Тоқым қағу Өзінің бәсіре атына ашамайын ерттеп мінген бала
алғаш үйінен алысқа жолаушылап шыққан кезде
«Тоқым қағар» тойы жасалады. Жиналғандар домбыра
тартып, ән салады. Шағын айтыс болып, арты ойын-
сауыққа айналады.
Тоқымқағар Жас адам жолға шыққанда жасалатын дәстүрлі бас қосу. Арнаулы мал
сойылып сыйлы мүшелер салынып ет асылып, кең дастархан жасалады,
ойын-сауық, өлең, жыр айтылады. Бұл–сапарға шыққан жігіттің тоқымы
жерде қалмасын, ат-көлігі аман келсін деген жақсы тілек білдірудің
белгісі.