Практикум «Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманың баптаушысы»



Pdf көрінісі
бет78/198
Дата07.01.2022
өлшемі5,83 Mb.
#18708
түріПрактикум
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   198
Байланысты:
Каз. Чащина Обслуживание аппаратного обеспечения Практикум

 
 
Шамдардың қорларын үнемдеу 
 
LCD-мониторларында  қолданылатын  флуоресцентті  шамдар 
(англ. Liquid Grystal Display – сұйық  кристалды  дисплей), 30 
000...50 000 ж  атқарым  ресурсына  ие.  Мəлімденген  қор  бұл 
жағдайда  көрсетілген  мерзімнің  соңына  қарай 50 %-ға  төмендеуді 
білдіреді.  Сонымен  бірге,  катод  бөлшектерінің  шөгуінен  əдетте 
спектрдің өзгеруі (сарылану) мен туба ұштарының қараюы болады. 
Бұл ақ  фонның біраз  сарғыштануы  мен экранның жиектері  немесе 
бұрыштарының  қараюымен  білінеді.  Бұл  қор  аса  елеулі,  есептеуге 
оңай, 30 000 ж – бұл 8 сағат бойы шамамен 10 жылдық күнделікті 
жұмыс.  Осындай  мерізім  ішінде  көбі  мониторды  бірнеше  рет 
ауыстырады. Сонымен бірге, шамды ауыстыру, кез келген сервист 
орталығында  немесе  тіпті  белгілі  дағдылар  болғанда  өз  бетінше 
жүзеге  асырылатын,  əбден  қарапайым  операция  болып  табылады. 
Мониторларға  арналған  əртүрлі LCD-панелдер,  өлшемі  мен 
өндірушісіне  байланысты,  екіден  бастап  он  екі  шамға  дейін  ие 
болады.  Шамдарының  саны  көп  панельдерде  шамдардың  құны 
ауыстыру құнымен есептегенде бірнеше мың рубльді құрайды, бұл 
ескіріп кеткен монитор үшін тиімсіз болады. 
Егер  сіздің  компьютеріңіз  тəулік  бойы  жұмыс  істеп  тұратын 
болса  немесе  жиі  түнгіге  қосылып  қалатын  болса  (мысалы 
желілерден  файлдарды  жүктеу  үшін),  онда  баптауларда  дисплейді 
сөндіруді  қолдану  мəнді  болады.  Аса  аз  уақыт  орнатудың  қажеті 
жоқ,  əйтпесе  монитор  жұмыстағы  кішігірім  үзілістерде  ұйқыға 
кететін  болады.  Егер  жұмыс  кезінде  айтарлықтай  үзілістер 
болмаған жағдайда, дисплейді сөндірудің мəні жоқ. 
 


82 
Монитордың  экранында  ұзақ  уақыт  бойы  бір  статикалық 
суреттің  болуында  қалдықты  бейнелеудің  əсері  мүмкін (image 
sticking). 
Экранда  сол  суреттің  сəл  «елесті»  ізі  қалатынында.  Қалдықты 
бейне əсері қайтымды болып табылады, «ізді» жою үшін мониторды 
ұзақ уақытқа сөндіру қажет. Осындай əсерге негізінде IPS (in-plane 
switcling)-панелдегі  мониторлар  ұшырайды.  Бір  модельдің  əртүрлі 
даналарында бұл əсер əртүрлі болуы мүмкін: бірнеше сағаттан кейін 
пайда болуынан толық жойылуына дейін. Қалдықты бейненің пайда 
болуын болдырмас үшін скрин-сэйверді қолдану ұсынылады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет