Гуманистік педагогика принциптері принциптер сипаты креативтік
(еркіндік)
бала қабілетінің кедергісіз өз бетінше дамуы
гуманизм
тұлға болмысын тану әрі оның беделін мойындап,
ең жоғары құндылық ретінде бағалау
демократизм
ересектер мен балалар арасыңдағы рухани
қатынастар теңдігін қалыптастыру;
азаматтық
қоғам мен мемлекеттік жүйеде тұлғаның өз
«Менін» танып, қастерлей білуі
ретроспективтік халықтық
педагогика
дәстүрлері
негізінде
жүргізілетін тәрбиеге арқа сүйеу.
Отбасылық тәрбие мазмұнының құрамды бірліктері ежелден белгілі
бағыт-бағдарларды, тән-дене, адамгершілік-имандылық, сана-сезім,
эстетикалық, еңбек тәрбиесін қамтиды, олар өз кезегінде жас әулетті
экономикалық, экологиялық, саяси, жыныстық білімдендіру істерімен
толығып отырады. Қазақтың ұлттық педагогикасының сарқылмас мол
қазынасындағы тәрбиенің басты түрлеріне тоқталып көрейік.