Баярыстанова э. Т


 Мектеп жұмысы жоспарының түрлерi және оған қойылатын негiзгi



Pdf көрінісі
бет27/68
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#18454
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   68
Байланысты:
Баярыстанова Э.Т. Білімдегі менеджмент негіздері

 

3. Мектеп жұмысы жоспарының түрлерi және оған қойылатын негiзгi 

талаптар 

   Мектеп 

жұмысының 

жоспарын 

дайындау 

оның 

орындалуының 



шынайылығын,  нақтылығын,  үздiксiздiгiн  қамтамасыз  ететiн  бiрқатар 

талаптарды сақтауды қажет етедi. Ол ең алдымен мақсатты бағытының талабын 

сақтауға  байланысты.  Мақсатты  бағыттылық  дегенiмiз  белгiлi  бiр  мақсатты 

қондырғы деп бағалауымыз керек. Оның мәнi  педагог және оқушылар ұжымы 

жұмысының негiзгi бағыттарын дамытып және тереңдетiп, мектеп жұмысының 

барлығы  тәжiрибесiн  есепке  алу  деген  сӛз.  Бұл  мұғалiм,  сынып  жетекшiсi, 

қоғамдық ұйымдар әрекетiне және мақсаттар қою болып табылады. 

  Жоспарластыруға  қойылатын  перспективалық  талап  бiрiншiден  мақсаттың 

жақындығы,  түсiнiктiлiгi,  қолайлылығы  сияқты  сезiмдiк  сипатын  бiлдiрсе, 

екiншiден  стратегия  ретiнде  мақсаттың  ұзақ  мерзiмдiлiгiн,  сонымен  бiрге  iске 

асыруға  болатын  шынайылығын  танытады.  Ал,  жоспарластыруға  қойылатын 

комплекстiлiк талап жоспарды түзу барысында әртүрлi құралдар, әдiс, тәсiлдер 

мен  әрекет  түрлерiн  бiртұтас  байланыста  қарастыруды  қажет  етедi.  Ендiгi  бiр 

талап  түрi  объективтiлiк.  Ол  мектеп  қызметiнiң  объективтi  жағдайын, 




41 

 

орналасқан  жерiн,  қоршаған  табиғи,  әлеуметтiк  ортасын,  педагог  және 



оқушылар ұжымының мүмкiндiктерiн ескерудi қажет етедi. 

Жоспарлауға қойылатын талаптар: 

-  іс-әрекет  құрамының  толықтығы  (мақсаттарға  қол  жеткізуге  қажетті  барлық 

іс-шаралардың мазмұнын толық кӛрсету); 

-  біртұтастық,  реттілік  (іс-шаралар  арасындағы  байланыстар  мазмұны  және 

мерзімі жағынан ӛзара келісімде болуы тиіс); 

-  ресурстық 

тепе-теңдіктің  сақталуы  (іс-шараны  орындауға  қажетті 

материалдық, қаржылық, техникалық, әдістемелік, т.б. мүмкіндіктердің болуы); 

-  бақылау мүмкіндігінің болуы (орындалу барысы туралы аралық есеп беру). 

Сонымен  қатар,  мекеме  жұмысын  жоспарлау  барысында  мынадай  принциптер 

сақталуы тиіс: 

-  ғылымилық 

–  жоспарлау  барысында  қоғамның  әлеуметтік  және 

экономикалық  даму  заңдылықтары,  оқыту  мен  тәрбиелеудің  педагогикалық-

психологиялық  заңдылықтары,  мектеп  жұмысының  ерекшеліктері  мен  даму 

тенденциясы ескерілуі тиіс; 

-  тиімділік – жоспарланған іс-шаралардың педагогикалық тұрғыдан тиімділігі, 

орындалу мүмкіндігі, мақсатқа бағыттылығы, нақтылығы; 

-  кешенділік  –  тұтас  педагогикалық  процестің  барлық  компоненттерінің 

(тәрбиелеу, оқыту, дамыту) қамтылуы. 

Мектеп  жұмысының  практикасында  жоспардың  негiзгi  үш  түрi  кең 

қолданылады: перспективалықжылдық және ағымдық

Перспективалық  жоспар  мектептi  соңғы  жылдардағы  жұмыстарына  терең 

талдау жасау негiзiнде бес жылға жасалады. 

Оның құрылымы мына сипатта болуы мүмкiн: 

1. Жоспарластырған мерзiмдегi мектептiк мiндеттерi. 

2.  Оқушылар  контингентiнiң  жылдар  бойынша  дамуы,  сыныптардың  арту 

мүмкiндiгiнiң перспективасы. 

3.  Оқу-тәрбие  процесiн  жаңалаудың,  педагогикалық  инновация  еңгiзудiң 

перспективасы. 

4. Мектептiң педагог кадрларға деген сұранымы. 

5.  Педагог  кадрлардың  бiлiктiлiгiн  арттыру  (МБЖИ,  курстар,  семинарлар, 

тренингтер және т.б.) 

6. 


Мектептiң 

материалдық-техникалық 

базасы 

мен 


оқу-әдiстемелiк 

жарақтандырылуын  дамыту  (құрылыс  жұмыстары,  ЭЕТ  және  компьютер 

жабдықтары, кiтап қорын толықтыру, кабинет безендiру). 

7.  Оқушылар  мен  мұғалiмдердi  әлеуметтiк  қорғау,  олардың  тұрмысын,  еңбек 

және демалыс жағдайын жақсарту. 

Педагогикалық  ұжымның  және  мектеп  әкімшілігінің  барлық  жұмыс 

бағыттарын қамтитын негізгі жоспарлау түрі – жылдық жұмыс жоспары.  

Ұйымның  жылдық  жұмыс  жоспарын  жасауда  білім  менеджері  мынадай 

мәселелерді ескеруі тиіс:  

-  Ұйым мақсатына қол жеткізу үшін не істеу керек? 

-  Оны қашан және қандай мерзімде істеу керек? 



42 

 

-  Орындаушы кім? 



-  Қандай ресурстар бар? 

-  Іс-шараларды орындау тәсілдері қандай? 

-  Орындаушы кімдермен қатынаста болуы керек? 

-  Іс-шараға қатысты әрекеттерді кім басқарады?  

-  Орындау барысы мен нәтижесін кім бақылауды? 

-  Міндеттердің орындалу ӛлшемдері қандай? 

   Мектептiң жұмыс жоспарын дайындау ағымдағы оқу жылында басталады да 

бiрнеше  кезеңдi  қамтиды.  Бiрiншi  кезеңде  (бiрiншi  оқу  тоқсаны)  мектеп 

директоры,  оның  орынбасарлары  дамыту  мен  бiлiм  беру,  соның  iшiнде 

жоспарластыруға  да  қатысты  теория-лық  және  әдiстемелiк,  нормативтiк  және 

нұсқау  сипатындағы  құжаттармен  танысады.  Екiншi  кезеңде  (екiншi  оқу 

тоқсаны) директордың басшылығымен жоспар, жобасы-ның құрылымын жасау, 

қажеттi  мағлұмат  кӛздерiн  тауып,  мәлiмет  жинақтайтын  бастамашыл  топ 

құрылады.  Үшiншi  кезеңде  (үшiншi  оқу  тоқсаны)  жинақталған  мәлiметтер 

талданады,  комиссия  мүшелерiнiң  есептерi  талданады,  қалыптасқан 

қиындылықтардың 

себебi 

айқындалып, 

оларды 

жоюдың 


жолдары 

қарастырылады.  Тӛртiншi  кезеңде  (тӛртiншi  тоқсанның  соңы)  жоспар  жобасы 

дайындалып,  талқыға  салынады.  Жоба  оқу  жылының  алғашқы  педкеңесiнде 

мектептiң жұмыс жоспары бекiтiледi. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет