2. Менеджменттің әдіснамалық негіздері
М.Х.Месконның, М.Альберттің, Ф.Хедоуридің «Менеджмент негіздері» атты
еңбегінде менеджмент бірнеше мағынада қолданылады:
- басқа адамдардың еңбегін, сеп-түрткілерін, интеллектісін пайдалану арқылы
мақсатқа жете білу іскерлігі;
- әртүрлі ұйымдардағы жұмысшыларға басшылық жасау жӛніндегі қызмет түрі;
- адам білімдерінің басқаруды жүзеге асыруға кӛмектесетін саласы.
Менеджментті басқару ӛнері ретінде түсіну мынаған негізделеді: ұйым –
күрделі әлеуметтік-техникалық жүйе, оның қызметіне сыртқы және ішкі
ортаның кӛптеген және сан қилы факторлары әсер етеді. Бұлардың ішіндегі ең
негізгісі – ұйымда жұмыс істейтін адамдар. Әрбір қызметкердің ӛзіне ғана тән
ерекше мінез-құлқы, құндылықтар жүйесі, еңбекке деген сеп-түрткілері
(мотивтері) бар. Сондықтан басқару барысында адам факторын есепке алу
ғылыми кӛзқарасты ғана емес, сонымен бірге ғылыми білімдерді нақты
жағдайларға қатысты қолдану ӛнерін талап етеді. Демек менеджер басқару
туралы ғылыми білімін үнемі толықтырумен қатар, ӛзінің тұлғалық
қасиеттерін де дамытуы қажет.
Менеджменттің ғылым ретінде (ХІХ ғасырдың соңы) қалыптасуы басқарудың
нәтижелігін арттыруға, оның жаңа формалары мен әдістерін қолдануға деген
шынайы қажеттілікті сезінуден басталады.
Менеджменттің ғылым ретінде ӛзіндік зерттеу пәні, кӛкейтесті проблемалары
және оларды шешу жолдары бар. Оның ғылыми негіздерін концепция, теория,
принциптер, басқару құралдары мен формалары ретінде жинақталған басқару
туралы барлық білімдер жиынтығы құрайды. Ғылым қызметінің негізгі бағыты –
басқарушылық еңбектің табиғатын түсіндіру, себептер мен олардың салдары
арасындағы байланысты кӛрсету, адамдардың бірлескен еңбегінің неғұрлым
нәтижелі және пайдалы болуының факторлары мен шарттарын анықтау.
Басқару ғылымының даму барысын терең түсіну үшін басқару ойларының
негізгі даму бағыттарын білу қажет. Қазіргі кезде басқару ісінің эволюциясын
бейнелеп,
менеджменттің
әдіснамалық
негіздері
ретінде
танылатын
концепцияларға сипаттама берейік.
Ғылыми менеджмент немесе еңбекті ғылыми басқару мектебі (1856-1920)
8
Мектептің ұсынған теориялық ережелері Ф.Тейлордың (1856-1915) есімімен
тығыз байланысты және оның еңбектерінде кӛрініс тапқан («Управление
фабрикой», «Принципы научного управления», т.б.).
Ф.Тейлор тұжырымдамасының негізгі ережелерін былайша сипаттауға болады:
- тәжірибеде қалыптасқан ескі, дәстүрлі жұмыс тәсілдерін алмастыра алатын
ғылыми фундамент жасау, оның әрбір элементін ғылыми тұрғыдан зерттеу;
- жұмысшыларды ғылыми ӛлшемдер негізінде іріктеу, оларды жаттықтыру
және үйрету;
- еңбекті ұйымдастырудың ғылыми негізделген жүйесін енгізуде әкімшілік пен
жұмысшылардың ынтымақтастығын қамтамасыз ету;
- еңбекті біркелкі бӛлу, әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы ӛзара
жауапкершілі;
- еңбекақы жүйесіне белгілі бір норманың орындалуына қарай даралық енгізу,
т.б.
Басқарудың классикалық немесе әкімшілік мектебі (1920-1950)
Бұл мектеп кез келген ұйымды басқаруға жарайтын басқару принциптерін
ұсынып, «классикалық» деген атпен белгілі болды.
«Классикалық» мектептің кӛрнекті ӛкілі Анри Файоль (1841-1925) ӛзінің
«Общая и промышленная администрация» еңбегінде әкімшілік қызметті талдай
отырып, оның 5 элементін бӛліп кӛрсетті: жоспарлау, ұйымдасыру, басшылық
ету, үйлестіру, бақылау. Сонымен қатар, А.Файоль әкімшілік басқаруда
басшылыққа алынуға тиісті мынадай принциптерді сипаттады: жұмысты
бӛлісу, билік (бұйрық беру жауапкершілікпен ұштасуы тиіс), тәртіп, дара
басщылық, жеке мүддені жалпыға бағындыру, сыйақы тӛлеу, иерархиялық
тізбек (тӛмен шенділердің жоғарғыларға бағыну тәртібі), бастамашылық,
корпоративтік рух, т.б.
Адамгершілік қарым-қатынас мектебі (1930-1950)
Басқару теориясында жаңа бағыттың негізін қалаған американдық ғалым
Элтон Мейо (1880-1949) болды. Ол жұмысшылар тобымен бірлесіп 13 жылдай
тәжірибе жүргізу нәтижесінде мынадай қорытындыға келді: жұмысшылардың
еңбек ӛнімділігі еңбек жағдайы мен әкімшіліктің әрекетіне ғана байланысты
емес, ол, сондай-ақ жұмысшылар ортасының психологиялық және әлеуметтік
климатына, олардың қанағаттану сезіміне де тәуелді болады. Сондықтан еңбек
тиімділігі үшін жағымды психологиялық жағдайлар мен адамдардың жақсы
кӛңіл-күйі аса маңызды. Мектептің кӛрнекті ӛкілдері Дуглас Макгрегор,
Фоллет Мэри Паркер, т.б. адам факторына баса кӛңіл аудару қажеттігін кӛрсете
отырып, басшыларға ӛз қарамағындағы жұмысшыларға барынша қамқорлық
жасауды, олармен қарым-қатынас жасауды ұсынды.
Бихевиористік немесе мінез-құлық мектебі (1950 жылдан қазіргі уақытқа
дейін)
Психология және әлеуметтану ғылымдарының дамуы жұмыс орнындағы
мінез-құлықты зерттеуді ғылыми жолға қойды.
Бихевиористік мектеп ӛкілдері К.Арджирис, Д.Макгрегор, Ф.Герцберг, т.б.
әлеуметтік ӛзара әрекеттесудің, ынталандырудың, билік пен бедел сипатының,
9
ұйымдастырудағы жетекшіліктің, жұмыс мазмұнын ескерудің, жұмыскерлерді
басқаруға қатыстырудың алуан түрлі жайларын зерттеді. Мектептің басты
мақсаты басқару ісін ұйымдағы адам ресурстарының тиімділігін арттыру
арқылы оңтайландыру болды.
Басқару ғылымы немесе сандық ықпал (1950 жылдан қазіргі уақытқа дейін)
Шетелдердегі басқару теориясының жаңа бағыттарының бірі – «басқару
ғылымы» деп аталып, басшылық жасау ісіне сандық тәсілдер мен дәл ғылым
аппаратын енгізуге тырысумен сипатталады. «Жаңа» мектептің кӛрнекті
ӛкілдеріне Р.Акофф, Л.Берланфи, Д.Форрестор сияқты ғалымдар жатады.
Басқару ғылымы ұйым жұмысында неғұрлым жиі кездесетін құбылыстардың
математикалық моделін құруға, жұмыс уақытын реттеуге, ресурстарды
басқаруға қатысты мәселелерді қарастырып, «жүйе технологиясын» құруға
айрықша мән берді.
Сонымен, қазіргі менеджменттің қалыптасуына басқару ісіндегі әртүрлі бағыттар
үлкен үлес қосты.
Нарықтық экономика жағдайында ұйым стратегиясын құру оның бәсекеге
қабілеттілігін қамтамасыз ететін фактор ретінде қарастырылып отыр. Осыған орай,
ресурсты сақтаушы технологиялар құрыла бастады, инновациялық менеджменттің
тиімді модельдері жасалды, ынталандыру және лидерлік теориясы құрылып,
олардың қызметкерлерді басқарудағы маңызы анықталды, ұтқыр инновациялық
және стратегиялық менеджменттің қажеттігі дәлелденді.
Достарыңызбен бөлісу: |