Кез келген құрылғы күтімді қажет етеді, тиісінше мониторға да
күтім қажет. Диплейдің зақымдануы алдын алу мақсатында, СК-
панельге шамадан тыс күш салмаңдар. Тазартудың алдында
мониторды электр розеткасынан ажыратыңдар. Тазартуды ылғалды
матмен жасау қажет. Экранды сөндірілген күйінде құрғақ матамен
сүртуге болады. Ешқашан органикалық ерітінділерді, мысалы спирт
немесе мониторды тазалауға арналған құрамында аммиагы бар
сұйықтықтарды қолданбаңдар. СК-мониторларға арналған арнайы
сүлгілер мен сұйықтықтарды қолданыңдар. Егер монитор ылғалды
болса, онда жылдам құрғақ матамен сүртіп жіберіңдер. Егер
мониторға бөгде зат немесе су тисе, дереу қуат көзін жəне қуат
шнурын ажыратыңдар. Содан кейін бөгде затты немесе суды сүртіп
алып мониторды сервис орталығына апарыңдар.
Монитордың ең үздік пайдалану сипаттамаларын ұстау жəне
пайдалану мерізімін ұзарту мақсатында келесі талаптарға сəйкес
келетін бөлмеде қолданындар: температура 0...40°C жəне
салыстырмалы ылғалдылығы 20...80%.