесерлігін қылып, ол елге
Күреңбай етікшіні болыс қойып жіберген. Күреңбай содан бері
Балташтың кісісі болып, осы қаладағы бір тәуір келіншекпен
тамыр қылған. Онымен де тұрмай, Күреңбай Балташқа пәлте
қылатын күзен жиып берген. Балташ ақша беріп сатып алса да,
сол күзеннен өзі қауіптеніп жүретін. Күреңбаймен ымы-жымы
бірігіп, Әбенді жамандаған сөздерін көп естіген. Оның Әбенді
оңдырмай отырған мәні сол.
Ал, Доға ше? Доға шет жердің адамы, қаладағы жатақтың
баласы. Бірақ Доғаның нағашылары Әбен руынан болатын. Доға
Сарытау еліне сайлауға шыққанда, Әбен оны «жиен» деп қолын
сүйіп күткен, көк жорғасының майын берген. Ол о ма? Доға
Достарыңызбен бөлісу: |