4
КІРІСПЕ
Бұл оқу-әдістемелік құрал 5В01070 "Бейнелеу өнері және сызу"
6в01403 "Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау" Бака-
лавриат мамандықтары бойынша студенттерге арналған.Оқу құралының
мақсаты: "критериалды бағалау технологиясы" пәні бойынша студент-
терді дайындауға көмектесу»
Оқу-әдістемелік құрал үш бөлімнен тұрады: 1 – Бағалаудың өлшемдік
технологиясын
оқыту пәні бойынша, 2 – Критериалды бағалау педагогика-
лық технология бойынша, 3 – Білім алушылардың білім әрекетінің нәти-
жесін бағалау, сонымен қатар студенттердің өзіндік дайындығына арнал-
ған тәжірибелік тапсырмалар. Барлық тапсырмалар сегіз: Көркем еңбек
сабағында формативті бағалауды қолдану, Мектепке дейінгі бағалау кезе-
ңін және бастауыш мектеп оқушыларын бағалау кезеңіне "Венн диаграм-
ма" құрастырыңыз, Критериалды бағалау тақырыбы "SWOT – анализ"
жасаңыз, Критериалды бағалау технологиясы тақырыбы "БББ"тәсілін қол-
дану, қорытынды жасау, Блум таксономиясын қолданып, сабақ жоспарла-
рын құрастыру, өз пәнімізде формативтік бағдарламаның мысалдарын
көрсету, инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажет-
тіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауды "Бағдаршам" әдісі
арқылы көрсетесіз, рефлексия.
Оқу құралы студенттерге семинар сабақтарына,СӨЖ,СӨЖ дайындау
кезінде көмек көрсете алады. Оқу құралында жақсы танысу және тәжіри-
беде қолдану стратегиялары енгізілген. Көркемдік еңбек пәні бойынша
қысқа мерзімді сабақ конспектісінің мысалдары бар.