Редактор: Закия Махитжанқызы



Pdf көрінісі
бет226/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   293
Байланысты:
Үлгілі мінез-құлқы

ИЛӘҺИ МЕйІРІМ –

ҚАСИЕТТІ  РАМАЗАН

Ислам  бауырластығын  іске  асыру  мәселесінде 

Рамазан  күндері  ерекше  нығмет.  Иләһи  мейірімнің 

асып-тасыған  қасиетті  айда  бауырластық  міндеттерін 

орындауда үлкен сезімталдық көрсету қажет.

Адамдардың  ең  жомарты  Хазіреті  Пайғамбар 

r

  қасиетті  Рамазанда  еш  кедергісіз  жанға  жағымды 



мейірім желдерінен де жомарт болып, барлық құлшылық 

пен жақсылықтарын арттыратын. Өзінен:

«Сауап  жағынан  қай  садақа  үлкенірек?»  –  деп  сұ-

ралғанда:



«Рамазанда  берілген  садақа...»  –  деген 

(Термези, 

Зекет, 28/663)

.

Өйткені  Рамазан  айы  барлық  жақсылықтар  еселе-



ген сауаппен марапатталатын иләһи сый маусымы. Ішін-

де мың айдан да қайырлы Қадір түні бар қасиетті Рама-

занды  лайығымен  ұстанғандар  сансыз  нығметтерге  қол 

жеткізеді. Оған мән бермегендер алпауыт мақрұмдыққа 

душар болады.

Расында  Хазіреті  Пайғамбар 

r

  бір  хадисінде 



былай дейді:

«...  Маған  Жәбірейіл  көрінді:  "Рамазанға  жетіп, 

күнәлары  кешірілмеген  адам  мейірімнен  алыс  бол-

сын!"  –  деді.  Мен  де:  «Әмин»  дедім...» 

(Хаким,  ІV, 

170/7256; Термези, Дәауат, 100/3545)

.

БАУЫРЛАСТЫҚТЫ  ЖАНДАНДЫРУ




340

Тасқа  немесе  теңізге  жауған  көктем  жаңбырының 

ешқандай  пайдасы  жоқ  болса,  қасиетті  Рамазанның  ақи-

қатына жете білу үшін де ол айға тән кешірім жаңбыр-

ларынан  әсем  түрде  пайдалану  қажет.  Қасиетті  Рама-

занды  бір  жыл  бойы  жоғалтқанымызды  толықтырып, 

қателіктеріміздің кәффәратын өтеу мүмкіндігі деп біліп, 

ынта  мен  қайраттылықпен  оның  мейірім  мен  кешірім 

бөлімінен үлес алуға тырысуымыз қажет.

Аталарымыз  бұл  мәселеде  де  бізге  айрықша  есте-

ліктер қалдырып кеткен. Әсіресе осы айда көшелеріндегі 

әлсіз,  ешкімі  жоқ  жетім-жесір,  кедейлерге  үйлері  мен 

көңілдерін  ашатын,  аузы  беріктерге  ауызашар  беріп, 

ерекше сыпайылықтармен қошемет көрсетіп, сый үстіне 

сый  ететін.  Мешіт  ауласында  тарауихтан  шыққандар-

ға  ең  сапалы  балдан  жасалған  шәрбеттер  ұсынған. 

Зекет,  пітір-садақаларымен  жабырқаулы  көңілдердің 

жұбанышы,  мұңды  көңілдердің  дертіне  ортақ  болған. 

Айт мерекелерін де ренжіскендерді татуластыруға мүм-

кіндік  білген.  Осылай  қоғамның  барлық  сатыларын 

бір-біріне  бауырластық  пен  сүйіспеншілік  сезімдерімен 

байланыстырған.

Бұл  Ислами  көркемдіктермен  қасиетті  Рамазанды 

тиімді  өткізіп,  ақыры  иләһи  кешірім  құжатын  алып, 

ақиқи  айт  мерекесіне  жете  білгендер  қандай  бақытты! 

Әр кешін Қадір, әр көргенін Қыдыр ата деп біліп, бұл 

мәңгілік  табыс  мүмкіндігін  жіберіп  алмағандар  қандай 

бақытты!


ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ


341



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет