109
пәктігімен қуантады, әрі нәзік жан дүниесінің сырын ашады. Міне,
сондықтан балалар үй ішіндегі татулыққа, ата-анасының өнегелі
ықпалына, отбасыда өздерін түсіне білу жағдайларына мұқтаж болады.
Баланың азамат болып қалыптасуына отбасындағы
өзара игі қатынас
күшті әсер етеді. Отбасындағы дәстүрлер бұл қатынастарды нығайтып,
олардың балаларға ықпалын күшейтеді.
Отбасылық дәстүрлер. Мұндай дәстүрлер отбасының психология-
лық ахуалының ажырамас бөлігі бола отырып, балаларға күшті әсер
етеді. Олардың жас ұрпаққа ықпал етуінің мәні неде? Қазіргі отбасыға
қандай дәстүрлер тән?
Дәстүрлер, әдетте, заң актілерімен емес, қоғамдық пікірдің күшімен
сақталады. Олардың көбі жетіле келе, қоғамның ережелеріне,
нормаларына, еш жерде жазылмаған ерекше заңдарына айналады.
Дәстүрлердің кейбіреулері өзінің шыңына жетпестен, біртіндеп
маңызынан айрылып, тіпті біздің ілгері жылжуымызға кедергі
жасайтынына қарамастан, сөз жоқ, қоғамдық прогресстің тездетушісі
болып табылады. Сондықтан ескірген, өмірі өткен дәстүрлермен күрес
жүргізіп, оларды жаңартып отыру қажеттігі туады. Бұл - табиғи
процесс. Ол дәстурлердің зор тәрбиелік күшіне нұқсан келтірмейді.
Көптеген жақсы отбасыларда белгілі бір өзіндік ережелері мен
әдеттері бар парасатты тұрмыс салты орныққан. Олар үйреншікті,
қарапайым және айрықша күш салмай-ақ өз-өзінен атқарылып жатады.
Жоғарыда айтылған отбасы кеңестері тәрбие тұрғысынан тіпті өте
жақсы, жекелеген өсиет айтатын әңгімелерден әлдеқайда құнды
болады.
Әрбір отбасының өзіндік дәстүрі болуы табиғи нәрсе. Отбасындағы
қалыптасқан игі дәстүрлердің бірқатарына тоқталайық.
1.Отбасылық кеңес. Мұнда отбасы мүшелері аптасына бір күнді
белгілеп, келелі мәселелерді талқылап, шешім қабылдайды.
2. Отбасындағы тағы бір кұптарлық дәстүр - табиғатпен достасу. Бұл
дәстүрдің мақсаты өсімдіктер мен жануарларды ерекше құрметтеуге,
туған өлке табиғатын сүюге баулу. Отбасы болып туған өлкеге жорық
ұйымдастырудың мәні ерекше. Мысалы, кейбір отбасылар қара күз
келісімен алғашқы қарды асыға күтеді немесе наурыз мерекесін ерекше
қарсы алады (аула тазалап, ағаштар егіп т.б.)
3.Кітаппен достасу бұл дәстүр төңірегінде сөз еткенде, Б.Момышұл
ының Ұшқан ұя» повесін мысалға алуға болады. Осы кітапты оқу,
талдау барысында бала Бауыржанның психологиясын, отбасындағы
тәрбие алу рәсімдерімен жақын танысуға мүмкіндік бар.
111
мақсатты жағын педагогикалық тұрғыдан жағдайластырмаса, онда бұл
баланың жеке санасының қалыптасуына ғана емес, түгелдей жеке
басының тәрбиесіне зиянын тигізеді. Қазіргі заманғы отбасы
тәрбиесіне кері әсер етуші факторларды келесі кестеден көруге болады.
Ата-аналар
қателерін шартты түрде мынадай екі топқа бөлуге
болады;
-отбасындағы өмір жағдайының ретсіздігіне байланысты ата-аналар
өздерінің әр қилы іс-әрекеттері арқылы балаларға өнеге көрсете алмауы;
-баланың әрбір ісі мен қылығына сәйкес ата-аналардың оларға
нақтылы шаралар қолдана алмауы;
Ата-аналардың отбасы тәрбиесінде жиі кездесіп отыратын
қателіктердің ішіндегі елеулісі және үнемі кездесіп отыратыны
келесідей болып келеді:
-баланың бес жасқа толғанға дейінгі өмірінде (мектепке дейінгі
кезең) оған тұрақты көңіл аударылмауы;
-баланы беталды естен тана жақсы көруі;
-үйдегі барлық ересек отбасы мүшелері назары жалғыз балада
болуы;
-ата-аналар өздерінің балалық шағында бастарынан ауыр тұрмыс
халін кешірген, сондықтан да олар баласының жеңіл-желпі тіршілік етуі
тиіс деп есептеуі;
Ата-аналардың
рухани
жадағайлары
Экономикадағы
кері
процестер
Ата-аналардың халықтық
тәрбие мен
этнопедагогика
тағылымдарынан
мәліметінің аздығы
Ата-аналардың
отбасы
педагогикасынан аз
мәліметтенуі
Кітапты рухани байлығы ретінде
сезінбейтін ұрпақтардың өсуі
Адами ізгілік нормаларына жат
шетелдік фильмдердің баланы
қатыгездікке тәрбиелеуі
Теледидар алдында
отыратын, біртекті
ойлайтын, ішкі жан
дүниесі тым ұқсас,
нәрсіз, жадау
ұрпақтардың көбейіп
бара жатқаны
Достарыңызбен бөлісу: