компонент,
іс-әрекет
субъектісі
(директор,
оның
орынбасарлары, оқытушылар, оқушылар) және объектісі немесе екінші субъект
(басқарушылық шешімдерді орындаушы)
3. Ұйымдастырушылық-мазмұндық компонент, іс-әрекет мазмұны (оқу-тәрбие
жӛніндегі, басқару туралы ақпарат) және тәсілдері (субъектілердің ӛзара
қатынасында басшылыққа алынатын принциптер және қолданылатын әдістер).
4. Талдау-нәтижелік компонент, іс-әрекет нәтижесі (басқарушылық шешім)
Педагогикалық менеджменттің бірінші жүйеқұраушы факторы – оның мақсаты
мен міндеттері. Оны мақсат белгілеуші немесе жобалаушы деп атауға болады.
Басқару ісінде ең негізгі мәселе – мақсатты кӛре білу. Мақсат оның
орындалуын дұрыс жоспарлауға және тиімді ұйымдастыруға жол ашады.
Ұйымның мақсаттары оның қызмет ету және даму тұжырымдамасын кӛрсете
отырып, мынадай қызметтер атқарады: ағымдағы қызметтің белгісіздігіне (екі
ұштылығына) жол бермейді; қызмет нәтижелерін бақылаудың және
бағалаудың ӛлшемдерін айқындайды; анық та нақты белгіленген мақсаттар
педагогикалық процесс субъектілерінің жұмылып бірлікте жұмыс жасауына
ықпал жасайды.
Педагогикалық жүйенiң үнемi қозғалыста, үнемi даму үстiнде болуы оқу-
тәрбие жұмысында мақсат қою мен жоспарлауды жетiлдiрiп отыруды қажет
етедi. Әрине, тәрбиеленушiлердiң бойында белгiлi бiр қасиеттiң қалыптасуын
дәл белгiлеу, жоспарлау мүмкiн емес. Ал жоспарлау жеке тұлғаның барынша
және жан жақты дамуына қолайлы объективтi жағдай туғызуы тиiс.
Сондықтан педагогтардың алдында тұрған мақсаттар мен мiндеттер
қоғамның алдындағы жалпы мiндеттер мен мақсаттардың кӛрiнiсi болып
табылады. Мақсат жоспардың ӛзегi болғандықтан ол педагогтiң де, оқушының
да әрекеттiн қамтуы керек. Басқару қызметiнiң мақсаты – жұмыс түрлерi мен
тәсiлдерiн, оның жалпы бағыттарын айқындайтын бастау.
Сапалы түрде мақсат белгiлегенде директормен бiрге мұғалiмдер,
оқушылардың да осы жұмысқа тартылуы, оладың әрқайсысының
педагогикалық процесте белгiлi бiр құқық, мiндет, жауапкершiлiк арқалауына
жағдай жасайды.
Мақсат қоюды осылай түсiну кешендi мақсатты бағдарламаны iске асыратын
жоспарластыруға мүмкiндiк бередi. Кешендi мақсатты бағдарлама мектеп
жұмысы жоспарының қысқартылған моделi емес, ол мектептiң жалпы
жоспарынан бӛлiп алынған барынша маңызды 3-4 мәселенi нақтылана түскен
бӛлiгi.
Педагогикалық менеджменттің негізгі мақсаттары:
- білім мекемесіндегі барлық қызметкерлер мен оқушылардың күш-қуатын,
уақытын және барлық құралдарды нәтижелі де жоспарлы пайдалану;
- білім менеджерлері қызметінің нақты мақсаттарға және қоғамның рухани,
әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына сәйкестігін анықтау;
23
- оқу-тәрбие процесінің барлық жеке мақсаттарын түпкілікті мақсатқа – еркіндік
пен жауапкершілікті қатар сезінетін, шығармашылық бағытта ойлай және әрекет
ете білетін тұлға қалыптастыруға бағыттау.
Жүйе құраушы маңызды факторлардың бiрi, педагогикалық жүйенiң
қызметiнiң бастау кӛзi – оқушы тұлғасының үйлесiмдi дамуы, оның ӛзiн-ӛзi
айқындауына бағытталған мұғалiмдер мен оқушылардың бiрлескен әрекетiнiң
мақсаты болып табылады. Мектептiң мақсаты – тұлға қасиетiнiң ақыл-ой,
адамгершiлiк, эстетикалық еңбек, экологиялық, құқықтық және басқа да
базаның мәдениетiн қалыптастыру. Жалпы мақсаттар оқу тәрбие процесiнiң
жекелеген бағыттары бойынша нақтыланады. Басқарудың тиiмдiлiгiн
арттырудың ең басты белгiсi мектеп басшылығының, мұғалiмдердiң,
оқушылардың ӛзiн-ӛзi басқару органдарының жекелеген мақсаттарды белгiлей
алуы және белгiлi бiр уақыт кезеңiнде оны жалпы мақсатпен үйлестiрiп, реттеп
отыру.
Екінші жүйеқұраушы фактор педагог пен білім алушының қарым-қатынас стилін
қамтып, коммуникативтік деп аталады. Бұл фактор оқытушы тұлғасына
менеджмент субъектісі ретінде мінездеме бергенде қарастырылады.
Педагогикалық менеджменттің субъектілері:
- оқу-таным процесінің менеджері – оқушылардың оқу-танымдық қызметін
басқару жүйесінің субъектісі ретіндегі мұғалім;
- оқу-тәрбие процесінің менеджері – педагогикалық ұжымның оқу-тәрбие
жұмысын басқарушы субъект ретіндегі директор (оның орынбасарлары).
Оқу-таным процесі менеджерінің және онымен тығыз байланыстағы оқу-тәрбие
процесі менеджерінің еңбек нәтижесі – менеджмент объектісінің (екінші
субъектісінің) білім деңгейі, тәрбиелілік деңгейі және даму деңгейі.
Үшінші
жүйеқұраушы
фактор
мазмұндық-ұйымдық
(педагогикалық
менеджменттің мазмұндық жағы) ретінде анықталып, белгілі бір принциптер мен
әдістер негізінде жүзеге асады.
Басқару принципі дегеніміз – менеджмент субъектісінің басқару функцияларын
жүзеге асыруда жетекшілікке алатын негізгі идеялары мен ережелері.
Принциптердің сақталуы басқару заңдылықтарының орындалуын қамтамасыз етеді.
Педагогикалық менеджменттің принциптері:
1. Адамды құрметпен және сенімділікпен қарау принципі:
- адамның жеке басын құрметтеу;
- тұлғаға таңдау еркіндігін беру;
- ӛзара сыйласымдық негізінде сенімділік білдіру;
- адамға шамадан тыс талап қоймау;
- адам мүмкіндіктерінің ашылуына, бастамашылдықтың дамуына жағдай
жасау;
- әркімнің жетістіктерін, оқу орнындағы жеке үлесін кӛтермелеу.
2. Бірыңғай кӛзқарас принципі:
- әріптестермен «басқарушы және басқарылушы» емес, «адам және адам»
қарым-қатынас жүйесін орнату;
- қызметкерлердің рухани әлемін, талпыныстарын түсіне білу;
24
- жұмыста ӛткізген уақыттың қуаныш пен қанағаттану сезімін әкелуіне барлық
мүмкіндіктер жасау;
- әріптестермен бейресми жағдайларда кездесіп тұру.
3. Ӛзара әрекеттестік принципі:
- қызметкерлердің жеке сапаларын білу және ескеру;
- әріптестердің бастамашылдығын, құзыреттілігін және жауапкершілігін
бағалау;
- педагогикалық тұрғыдан тиімді кез келген бастамаға ұқыптылықпен қарау.
4. Әлеуметтік әділеттілік принципі:
- оқытушылар арасында оқу жүктемесін ғана емес, қоғамдық жұмыстарды да
теңдей бӛліп тарату;
- әкімшілік қызметі туралы ұжымға жүйелі түрде ақпарат беріп тұру;
- педагог еңбегінің жетістіктері мен оны қоғамның қабылдауы арасында
сәйкестік орнату.
5. Тұлғаға бағыттылық принципі:
- әрбір оқушының жұмыс жүйесін терең зерттеу;
- жүйелі түрде сабақтарға қатысу және педагогикалық талдаудың сапасын
арттыру;
- әрбір оқытушыға шығармашылық деңгейде жұмыс жасауға мүмкіндік жасау;
- оқытушыларды ӛздеріне деген кәсіби сенімділігін арттыру;
- педагогтардың кәсіби шеберлік деңгейін біртіндеп кӛтеру;
- педагогикалық ұжым мүшелерінің ӛткінші эмоциялық жағдайларын ескеру
және түзету;
- әрбір оқытушыға жеке мақсаттар мен міндеттер белгілеу.
6. Оқытушылық қызметті жетілдіру принципі:
- Оқытушылардың біліктілігін арттыру ісін үнемі қадағалау;
- Жеке пәндерді оқыту әдістемесі туралы дӛңгелек үстелдер, семинарлар
ұйымдастырып тұру;
- Оқытушылармен қазіргі және келешектегі кәсіби қажеттіліктер туралы
кеңестер ӛткізіп тұру.
7. Жекеше ынталандыру принципі:
- Моральдық және матиалдық сеп-түрткілерді (стимул) әділетті қолдану;
- Ұтымды ойластырылған сеп-түрткілер жүйесін пайдалану. Сыпайылық, езу
тарту, сезімталдық қарым-қатынас – сыйлық бергеннен де күшті сеп-түрткілер
екендігін есте сақтау.
8. Бірыңғай мәртебе принципі:
- Педагогикалық процесс субъектілерінің барлығы (мектеп қызметкерлері,
мұғалімдер, оқушылар) атқаратын қызметіне қатыссыз теңдей демократиялық
жағдайларда болуы тиіс.
9. Консенсус принципі:
- Мәселелерді қарау және шешім қабылдау барысында ұжым мүшелерінің
пікірін объективті бағалау;
- Ӛз пікірін ұжым мүшелерінің кӛпшілігі дұрыс қабылдайтындай етіп анық
және дәлелді жеткізу;
25
- Теріс (қате) кӛзқарастарға логикалық талдау жасау, қайшылықтарды
анықтау.
10. Ұжыммен бірлесіп шешім қабылдау принципі:
- Маңызды, перспективалық және стратегиялық мәселелер бойынша ұжымдық
шешім қабылдау;
- Маңызды шешімдер қабылдауда, оны орындаушыларды белсенді қатыстыру.
11. Әріптестерді басқару ісіне тарту және ӛкілеттілік беру принципі:
- әріптестерді басқару ісіне тек олардың ниеті бойынша қатыстыру;
- әріптестерді басқаруға қатыстыру барысында міндетті түрде олардың жеке
ерекшеліктерін есепке алу;
- әріптестердің басқаруға қатысуды ӛзіне сенімділік арту ретінде қабылдауына
қол жеткізу.
Тӛртінші жүйеқұраушы фактор – талдау-нәтижелік.
Оқу-тәрбие процесінің, сондай-ақ білім беру мекемесінің жалпы қызметінің
нәтижесін кӛрсетуді кӛздейтін тӛртінші жүйеқұраушы компонент - талдау-
нәтижелік.
Достарыңызбен бөлісу: |