көретін де с о л а р . Д есек те, жарнама берушілердің өз мүдделеріне немқұрайды қарап отырғанын газет бетіндегі жарнамалардан көруімізге бо- лады. Бұл осы бетімен жалғаса беретін болса Жарнама туралы 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 508-ІІ Қазақстан Республика- сы Заңының 3-бабында «ж өнсіз жарнама» деп атап көрсетілген түріне баратынымыз анық. «Ж өнсіз жарнама - мазмұнына, уақытына, таратылу, орналастырылу орнына жэне тэсіліне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптардың бұзылуына жол берілген жосықсыз, дэйексіз, эдепсіз, көрінеу жалған және жасырын жарнама» (Жарнама туралы Қазақстан Республикасының Заңы. - 2003. - 19 желтоқсан). Жалпы, түрлі сірескен аудармалар қазақ тілінің еркін көсіліп даму, сөздік қорын молайту мүмкіндігін шектейді. Әсіресе,