пен жақсылықтарын арттыратын. Өзінен:
340
Тасқа немесе теңізге жауған көктем жаңбырының
ешқандай пайдасы жоқ болса, қасиетті Рамазанның ақи-
қатына жете білу үшін де ол айға тән кешірім жаңбыр-
ларынан әсем түрде пайдалану қажет. Қасиетті Рама-
занды бір жыл бойы жоғалтқанымызды толықтырып,
қателіктеріміздің кәффәратын өтеу мүмкіндігі деп біліп,
ынта мен қайраттылықпен оның мейірім мен кешірім
бөлімінен үлес алуға тырысуымыз қажет.
Аталарымыз бұл мәселеде де бізге айрықша есте-
ліктер қалдырып кеткен. Әсіресе осы айда көшелеріндегі
әлсіз, ешкімі жоқ жетім-жесір, кедейлерге үйлері мен
көңілдерін ашатын, аузы беріктерге ауызашар беріп,
ерекше сыпайылықтармен қошемет көрсетіп, сый үстіне
сый ететін. Мешіт ауласында тарауихтан шыққандар-
ға ең сапалы балдан жасалған шәрбеттер ұсынған.
Зекет, пітір-садақаларымен жабырқаулы көңілдердің
жұбанышы, мұңды көңілдердің дертіне ортақ болған.
Айт мерекелерін де ренжіскендерді татуластыруға мүм-
кіндік білген. Осылай қоғамның барлық сатыларын
бір-біріне бауырластық пен сүйіспеншілік сезімдерімен
байланыстырған.
Бұл Ислами көркемдіктермен қасиетті Рамазанды
тиімді өткізіп, ақыры иләһи кешірім құжатын алып,
ақиқи айт мерекесіне жете білгендер қандай бақытты!
Әр кешін Қадір, әр көргенін Қыдыр ата деп біліп, бұл
мәңгілік табыс мүмкіндігін жіберіп алмағандар қандай
бақытты!
ХАҚ ДОСТАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІ
МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ