Басқару теориясы - ғылыми пән, оның объектiсi -тәрбиелiк жүйенi басқару
процесi, пәнi - басқару процесiнiң қарама-қайшылықтары, заңдылықтары,
қатынастары; оның дамуын қамтамасыз ететiн жағдайлары, одан келiп тәрбие
жүйелерiнiң ӛмiршеңдiгi және дамуы болады.
Басқарудың демократиялық стилi - демократиялық централизм
принципiне, басқарушылардың пiкiрiн есепке алуға негiзделiнген басқарудың
iс-әрекетiнiң стилiнiң типi.
Басқарудың либералдық стилi - бассыздық, бетiмен жiберушілік. Мұғалiм
ұжым ӛмiрiне араласпауға тырысады, белсендiлiк танытпайды, мәселелердi
формальды қарастырады, болып жатқан жағдайларға жауапты болмауға
тырысады, беделi жоқ.
Басқарудың авторитарлық стилi - негiзінен жетекшiнiң беделiне негiзделген
басқару iс-әрекетiнiң стилiнiң типi. Егерде басқару негiзiнен ерiктiк тәсiлдерiне
сүйенсе, онда басқарудың авторитарлық стилi әмiршiлікке, билеп-тӛстеуге
ауысып, ӛктемдiлiктi тым артық пайдалануда кӛрiнiсiн табады.
Бедел (авторитет) аuсtоritas /лат.-билiк. ықпал/ - жеке адамның немесе топтың
белгiлі бiр белгiлерi, еңбегi арқылы жалпы қабылданған әсерi, ықпалы,
мәндiлiгi. Әлеуметтiк дәрежесiне қарай шынайы және жалған бедел деп бӛледi.
Достарыңызбен бөлісу: |