Баярыстанова э. Т



Pdf көрінісі
бет28/68
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#18454
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   68
Байланысты:
Баярыстанова Э.Т. Білімдегі менеджмент негіздері

Мектептiң жылдық жұмыс жоспарының үлгi мазмүны 

Мектептердiң  жылдық  жоспарларының  түрлi  нұсқаларын  жинақтай  келiп, 

жоғарыда жоспарластыруға қойылған  талаптарды ескерiп, жылдық жоспардың 

мынадай үлгi жоспарын кӛрсетуге болады: 

1. Мектеп жұмысының ӛткен оқу жылының қысқаша қорытынды талдауы және 

жаңа оқу жылының мiндеттерi. 

2. Мектеп ұжымының жалпы бiлiм қорының жұмысын атқаруы. 

Жұмыс  жоспарының  бұл  бӛлiгiнде  мектеп  мӛлтек  ауданы  анықталады,  нақты 

мектептанту  мүмкiндiгi  ескерiледi.  Мектеп  оқушылардың  жалпы  орта  бiлiм 

алуына  бағытталған  шараларды  жоспарластырады.  ҚР  ''Бiлiм  туралы''  заңның 

баптарының орындалуын басшылыққа алады, ата-анасы жоқ, қамқорлыққа зәру 

балаларға  материалдық кӛмек  ұйымдастырады.  Бұл  жоспар  бойынша  баланың 

құқын  қорғау,  оларды  үйде  оқыту,  тәрбиесi  қиын  оқушыларға  кӛмек  кӛрсету 

мәселелерi  де  қамтылады.  Педұжым  мен  ата-аналардың  жұмыс  жоспарында 

балалардың  дербес-шығармашылық  дамуына  жағдай  жасау  да  қарастырылуы 

тиiс. 


3. Педагогикалық ұжымның оқу-тәрбие процесiнiң сапасын кӛтеру қызметi 

Оқушы  мен  мұғалiм  қызметiнiң  барлық  саласын  қамтитын  болғандықтан 

жоспардың  бұл  бӛлiмiнiң  кӛлемi  барынша  мол  болады.  Бұл,  әсiресе,  бiлiмнiң, 

дағдының  iскерлiктiң  сапасын  қамтамасыз  ету,  ол  үшiн  оқу  процесiн 

ұйымдастырудың  жаңа  түрлерiн  қолдану,  оқытуды  дербестендiру  және  жiктеу 

болып табылады. Сыныптан тыс және сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, 

оқушы  тұлғасының  мәдени  базасын  қалыптастырудағы  мектеп  қызметiнiң 

алуан түрлiлiгi оқушылардың ӛзiн-ӛзi басқаруын дамыту, балалардың қоғамдық 




43 

 

ұйымдарын  қолдаудың  «Бала  құқықтары  туралы»  БҰҰ  Конвенциясына 



сәйкестiгi. 

4. Мектептiң, отбасының, қоғамдық ұйымдар мен еңбек ұжымының оқушылар 

тәрбиесiндегi  бiрлескен  жұмыстары.  Мектептiң  ата-аналардың  педагогикалық 

бiлiмiн кӛтерудегi  жұмыстары.  Бұл  жұмыстың  мазмұны  отбасы  мен  қоғамдық 

орталық  бiрлескен  әрекетiндегi  мектептiң  ұйымдастырушы  орталық  ретiндегi 

рӛлiн  нығайтуға  бағытталады.  Ол  мазмұнға  ата-аналар  ұжымы  мен  мектеп 

кеңесiнiң 

жұмысы, 


педагогикалық 

лекторийлер, 

жалпы 

мектептiк 



педагогикалық конференция, педагогикалық университет сабақтары, ата-аналар 

үшiн  ашық  есiк  күндерi  енедi.  Ата-аналарды  үйiрме,  секция,  студия  және  т.б. 

қоғамдық  жұмыстарды  жетекшiсi  ретiнде  оқушылардың  тәрбие  жұмыстарына 

тарту,  сол  сияқты  ата-аналармен  дербес  жұмыс  жүргiзу  де  осы  бағыттың 

мазмұнын құрайды. 

5.  Педагог  кадрлармен  жұмыс.  Педагог  кадрларды  аттестациялау,  олардың 

кәсiптiк  дайындығының  деңгейiне  баға  беруде  информатика  мен  ЭЕТ 

құралдарын  пайдалану,  мектеп  ұжымының  жалпы  мектептiк  ғылыми-

әдiстемелiк  мәселелермен  -  семинар,  конференция,  педоқу,  әдiстемелiк  кеңес 

отырыстары,  педагогикалық  кеңес  ӛткiзу.  Озық  педагогикалық  тәжiрибе 

мектебiнiң  жұмысын  жолға  қою.  Пән  мұғалiмдерi  мен  сынып  жетекшiлерiнiң 

әдiстемелiк  бiрлестiктерi  қызметiнiң  мазмұнын  айқындау.  Педагогикалық 

тәжiрибенi  зерттеу,  жинақтау  және  таратуға  басшылық  жасау.  Мектепте 

инновациялық  орта  қалыптастыру,  педагогикалық  инновацияны  бағалау  және 

енгiзу. 

6. Мектепiшiлiк бақылау жүйесi. Бұл тарауда бақылауға байланысты арнайы iс-

әрекет бағдарламасы қарастырылады. 

7.  Мектептiң  оқу-материалдық  базасын  нығайту  мектептiң  материалдық 

құндылықтары,  оқытудың  техникалық  құралдары,  оқу  құралдарын  түгендеп 

отыру  жыл  бойына  жоспарластырылады.  Оқу  кабинеттерiн  безендiру  және 

қайта  жабдықтау.  Ұзартылған  күн  тобы  мен  6  жасар  балалармен  жүргiзiлетiн 

сабақ  жұмыстарын  жетiлдiру.  Спорт,  туризм,  техникалық  шығармашылықпен 

айналысудың 

материалдық-техникалық 

базасын 

нығайту. 

Мектеп 

кiтапханасының  қорын  толықтыру.  Мектептi  ағымдағы  және  күрделi 

жӛндеуден ӛткiзудiң бағдарламасы. 

8.  Ұйымдық-педагогикалық  iс-шаралар.  Жоспардың  бұл  бӛлiмiнде  мектеп 

кеңесi отырысының, педагогикалық кеңестiң,ӛндiрiстiк жиынның тақырыптары 

жазылады.  Мектеп  басшылары  арасында  мiндет  бӛлiсiледi,  мектептiң бiртұтас 

жұмыс  тәртiбi,  кезекшiлiк  кестесi  анықталады,  оқу  жүктемесi,  сынып 

жетекшiлiгi, кабинет меңгерушiлiгi және т.б. бӛлiнiп берiледi. 

  Ағымдағы  жоспар  жалпы  мектептiк  жоспарды  нақтылау  үшiн  оқу 

тоқсанында жасалады. Оларға сабақ кестесі, мектепішілік бақылау жұмысының 

жоспары,  күнтізбелік-тақырыптық  жоспарлар,  орындалу  мерзімі  бір  айдан 

артық  іс-шаралардың  жоспары  (ҰБТ-ға,  МАБ-қа  дайындық,  т.б.);  сабақ 

жоспарлары жатады. 



44 

 

  Осылайша  жоспарлардың  негiзгi  түрлерi  педагог,  оқушы  және  ата-аналар 



ұжымдарының  әрекетiн  үйлестiруге  мүмкiндiк  бередi.  Бұл  жоспарлар 

мұғалiмдер  мен  сынып  жетекшiлерiнiң  жұмысы  үшiн  стратегиялық  жоспар 

болып  табылады.  Бiртұтас  басқару  циклында  жоспарластыру  қызметiн  iске 

асыру мектеп қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттырады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет