Баярыстанова э. Т


 Мектепiшiлiк бақылаудың құрылымы, түрлерi және әдiстерi



Pdf көрінісі
бет32/68
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#18454
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   68
Байланысты:
Баярыстанова Э.Т. Білімдегі менеджмент негіздері

2. Мектепiшiлiк бақылаудың құрылымы, түрлерi және әдiстерi 

  Қазiргi  кезде  мектепiшiлiк  бақылаудың  құрылымы,  түрлерi  мен  әдiстерiн 

жiктеу мәселесi пiкiрталас деңгейiнде қалып отыр. М. Л. Портновтың «Мектеп 

басшысының  еңбегi»  деп  аталатын  кiтабында  тексерудiң  үш  түрiн  бӛлiп 

кӛрсетедi: алдын-ала, ағымдағы, қорытынды:  

-  алдын-ала бақылау  – белгілі бір процедуралар, ережелер  түрінде  жүргізіледі 

(сабақ  жоспарын,  материалдарын  қарау,  сабақ  түсіндіру,  оны  бекіту  тәсілдеру 

туралы әңгімелесу); 

-  ағымдық  бақылау  –  нақтылы  жұмыс  барысында  жүргізіледі  (сабаққа, 

сабақтан тыс жұмыстарға қатысу); 

-  қорытынды  –  белгілі  бір  уақытқа  созылған  жұмыс  аяқталғанда  жүргізіледі 




48 

 

(тоқсан, жыл соңында); 



Ал Н. А. Шубин түр мен әдiстi бiрге топтастыра отырып былайша үйлестiредi: 

алдын-ала 

шолу, 

дербес, 


тақырыптық, 

жан-жақты 

және 

топтық, 


жинақтаушылық. 

  Педагог-теоретиктер  мен  практиктердiң  арасында  Т.  И.  Шамова  ұсынған 

мектепiшiлiк бақылаудың құрылымы мен түрлерi кең қолдау тапты. Ол жiктеу 

құрылымдық  жағынан  тыңғылықты,  қисынды,  практика-лық  қолданымға 

қолайлы  және  ең  бастысы  бақылаудың  құрылымы  мен  түрлерi  тұтас 

педагогикалық процесстiң табиғатына толық жауап бере алады. 

 Ол ұсынған тексерудiң түрi - жан-жақты және тақырыптық болып бӛлiнедi. 

 Тақырыптық тексеру – педагогикалық ұжымның мұғалiмдер тобының немесе 

жекелеген  мұғалiмнiң  қызмет  жүйесiндегi  белгiлi  бiр  нақты  мәселенi 

(мұғалімдердің  жұмыс  сапасы,  инновациялық  технологияларды  енгізу 

процесі)тереңдей  зерттеуге  бағытталып,  бүкіл  оқу  жылы  бойында  жүргізіледі 

Тақырыптық  тексерудiң  мазмұны  педагогикалық  процестiң  түрлi  бағыттары, 

жекелеген мәселелердi қамтығанымен ол терең және мақсатты зерттеледi.   

Жан-жақты  тексеру  -  педагогикалық  ұжымның,  әдiстемелiк  бiрлестiктiң 

немесе жекелеген мұғалiмнiң қызметiн жан-жақты тексеруге бағытталады. Кӛп 

еңбек  сiңiрудi  және  тексеруге  кӛп  адам  тартуды  қажет  ететiндiктен  жаппай 

тексерудi  жылына  екi-үш  рет  қана  жүргiзу  тиiмдi.  Жекелеген  мұғалiмнiң 

қызметiне  жан-жақты  тексеру  жүргiзгенде,  мысалы,  аттестациялау  барысында 

оның жұмысының барлық бағыттары - оқу, тәрбие, қоғамдық-саяси, басшылық 

әрекеттерi түгел зерттеледi. Ал мектептi жан-жақты тексеру кезiнде бiлiм беру 

мекемесiне  тән  қызметтiң  барлық аспектiлерi  қамтылады,  ол  жалпы  бiлм  беру 

заңын,  бiлiм  беру  процессiн  ұйымдастыру,  ата-аналармен  жұмыс,  қаржы-

шаруашылық қызметi және т.б. 

  Тексеру  кiмнiң  жүргiзетiндiгi  және  ненi  тексеретiндiгiне  байланысты 

мынадай түрлерге бӛлiнедi: 



Дербес  тексеру  -  жекелеген  мұғалiм,  сынып  жетекшiсi,  тәрбиешiлiк  жұмысын 

қамтиды.  Ол  тақырыптық  та,  жан-жақты  да  болуы  мүмкiн.  Педагогтар 

ұжымының  жұмысы  оның  жекелеген  мүшелерiнiң  жұмысынан  құралатындық-

тан  дербес  тексеру  ӛзiн-ӛзi  ақтайды.  Мұғалiм  қызметiнде  дербес  тексеру 

педагогтың  ӛзiн-ӛзi  басқару  құралы,  кәсiпқой  болып  қалыптасуының  стимулы 

ретiнде аса маңызды. 



Сыныптық-жинақтаушылық тексеру  оқу  және  оқудан  тыс  әрекет  процесiнде 

сынып  ұжымын  қалыптастыруға  ықпал  жасайтын  факторлар  жиынтығын 

зерттеуде  қолданылады.  Тексеру  түрлерiнiң  арттарында  «жинақ-таушылық» 

ұғымының жиi қайталануы педагогикалық процестi басқаруға бақылау- тексеру 

қызметiнiң  дәлелдi,  әдiл,  жинақтаушы  ақпаратпен  қамтамасыз  етумен 

байланысты.  ӛйткенi,  осындай  ақпарат  педагогикалық  талдау,  мақсат  қою, 

шешiм қабылдау және оны iске асыру кезеңiнде қажеттi шынайы ақпарат алуды 

қамтамасыз етедi. 

  Педагогикалық  бақылау  барысында  мектеп  құжаттарын  зерттеу,  бақылау, 

әңгiмелесу,  ауызша  және  жазбаша  тексеру,  анкеталау,  озық  педагогикалық 




49 

 

тәжiрибенi  зерттеу,  хронометрия,  болжамдау  сияқты  әдiстер  де  қолданылады. 



Бұл  әдiстер  бiрiн-бiрi  толықтырып  отырады.  Егер  iстiң  шынайы  жағдайын 

бiлгiмiз келсе, онда мүмкiндiгiнше түрлi әдiстерiн қолданып кӛру қажет. 

Оқу-тәрбие процесiнiң сандық және сапалық сипаттамасын жасау үшiн мектеп 

құжаттарын  зерттеу  әдiсiн  қолдануға  болады.  Мектептiң  оқу-педагогикалық 

құжаттары  мыналар:  оқушылардың  алфавиттiк  тiркеу  кiтабы,  оқушылардың 

жеке  iс  қағаздары,  сынып  журналдары,  факультативтiк  сабақ  құралдары, 

ұзартылған  күн  тобының  жорналы,  бiлiм  туралы  аттестат  беру  және 

бланкыларды  есепке  алу  кiтабы,  педагогикалық  кеңестiң  және  мектеп  кеңесi 

мәжiлiсiнiң хаттамалар кiтабы, оқушылар қозғалысының бұйрық кiтабы, жалпы 

мектептiк  бұйрық  кiтабы,  мектеп  педагог  кадрларының  есеп  беру  кiтабы  және 

т.б. 

  Мектеп  құжаттарының  қатары  аса  мол,  ал  олардан  алынатын  ақпараттар  да 



сан-салалы,  мазмұны  бай  болып  келедi.  Мектеп  құжаттары  бiрнеше  жылдық 

ақпараттарын  жинақтайды,  қажет  болған  жағдайда  мұрағаттың  кӛмегiне 

сүйенуге  болады.  Осылайша  жинақталған  ақпарат  салыстырмалы  талдау 

жасауға, әсiресе педагогикалық әрекеттi болжамдауға мүмкiндiк бередi. 

Мектеп  практикасында  ауызша  және  жазбаша  тексеру  барынша  жиi 

қолданылады.  Қолдануға  жеңiл  әрi  оңай  болғанымен  тексерудiң  тек  осы 

түрiмен шектелiп қалуға болмайды. 

  Сонымен бiрге мектеп практикасында ақпарат жинаудың  әлеуметтік әдiстерi 

-  анкеталау,  сұрау  салу,  интервью  алу,  әңгiмелесу,  эксперименттiк  бағалау  да 

қолданылады. Олар тексерушiге қажеттi ақпаратты тез алуға мүмкiндiк бередi. 



Хронометриялық әдiс мектептiң жұмыс тәртiбiн, сабақ және сыныптан тыс оқу 

уақытын  тиiмдi  ұйымдастыру,  оқушылар  мен  мұғалiмдердiң  жұмыс 

бастылығын,  оның  сабағын,  үй  тапсырмасының  кӛлемiн,  оқу  жылдам-дығын 

анықтауға қолданылады. 

  Мектепiшiлiк тексерудiң түрi мен әдiстерiн таңдау оның мақсаты, мiндеттерi, 

тексеру  нысаны,  уақыт  жағдайына  тiкелей  байланысты.  Ал  тексерудiң түрлерi 

мен  әдiстерiн  тиiмдi  етiп  қолдану  жоспарлауға  және  тексеруге  әкiмшiлiк, 

мұғалiмдер,  бiлiм  берудi  басқару  органдарының  ӛкiлдерiн  кеңiнен  тарта 

отырып iске асырғанда нәтижелi болады. 

  Тиімді  бақылаудың  принциптеріне  жүйелілік  пен  жан-жақтылық  және 

мақсаттылық  жатады.  Бақылау  барысында  тек  кемшіліктерді  ашып  қана 

қоймай, оларды жою шараларын да қарастыру қажет. 

Бақылауды  жүзеге  асыруға  басшы  тікелей  жауап  береді.  Сондықтан  бақылай 

білудің  маңызы  зор.  Кейде  жӛн-жосықсыз  бақылау  салдарынан  біреудің 

жұмысына  килігу,  наразылық  туғызу  кездеседі.  Бақылау  барысында  мұндай 

қателіктерге  жол  бермеу  үшін,  білім  менеджері  мынадай  қағидаларды    есте 

сақтауы қажет: 

- бақылау қақтығысқа әкелмеуі тиіс; 

- жаппай бақылау ұқыпсыздыққа ұшыратады; 

- жасырын бақылау реніш тудырады; 

- сенбегенің үшін бақылауға болмайды; 



50 

 

- бақылау сырт кӛзге кӛріну үшін істелмейді; 



- бақылау қорытындыларын іште сақтама. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет