оқытудың мақсаттылық принципі. Ақпараттық құзыреттілікқа бағытталған
әрбір сабаққа дайындалу үшін ең алдымен оның мақсатын анықтайды
(тәрбиелік, білімділік, дамытушылық). Өйткені оқыту әдістері олардың
мақсаттарына байланысты. Осыған орай, әрбір оқушының және ұжымның
ерекшеліктерін ескере отырып, мұғалім оқыту жұмыстарының формаларын,
мазмұнын, әдістерін іріктеп алады. Ағылшын тілі пәнінің өзіне тән
ерекшеліктеріне
сәйкес,
оның
мазмұнын
ақпараттық
құзыреттілік
компоненттерімен толықтыру қажет. Өйткені ағылшын тілі пәнін оқыту мен
оның әлеуметтік мәндегі құралдық қызметін ұрпақ тәрбие ісінде талапқа сай
пайдалану жаңа тәсілдерді табу және қолдану мәселесін де қажеттілікке қояды.
Мұның басты бір себебі Қазақстан егемендік алғаннан бастап елімізге сырттан
қызығушылықтың арта түскенінен байқалып отыр. Алайда көптеген
мемлекеттер Қазақстан Республикасы туралы жалпылама мағлұматтармен
шектеліп келеді, ал кейбіреулері тіпті Қазақстанды ең артта қалған ел деп
санайды. Осы жағдайдың өзі Қазақстанды мақсатты және бағдарлы түрде
әлемге танытуды өткір қажеттілікке қойып отыр. Ал бұл қажеттілікті жүзеге
асыру, яғни шет елдерге Қазақстанды таныту оңай іс емес. Бұл шараның жүзеге
асуы Қазақстандықтардың шет тілдерді меңгеруге деген қызығушылығына
және меңгеру деңгейіне байланысты. Өйткені «шет тілін оқытудағы басты
талап – бұл шет тілін және басқа елдің мәдениетін білу, оған қоса адамдағы
25
ақпараттық құзыреттілік сезімінің тәрбиелілігін ұштау болып табылады. Бұл
талаптар көпшілік жағдайда сақталмайды. Өкінішке орай әсіресе ақпараттық
құзыреттілік тәрбие істері қазір назардан шеттеу қалуда» [12]. Сондықтан да
ағылшын тілін оқыту қазіргі кезе сапалы түрде жаңа мағынаға ие болғандығын
алға тартады.
Біз оқытудың формалары мен әдістері туралы айтқанымызда,
оқушылардың ағылшын тілін оқытуда ақпараттық құзыреттілікқа тәрбиелеу іс-
әрекетін ұйымдастыруды мақсат етіп аламыз. Оқытудың формалары мен
әдістері өзгермейтін дүние емес. Мектептің дамуына, оқытудың міндеттері мен
мазмұнының өзгеруіне қарай оқытуды ұйымдастырудың формасы да өзгереді,
ескілері қолданудан қалады, жаңалары туады. Ал оқыту принциптері
статикалық тұрақты қағидалар ретінде үнемі жүйелі түрде сақталып келеді,
олар оқытудың барлық формаларында міндетті түрде басшылыққа алынады,
солар арқылы оқыту формаларының нәтижесі бағаланады.
Оқыту принциптерінің жүйесіндегі келесі принцип түсініктілік принципі.
Ол оқушыда оқу-шаралардың дайындық деңгейіне сай ұйымдастырылады,
мұнда берілген тапсырманы оқытушының басшылығымен терең ойлап
орындауды талап ету қажет. Ағылшын тілін оқытуда бұл принциптен бірнеше
ережелер туындайды:
Біріншісі жеңілден қиынға көшу. Мұнан оқушыларды ағылшын тілін
оқыту барысында ақпараттық құзыреттілікқа бағытталған танымдық іс-
әрекеттерге бірте-бірте үйрету, яғни шет тіліндегі фактілердегі ақпараттық
құзыреттілікқа тәрбиелейтін ұғымдардың мазмұнын түсіну.
Екіншісі қарапайымдылықтан күрделілікке көшу. Ағылшын тіліндегі
ақпараттық құзыреттілікқа бағытталған күрделі материалдарды талдау үшін,
оларды ең алдымен негізгі терминдермен таныстыру қажет.
Үшіншісі белгіліден белгісізге көшу, мектептің оқу процесіндегі басқа
сабақтардан (тарих, қазақ тілі, қазақ әдебиеті, география, биология т.б.)
ақпараттық құзыреттілік бағыттағы алған білімдерін осы бағыттағы ағылшын
тіліндегі материалдармен толықтыру, терең түсініп мазмұнын игеру.
Ғылымилық принцип, табиғат, қоғам, мәдениет, ойлау дамуының
заңдылықтарын білуді талап етеді. Бұл принцип оқу бағдарламаларын,
оқулықтарды жасағанда есепке алынып оқу процесінде жүзеге асырылады.
Біздің зерттеу жұмысымыздың барысында алынған мәліметтерге қарағанда
жалпы білім беретін орта мектептерде ағылшын тілін оқыту барысында
ақпараттық құзыреттілікқа бағытталған тұлғаны тәрбиелеу қазіргі кездегі
оқулықтардың мазмұнына тікелей байланысты. Еліміз егемендік алуына
байланысты білім беру саласында үлкен өзгерістер болып жатыр, білім берудің
жаңа технологиясы дүние жүзілік стандартқа негізделіп, қайта құрылуда.
Жоғары оқу орындары кредиттік жүйе бойынша оқытылып жатса, орта
мектептерде 12 жылдыққа көшуге дайындық процесі жүріп жатыр. Нақты
атқарылған іс ол мектептердегі оқулықтар қайта қаралып жазылды. Сонымен
қатар ағылшын тілі төл оқулықтарымыз да жазылып шықты. Бұл кезеңге дейін
елімізде төл оқулығымыз болмастан, кеңестік дәуірдегі Қазақстан туралы
деректер, мағлұматтар енгізілмеген оқулықтарды пайдаланып келдік, әлі де
26
пайдаланып жүрміз. Көптеген мектептерде қолданылып жүрген ағылшын
тілінің кеңестік дәуірдегі және қазіргі заманға сай болғанымен де Ресей
мемлекетінде басылып шыққандықтан сол елдің талап-тілектерін көбірек
ескеріп, біздің еліміздің жағдайына сәйкес келе бермейді. Алайда өзіміздің төл
оқулықтарымызға әлі де сын айтылып жүр. Білім беру тарихында көптеген
жақсы және әртүрлі оқулықтар болғандығын білеміз. Қазіргі талап-тілектерді
ескере отырып оқулыққа: «Оқулық үйлесімді дидактикалық жүйе шеңберінде
жүргізілетін білім беру үдерісінің кешенді мағлұматтық-әрекеттік моделі» –
деген анықтама берілген. Оқулық дегеніміз білім беру үдерісінің мақсатын,
принциптерін, мазмұнын, технологиясын бейнелейтін модель. Алайда, оған осы
үдерісті жүзеге асыру жағдайына шындық та енгізіледі. Модель нақты бір
дидактикалық жүйенің құрылымын ғана көрсетпейді, сонымен қатар оның
жүзеге асырылуының жобасын жасайды. Тұлғаға бағытталған тәлім-тәрбие
тұлға мен оқытудың интеграция жағдайында ғана белгілі бір нәтижеге қол
жеткізеді. Демек, оқулық-модель оқулық-шындықпен интеграциялануы тәлім-
тәрбие әрекеті барысында субъектілер арқылы жүзеге асырылады. Тәлім-тәрбие
үдерісіндегі субъектілер оқушы мен мұғалім екендігі белгілі. Оқулықтың басты
міндеті – оқушылардың жеке дамуын қамтамасыз ету. Ал бұл міндетті жаңа
талапқа сай шешу, тұлғаның зерттеу жұмыстарын жүргізуі арқылы,
шығармашылық
әрекеті
арқылы,
оқулық
авторы
немесе
оқулық
кейіпкерлерімен диалогы арқылы, әртүрлі пікірлерді салыстыруы арқылы,
оқыған материалдардың мәнін ұғынуы арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі кезде
оқулық құрастыру теориясы мен практикасында үш бағыт бар. Бірінші – белгілі
теориялық жай күйді толықтыру және жетілдіру, осының негізінде оқулықтағы
бар материалдарды түзету, оларды қазіргі жағдай мен міндеттерге ыңғайлау.
Екінші – кез-келген жағдайға сай ең тамаша оқулық теориясын құрастыру.
Үшінші – жалпы оқулық теориясынан бас тартып, білім беру концепцияларына
сүйене отырып, әрқайсысы өз талап-тілектерін ұсына отырып, оқулық
құрастыру. Көпшілік ғалымдар мен оқулық авторлары бірінші бағыт бойынша
жұмыс атқарады. Ал нәтижесінде оларға үздіксіз қарама-қайшылықтарды
шешуге тура келеді. Себебі оқулық өз алдына бөлек мәселені қарастырса,
өмірде тіпті басқаша болады. Біз, жаңа оқулықтар дайындауда үшінші бағыт
бойынша дайындалған оқулық мазмұны тұлғаға бағытталған талап-тілекке сай
келеді деп пайымдаймыз. Оқулықтарды құрастыруда олардың қандай білім
беру жүйесіне қызмет ететінін анықтап алу қажет. Егер де оқулық тұлғаға
бағытталған болса, онда оның мазмұны тұлғаның жеке дара қасиетінің есепке
алынуын қамтамасыз етеді. Ал егер де оқулық білімгерлікке бағытталған болса,
онда оның негізі ғылымның мағлұмат логикасы бойынша құрастырылады, яғни
басты назарда әлеуметтік құндылық ретінде білім тұрады. Мұндай білімге
деген тәсіл демократиялық қоғамдағы шығармашылық, өз бетінше ойлайтын
тұлғаның қалыптасуын тежейді. Сондықтан да еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін
ағылшын тілі пәні бойынша дайындалған төл оқулығымыздың мазмұнына
шолу жасап саралауды жөн көрдік. Қазақстан Республикасының Білім және
Ғылым Министрлігі ұсынған алғашқы төл оқулығымыз 2001 жылы
«Атамұра» баспасынан жарық көрді.
27
Оқулық авторлары Т.Аяпова, Д.Ұқбаев [19]. Оқулықтағы іс-әрекеттердің
барлығы қазіргі кездегі ең өзекті коммуникативті-когнитивтік тәсілге
негізделген. Ағылшын тілінің 5 сынып оқушыларына арналған оқулық кешені 4
кітаптан тұрады: негізгі оқулық, жұмыс кітабы, оқыту әдістемесі, оқу кітабы, 68
сағатқа арналған. Негізгі оқулық 10 бөлімнен, әрбір бөлім 5 сабақтан тұрады, 6-
шы сабақ қайталау немесе бақылау сабағы болып табылады. Оқулықтың
мазмұнында сабақта қарастырылатын тақырыптар жеке-жеке көрсетілген.
Жұмыс кітабында берілген жаттығулар оқушылардың шығармашылық ойлауын
дамытуға арналған. Алайда, жалпы білім беретін орта мектептерде сағат саны
68 сағатпен қалып отыр. Бұл бастауыш сыныптарда ағылшын тілінен
факультатив сағаттары бөлінбейтін ауыл мектептеріндегі баланың тілдік
материалды игеріп кетуіне балалардың шет тілін оқуға даярлықсыз келуі, сағат
санының аздығы қиындық туғызуда. Жалпы білім беретін мектептің 6
сыныбына арналған оқулық «Атамұра» баспасынан 2002 жылы басылып
шықты. Авторлары Т.Аяпова, З.Әбілдаева [20], аптасына 2 сағат оқытылады. 6
сыныпқа арналған оқулық 9 бөлімнен, әрбір бөлім 5 сабақтан тұрады, 6-шы
сабақ қайталау немесе бақылау сабағы болып табылады. 7 сыныпқа арналған
оқулық «Атамұра» баспасынан 2003 жылы шыққан, авторлары Т.Аяпова,
З.Әбілдаева, Ж.Тұтбаева [21], аптасына 2 сағат оқытылады. 7 сыныпқа арналған
оқулық 6 бөлімнен, әрбір бөлім 5 сабақтан, әрбір 3-ші немесе 4-ші сабақтан
кейін оқу кітабымен жұмыс жасау берілген. Әр бөлімнің соңында
грамматикалық анықтама мен жаттығулар жұмысы және өзін-өзі тексеруге
арналған тест жұмыстары берілген. Кітаптың қосымша материалында қазақтың
ұлттық ойындары: аударыспақ, қыз қуу, көкпар берілген. Бұл берілген үзінді
әңгімелердің өзі оқушыны ағылшын тілі сабағында ақпараттық құзыреттілікқа
тәрбиелеуде мәні зор. Әлем халықтарының салт-дәстүрі тақырыбы бойынша
сабақта оқушы өз елінің салт-дәстүрімен байланыстыра әңгіме жүргізіп, пікір
таластыруға бақылау сұрақтары көптеп берілген. Алайда тыңдасымға арналған
құралдар ескерілмеген. Оқушы тыңдасымға арналған құралдардан еліміз
туралы мәтіндерді тыңдаса туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі оянып,
пәнге деген қызығушылығы да арта түсер еді. 8 сынып оқулығының авторлары
Т.Д.Кузнецова, П.Г.Козлов [22], 2004 жылы «Мектеп» баспасынан шыққан,
аптасына 2 сағат оқытылады. 9 сынып оқулығы «Мектеп» баспасынан 2005
жылы шыққан, авторлары Т.Аяпова, З.Әбілдаева, Ж.Тұтбаева [22], аптасына 2
сағат оқытылады. Оқулық кешені 4 кітаптан: негізгі оқулық, жұмыс кітабы,
оқыту әдістемесі, оқу кітабынан тұрады. Жұмыс кітабы мен Оқу кітабы
негізінен оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуге арналып, олардың
шығармашылық ойлауын дамытуға бағытталған. Дегенмен ауыл мектептерінде
оқулықтың жетіспеуі, Жұмыс кітабы мен Оқу кітабының оқушыға мүлдем
берілмеуі сөз жүзінде айтылып, іс жүзінде орындалмайтын алшақтық бар
екенін көрсетеді. Оқулықтар ағылшын тілін сапалы да тез меңгерудің осы
заманғы тәсілдері негізінде жазылған. 8-9 сыныптағы оқулықтардан [23] өз
еліміз туралы ағылшын тілінде сөйлейтін Англия, АҚШ және басқа елдердің
өмірі, тұрмыс-салты мен мәдениеті жөнінде түсініктер мол берілген.
Авторлардың негізгі көздеген мақсаттары тәуелсіз мемлекетіміздің жастарын
28
әлемдік мәдени дәстүрлерге сай ұлттық тәрбие бере отырып, ақпараттық
құзыреттілікқа тәрбиелеу. Өз елімізде басылып шыққан жаңа буын
оқулықтарымызбен Ресейде басылып шыққан оқулықтармен салыстырсақ, жаңа
буын оқулықтарының оқушылардың ақпараттық құзыреттілік сезімін
нығайтуда артықшылығы бар. Жаңа буын оқулығының жалпы орта білім
беретін мектептің 8 сыныбына арналған оқулығында [24] Ұлы Британия елінің
географиялық жағдайы, экологиясы, білім беру жүйесі, мейрамдары, спорты
Қазақстанмен салыстырмалы түрде берілген. Озық үлгідегі жаңашыл
технологияларды пайдалана отырып, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық
сақтау, мәдени орталықтар мен саяхат тақырыптарында екі елдің
айырмашылықтары мен ұқсастықтықтарын айыра отырып орындайтын
тапсырмалар көп берілген. Сонымен қатар еліміздегі білім беру жүйесі
Англияның білім беру жүйесімен салыстырылып, кесте бойынша берілген.
Оқушы кесте арқылы білім беру жүйесіндегі артықшылық пен кемшіліктерді
ажыратып, сөйлеу қабілетін дамыта отырып, еліміздің білім беру жүйесі туралы
мақтанышпен айта және еліміздің өркендеуі мен дамуы білімге тәуелді екендігі
туралы мағлұмат ала алады. Оқулық 6 тараудан, әр тарау 10 сабақтан тұрады.
Әр тараудан кейін оқушы өзінің алған білімін байқауға арналған тест
тапсырмалары берілген. Алайда тыңдасымға арналған құралдар берілмеген.
10,11 сыныптарда ағылшын тілі гуманитарлық және жаратылыстану бағыттары
бойынша баспадан шыққан [25] Ал И.Н.Веращагина, О.В.Афанасьеваның
«Просвещение» [26] Ресей баспасынан шыққан оқулықтарында оқу кітабы,
жұмыс дәптері, оқулық және тыңдасымға арналған құралдар берілген.
Тыңдасым оқушының зейінін аударуға, дыбыстың, сөздің дұрыс айтылуын
жақсартуға әсерін тигізеді. Тыңдауға арналған кассетада мәтін, жаңа сөздермен
қатар сол тақырыпқа байланысты әндер, тақпақтар берілген. Төл
оқулықтарымыз бұл талапқа сай келмей отыр. Ал 9 сыныпқа арналған оқулықта
[27] тыңдасымға арналған арнайы жаттығулар болғанымен, олардың аз
тиражбен басылуы, бағаның өте жоғары болуы мектеп сұранысын қамтамасыз
ете алмай отыр. Тіптен соңғы екі жылда бұл оқулықтар кейбір мектептерге,
әсіресе ауыл мектептеріне таратылмағандықтан, мұғалімдер кей жағдайда өз
кітапханаларында бар ескі оқулықтарды пайдалануға мәжбүр болып отыр.
Оқулық ағылшын тілін сапалы да тез меңгерудің осы заманғы тәсілдері
негізінде жазылғандықтан, оқушыларға тақырыпты талдауға, туған елін
ағылшын тілінде сөйлейтін елдермен салыстыра отырып әңгіме жүргізуге
арналған жаттығулар жұмысы, диаграмма, оқушылардың сөйлеу дағдысын
дамытуға арналған сұрақтар берілген. Сөйлеу дағдысын дамытуға арналған
сұрақтар өзекті мәселелерді талқылауға бағытталғандықтан, оқушы өз ойын
білдіріп, қорытындылай алады. Оқулық соңында әр бөлімге арналған прогресс
тестер берілген. Оқушының өтілген тақырыптарды пысықтауға арналған жұмыс
дәптерінен оқушы өз бетінше тапсырмалар орындап білімін нығайта алады.
Ортаңғы сынып оқушылары жанұя тақырыбын жан тәнімен талқылайды. Қазақ
халқы тілі жаңадан шығып келе жатқан баласына әкесінің атын, атасының, одан
кейін бабасының аттарын айтып, жеті атасын жаттатып жатады. Ортаңғы
сынып оқушыларының санасында Отан-жанұя, мектеп, туған жері. Сондықтан
29
да “Отан от басынан басталатындығын” оқулық авторлары негізге ала отырып
жанұя тақырыбына ерекше көңіл бөліп, шежіре атауларын ағылшын және қазақ
атауларымен салыстыра береді. Шежіре арқылы бір жағынан ата-бабамыздан
мұра болып келе жатқан туысқандық қарым-қатынасты қастерлей білуге үйренсе,
ал екінші жағынан өз шежіресінің тарихын біледі. Оқулық кешенімен жұмыс істеу
тәртібі мұғалімдерге арналған оқыту әдістемесінде түсіндірілген. Алайда бұл
мұғалімдерге үлкен әдістемелік көмек болғанымен, мұғалімдердің әрбір сабаққа
шығармашылықпен келуіне шектеу қоймайды. Қазіргі кезде мұғалімдер ағылшын
тілін оқытуда Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
ұсынған оқулықтармен жұмыс істей алады. Оның ішінде өзіміздің төл
оқулықтарымызбен қатар, Ресей басылымынан, шетелден шыққан оқулықтар да
бар. Шетелдік оқулықтарға, сонымен қатар соңғы жылдардағы басылымнан
шыққан Ресейлік оқулықтар және өзіміздің төл оқулығымызға да оқытудың төрт
аспектісі енгізілген. Олар:
1 таным - шет тілін оқытуда мәдениеттанулық мазмұнды меңгеруге
бағытталған;
2 даму - шет тілін оқытуда психологиялық мазмұнды меңгеруге бағытталған;
3 тәрбие - шет тілін оқытуда педагогикалық мазмұнды меңгеруге
бағытталған;
4 үйрену - шет тілін оқытуда әлеуметтік мазмұнды меңгеруге бағытталған
[28].
Дегенмен де, бұл оқулықтар арқылы біз жеткіншектерге әлі де толық
мағлұмат бере алмаймыз, сондықтан да ақпараттық құзыреттілікқа бағытталған
материалдарды қазіргі ғылымның даму деңгейіне сай іріктеп, қосымша ақпарат
көздерін дұрыс пайдалану өте маңызды. Ақпараттық құзыреттілік көзқарас -
тәлім-тәрбие берудің жемісі, оның қалыптасуы тұлғаның білім мен тәрбие
алуының біраз жылдарына созылады. Әсіресе, тек Ресей басылымынан шыққан
оқулықтармен оқыту жоғарыдағы аталған мазмұн компонентінің шет тілдік
мәдениеті төл мәдениетімізбен диалог құруына қайшы келеді. Яғни, берілген
қосымша материалдар, сауалдар Ресей туралы, сол елдің мүддесіне
бағытталған. Сондықтан да шетелдік баспадан шыққан жаңа талапқа сай
оқулықтар қолданылуымен қатар, қосымша әдістемелік нұсқаулар қолданылуы
қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |