Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі тараз мемлекеттік педагогикалық институты


Серменде – сенделіп, босқа жүретін адам.  Серне



Pdf көрінісі
бет122/135
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#17695
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   135
Серменде – сенделіп, босқа жүретін адам. 
Серне  –  бірнеше  адамның  бірігіп  мал  сойып  жеуі,  басқосу 
салтанаты. 
Сері – сәнді киініп, салдық құратын өнерлі кісі. 
Соғым  басы  –  соғым  сойған  үйдің  көршілері  мен  ауылдың 
үлкендерін шақырып ас беруі. 
Сойғақ  –  зираттың  басына  белгі  ретінде  қойылатын  таяқ,  діңгек 
ағаш. 
Сопы – дін жолына түскен құдайшыл адам. 
Сөзі дуалы – айтқаны келетін киелі қария. 
Сұрау салу – хабар-ошарсыз кеткен адамды іздеу. 
Сүйек жаңғырту – қайтадан қыз беріп құда болу. 
Сүйекші – өлікті жерлеуші, қоюшы адам. 
Сүйінші – жақсылықты, қуанышты хабарлаушыға берілетін сыйлық, 
жоралғы. 
Сүндет той – сүндетке отырғызылған балаға жасалатын той.  
Сүндетке отырғызу – ер балаға мұсылман болудың белгісі ретінде 
жасалатын рәсім. 
Сүт кенже – ең соңғы туған бала. 
Сыбаға – құрметті үлкен адамдарға арнап сақталатын тағам-ас. 
Сыңсу  –  ұзатылған  қыздың  туған-туыс,  ел-жұртымен  жылап 
қоштасуы. 
Сыралқы  –  аңшы,  егіншіден,  т.б.  кәсіпкерлерден  алынатын  үлес, 
олжа, сый. 
Семья-  некеге  немесе  қандас  туысқандыққа  негізделген  қоғамдық 
шағын топ, адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы формасы. 
Суррогат ана-  суррогат ана мне ықтимал ата-ана арасындағы шарт 
бойынша бойға бала бітіру, оны көтеру және туу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет